|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервінен қаражат бөлу туралы "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне "Tabani Corporation" компаниясының пайдасына шығарылған Астана қаласы сотының 2003 жылғы 3 шілдедегі шешiмiн және Астана қаласы сотының 2004 жылғы 15 маусымдағы ұйғарымын орындау үшін 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен 192147 (бip жүз тоқсан екі мың бiр жүз қырық жетi) AҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлiнсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |