|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға арналған қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) тақырыбындағы "қаражат" деген сөз "мемлекеттік бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) кiрiспедегі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығының" деген сөздермен ауыстырылсын, "және 4-1-тармағына" деген сөздер алынып тасталсын; 3) 1-тармақтағы "қаражат" деген сөз "мемлекеттік бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) көрсетiлген қаулымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға арналған қаражат есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесінде: тақырыбындағы "қаражат" деген сөз "мемлекеттік бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына сәйкес лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн қызметкерлердi көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауда Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi және олардың еңбегiне ақы төлеу Жарлықтың негiзiнде жүргiзiлетiн, мемлекеттік бюджеттің есебiнен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне қолданылады."; 1-1, 14-тармақтарда, 13-тармақтың 1), 2) тармақшаларында "қаражат", "қаржы", "қаражаттың" деген сөздер тиiсiнше "мемлекеттік бюджет қаражаты", "мемлекеттік бюджет қаражатын", "мемлекеттік бюджет қаражатының" деген сөздермен ауыстырылсын, 12-тармақта "үстемақылар белгiлеуге" деген сөздерден кейiн "мемлекеттік бюджет қаражатын бөлу" деген сөздермен толықтырылсын; 5) Мемлекеттік органдар орталық аппараттарының мемлекеттік әкiмшілік қызметшiлерiне бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген қаражат есебiнен сыйлықақы төлеу тәртібінде: тақырыбындағы "қаражат" деген сөз "мемлекеттік бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |