|
|
|
29.09.04 ж. енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 1-тармақтың редакцияcы 1. "Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсіпкерлік қызметті лицензиялау, радиожиілік спектрін пайдалану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 қарашадағы № 1443 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 48, 469-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсіпкерлік қызметті лицензиялау, радиожиілік спектрін пайдалану тәртібі туралы ережедегі: 17-тармақ "саланың ерекшелігінен туындайтын талаптар, атап айтқанда;" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "жабдықтардың құрамында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ететін сертификатталған ақпараттық-бағдарламалық және техникалық құралдардың болуы"; 18-тармақтың 1-абзацы "Лицензиардың" деген сөзден кейін "ұлттық қауіпсіздік мүддесінен, жедел-іздестіру шараларынан туындайтын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |