"Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 Қазақстанда тұрғын үй секторының нарық қатынастарына көшкені белгілі, сондықтан несиелеудің прогрессивті формаларын дамыту арқылы халықтың тұрғын үйді сатып алуы мен салуына жағдайлар жасауды мемлекет жаңа тұрғын үй саясатының басты мақсаты ретінде айқындап отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 11 маусымындағы № 1388 Жарлығымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Мемлекеттік бағдарлама олардың бағасын арзандату, тұрғын үйге берілетін несие мерзімдерін ұзарту, бастапқы жарналар мен несиелеу ставкаларын төмендету арқылы халықтың басым көпшілігінің қолы жететіндей тұрғын үйлер құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік бағдарламада тұрғын үй құрылысының қазіргі заманғы жағдайына, ипотекалық несиелеу мен тұрғын үй құрылыс салымдары жүйесіне, жеке тұрғын үй құрылысына, жеке капиталдан инвестиция тарту есебінен тұрғын үй салуға, тұрғын үй бағасының динамикасына, сондай-ақ құрылыс материалдарын шығару салаларына талдау жасалған. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары ретінде мыналар белгіленіп отыр: 1) тұрғын үй құрылысына деген ұсыныстарды ынталандыру; 2) ипотекалық несиелеу жүйесін жетілдіру; 3) құрылыс салымдары жүйесін дамыту; 4) жергілікті атқарушы органдарды несиелеу; 5) жеке тұрғын үй құрылысын дамыту; 6) жеке капиталдан инвестициялар тарту есебінен тұрғын үй салу; 7) мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен тұрғын үйлер салу (ипотекалық несиелеу мен тұрғын үй-құрылыс салымдары жүйесі тетіктерін пайдалана отырып); 8) тұрғын үйдің 1 шаршы метр құрылысының бағасын төмендету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|