|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiнiң кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат) мынадай толықтырулар енгiзілсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құру, олардың жұмыс iстеу мен тарату және астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу ережесiнде: 12-тармақтың 3) тармақшасының бесiншi абзацындағы «оның мүлкі» деген сөздерден кейiн «үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; 13-тармақтың 3) тармақшасының екiншi абзацындағы «меншiк құқығын және» деген сөздерден кейiн «үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: «14-1. Астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылардың қатарына енгiзілген кезде қор қатысушының қаржылық жай-күйiн, қатысушының мүлкiне кепiл ауыртпалықтарының болуын, қатысушының паспорттық сыйымдылығын және астық қоймасының нақты жүктелу көлемiн, қатысушының астық қоймасында сақталатын астық иелерiнiң құрылымын, сондай-ақ қорға берілетiн кепiлдiк қамтамасыз етудiң болуын және сипаттамаларын ескере отырып анықталатын квота белгілейдi.». 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |