|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат): 1) бүкiл мәтін бойынша: "16 жасқа", "18 жасқа", "18 жастан", "23 жастан" деген сөздер тиiсiнше "он алты жасқа", "он сегіз жасқа", "он сегіз жастан", "жиырма үш жастан" деген сөздермен ауыстырылсын; "І", "IІ", "III" деген цифрлар тиiсiнше "бiрiншi", "екiншi", "үшiншi" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 11-баптың 1) тармақшасы ", он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiнші, үшiншi топтағы мүгедек балалар" деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: екiншi абзацтағы "7" деген цифр "10" деген цифрлармен ауыстырылсын; үшiншi абзацтағы "5" деген цифр "7,5" деген цифрлармен ауыстырылсын; төртiншi абзацтағы "3" деген цифр "5" деген цифрмен ауыстырылсын; бесiншi абзацтағы "4" деген цифр "7" деген цифрмен ауыстырылсын; алтыншы абзацтағы "7" деген цифр "10" деген цифрлармен ауыстырылсын; жетiншi абзацтағы "5,5" деген цифрлар "8" деген цифрмен ауыстырылсын; сегiзiншi абзацтағы "4" деген цифр "6" деген цифрмен ауыстырылсын; сегiзiншi абзацтағы "көрсеткіш" деген сөзден кейін нүктелі үтiр қойылып, "мөлшерiнде тағайындалады" деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi абзацтармен толықтырылсын: "он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгі бiріншi топтағы мүгедек балаларға - 10 айлық есептiк көрсеткіш; он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi екiншi топтағы мүгедек балаларға - 8 айлық есептiк көрсеткiш; он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгі үшiншi топтағы мүгедек балаларға - 6 айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде тағайындалады."; 2-тармақта: екiншi абзацтағы "9" деген цифр "12" деген цифрлармен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы "7" деген цифр "9,5" деген цифрлармен ауыстырылсын; төртiншi абзацтағы "5" деген цифр "7" деген цифрмен ауыстырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 12 айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде тағайындалады."; 2-тармақта: бiрiншi абзацтағы "4" деген цифр "5" деген цифрмен ауыстырылсын; екінші абзацтағы "3,5" деген цифрлар "4,3" деген цифрлармен ауыстырылсын; үшiншi абзацтағы "3" деген цифр "3,5" деген цифрлармен ауыстырылсын; төртiншi абзацтағы "2,5" деген цифрлар "2,8" деген цифрлармен ауыстырылсын; бесiншi абзацтағы "2" деген цифр "2,3" деген цифрлармен ауыстырылсын; екiнші бөлігіндегі "он еселенген" деген сөздер "он екі еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат): 1) бүкiл мәтін бойынша: "16 жасқа" деген сөздер тиiсiнше "он алты жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын; "І", "II, "III" деген цифрлар тиiсiнше "бiрiншi", "екiншi", "үшiншi" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша ", сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: "8-1) он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедек балалар;"; 3) 5-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істегені туралы мәлiметтердi қамтитын еңбек кітапшасы немесе өзге де құжаттар жұмыс стажын растайтын құжат болып табылады. Осы Заңның 4-бабының 5) тармақшасында аталған адамдардың 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс iстеген фактiсiн растайтын құжаттары болмаған жағдайда, жұмыс стажын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртіппен құрылатын арнаулы комиссиялар белгілейдi."; үшiншi бөлiктiң 1), 2) тармақшаларындағы "5,8", "7,1" деген цифрлар "15" деген цифрлармен ауыстырылсын; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға - 1,0 айлық есептік көрсеткiш, мемлекеттік наградалармен марапатталмаған, соғыс жылдарында 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемiнде алты ай жұмыс iстеген тыл еңбеккерлеріне - 1,0 айлық есептiк көрсеткіш;"; мынадай мазмұндағы 8-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын: "8-1) 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға - 0,5 айлық есептік көрсеткiш;"; "11-1) он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға: бірінші - екінші топтағыларға - 1,4 айлық есептік көрсеткiш; үшiншi топтағыларға - 0,6 айлық есептік көрсеткiш;". 2-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. НАЗАРБАЕВ Астана, 2004 жылғы желтоқсанның 31-і. № 27-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |