|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 401 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысымен күші жойылды
Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшін авиабағыттарға конкурс өткізу және куәліктер беру рәсімін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшін авиабағыттарға конкурс өткізу және куәліктер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 401 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 10, 100-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсету үшін авиабағыттарға конкурс өткізу және куәліктер беру ережесінде: 5-тараудың атауындағы 6, 7, 22, 23, 24, 25, 26-тармақтағы «жеңімпаз», «жеңімпазы», «жеңімпазды», «жеңімпазын», «жеңімпазының», «жеңімпазына», «жеңімпазынан» деген сөздер тиісінше «жеңімпаз (жеңімпаздар)», «жеңімпазы (жеңімпаздары)», «жеңімпазды (жеңімпаздарды)», «жеңімпазын (жеңімпаздарын)», «жеңімпазының (жеңімпаздарының)», «жеңімпазына (жеңімпаздарына)», «жеңімпазынан (жеңімпаздарынан)»деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Егер конкурсқа шығарылатын бір авиабағыт (авиабағыттар пакеті) бойынша осы Ережеде белгіленген біліктік талаптарына жауап беретін және осы Ереженің 13-тармағында көзделген конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған кемінде екі конкурсқа қатысушы өтінім берсе, конкурс өтті деп танылады.»; 11-тармақтың 4) тармақшасы «өзгертілген» деген сөзден кейін «немесе тоқтатылған» деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Халықаралық тұрақты рейстерді орындау үшін авиакомпанияның 11-тармақта көрсетілген талаптарға қосымша Халықаралық әуе көлігінің қауымдастығы (ИАТА) берген коды болуы тиіс.»; мемлекеттік тілдегі мәтінінде 8) тармақша мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «8) халықаралық бағыттар үшін ИКАО-да авиакомпанияның тіркелгені туралы куәліктердің және ИАТА-да берілген кодты алғаны туралы жазбаша растамалардың көшірмелері;"; 9) тармақша»(тасымалдау құжаттарының үлгілері)»деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) бір ай ішінде авиабағыт бойынша ұсынылатын кестеге сәйкес жоспарланатын жүктемені ескере отырып, ұшуларды орындауға арналған шығыстардың есептемелері;"; 12) тармақша алынып тасталсын; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) заңды тұлғаның тіркелуі орны бойынша салық органы қабылдаған соңғы бухгалтерлiк теңгерiмнiң көшiрмелерi;"; 15) тармақша «қысқа мерзiмдi» деген сөздердiң алдынан «бөлек» деген сөзбен толықтырылсын; 14-тармақтағы «берiледi» деген сөз «тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен берiледi және соңғы бетi заңды тұлғаның мөрiмен расталады.»деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Конкурс осы Ереженiң 25-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жылына бiр рет күзгi-қысқы навигация басталғанға дейiн (қазанның соңғы жексенбiсi) алдын ала жүргiзiледi. Уәкiлеттi орган конкурс өткізу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн комиссия конкурсқа ықтимал қатысушыларды жазбаша хабардар ету жолымен немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы конкурс өткізiлгенге дейiн 30 күнтiзбелiк күннен (конкурсты қайта өткізу жағдайында - 15 күнтiзбелiк күннен) кешiктiрмей конкурстың негiзгi шарттарын және оның өткiзiлу мерзiмдерiн жариялайды.»; 17-тармақ «пакетiн» деген сөзден кейiн», сондай-ақ ашық конкурсты өткізу тәртібі туралы нұсқаулықты, қызметiнiң қаржылық нәтижелерiнiң бағалауын, ұшулардың қауiпсiздiк жағдайы мен әуе кемелерiнiң паркiн, уәкiлеттi органның бұйрығымен бекітілетiн ұсынылған конкурстық ұсыныстарды және бiр авиабағыттағы жеңiмпазды немесе бiрнеше жеңiмпазды анықтауды» деген сөздермен толықтырылсын; 19-тармақтағы «күн» деген сөз «жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Бiлiктiлiк талаптарына сай емес және/немесе осы Ереженiң 13-тармағында көзделген құжаттарды түгел ұсынбаған қатысушылардың өтiнiмдерiнен конкурстық комиссия бас тартады, оларды бағаламайды және салыстырмайды.»; 21-тармақтағы «барлық қажеттi құжаттарды бермегендiгi немесе біліктiлiк талаптарына сай еместiгi үшiн» деген сөздер алынып тасталсын; алтыншы абзацтағы «күннен» деген сөз «жұмыс күнiнен» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Осы Ереженiң 13-тармағының тiзбесiне сәйкес, бiрақ оларды ресiмдеуге қойылатын талаптар ескерiлмей құжаттары ұсынылған қатысушы конкурс жеңімпазы деп таныла алмайды»; «үш күн» деген сөздер «он күн» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын; «Конкурс жеңiмпазынан кейін конкурстық ұсыныстары жақсы деп танылған конкурсқа қатысушы уәкiлеттi органмен келісім жасаудан бас тартқан жағдайда, конкурстық комиссия конкурс өткізiлмедi деп таниды.»; мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын: «25-1. Егер конкурстық комиссия конкурсты өткiзiлмедi деп таныса, бұрын өткізiлген конкурс кезiнде конкурстық комиссия біліктілiк талаптарына сай келетін немесе осы Ереженiң 13-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған екеуден аз конкурсқа қатысушылардың өтiнiмдерi ұсынылған авиабағыттарға қайта конкурс өткізу туралы жариялайды. Қайталама конкурс кезiнде, егер бiр авиабағыт (авиабағыттар пакетi) бойынша бiліктілiк талаптарына сай келетiн және осы Ереженiң 13-тармағында көзделген құжаттарды ұсынған конкурсқа қатысушылардың екеуден аз өтiнiшi берілсе, конкурстық комиссияның шешiмi бойынша конкурс өткiзiлдi деп танылуы мүмкін. Қайтадан конкурс өткізу кезiнде конкурстық комиссия авиабағыттар пакетін өзгертуi мүмкiн, бiрақ конкурсқа шығарылатын авиабағыттар тiзбесі өзгермейдi.; 29-тармақ «45» және «15» деген сандардан кейiн «күнтізбелiк» деген сөзбен толықтырылсын; 30-тармақ «14» деген сандардан кейiн «күнтiзбелiк» деген сөзбен толықтырылсын; «жалпы» деген сөз алынып тасталсын; «жобасын» деген сөздiң алдынан «кестесiнiң» деген сөзбен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |