|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Республикалық және жергiлікті бюджеттердiң қаражаты есебiнен шетелдiк іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 7, 75-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн: 1) 1-тармақта: 1) тармақшадағы " - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрi," деген сөздер алып тасталсын: 2) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілiсi Төрағасының орынбасары," деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақшада: екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісi Төрағасының орынбасары," деген сөздермен толықтырылсын; үшiнші абзацтағы "облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнің орынбасарлары" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары" деген сөздермен толықтырылсын; бесiншi абзацта: "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiмен," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлісiнiң Төрағасымен," деген сөздермен толықтырылсын; " - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі," деген сөздер алынып тасталсын; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "2) шетелге қысқа мерзiмдi iссапарларда жүрген қызметкерлердiң және бiрге жүретiн адамдардың тәулiктiк шығыстарын өтеу нормалары: АҚШ, Канада, Жапония, ҚXP, 80 АҚШ доллары; Батыс және Шығыс Еуропа елдерi бойынша Сингапур, Оңтүстiк Корея, Малазия, Израиль, 70 АҚШ доллары; Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Таиланд, БАӘ, OAP, Филиппин елдерi бойынша басқа елдер бойынша 60 АҚШ доллары; ТМД елдерi бойынша 50 АҚШ доллары". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |