Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi
үйлестiру кеңесiн құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1995 ж. 5 тамыздағы N 1084 қаулысы
СПИД жөнiндегi эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты және республикада ВИЧ-инфекциясының одан әрi таратылуын болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi құрылсын.
2. Мыналар бекiтiлсiн:
СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң құрамы (қоса берiлiп отыр).
Ескерту. 2-тармақтың 2 абзацы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 07.07.1998 N 647 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, республикада СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
10 миллион (он миллион) теңге сомасына диагностикалық тест-жүйелерi мен жабдықтар сатып алу үшiн қаржыландыру көздерiн iздестiрсiн;
1996 жылға арналған республика бюджетiнiң жобасын қалыптастыру кезiнде СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражатты қарастырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 5 тамыздағы
N 1084 қаулысымен
Бекiтiлген
СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi
үйлестiру кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы қағидалар
СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) ВИЧ-инфекциясы бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жүргiзуде барлық министрлiктермен, ведомстволармен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен оңтайлы өзара iс-қимылды жүзеге асыру мақсатында құрылады.
Үйлестiру кеңесi өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қазiргi заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын, өзге де нормативтiк актiлердi басшылыққа алады.
Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi мiндеттерi:
республика аумағында СПИД-тiң алдын алу және онымен күресу шараларын белгiлеу;
СПИД эпидемиясының өрiс алуынан сақтандыруға бағытталған алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды тиiмдi жүргiзу;
СПИД-тiң алдын алуды неғұрлым тиiмдiлiкпен қамтамасыз ету мақсатында барлық министрлiктер мен ведомстволардың осы iстегi жұмысын үйлестiру;
халықтың әр түрлi топтарына, тұтас алғанда бүкiл халықты СПИД-тiң алдын алу мәселелерiне нысаналы түрде үйрету;
СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарламасын жасау;
СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдық ресурстарды iздестiру, оның бөлiнуi мен пайдалануын бақылау болып табылады.
II. СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi
үйлестiру кеңесiнiң басшылығы мен құрылымы
Үйлестiру кеңесiн Қазақстан Республикасының Премьер-министрiнiң орынбасары басқарады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi Республикалық орталық консультациялық, практикалық және ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету үшiн жұмыс органы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi республика аумағында ВИЧ-инфекция ошағының шектен шықпауы мен оны жою жөнiндегi өткiзiлетiн шараларға жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырады.
СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi Республикалық орталық ВИЧ/СПИД проблемалары бойынша қажеттi ақпарат берiп отырады, мониторингтi және әртүрлi қызметтер жүргiзген СПИД-тiң алдын алу және оны емдеу жөнiндегi қызметiне баға берудi жүзеге асырады, қажеттi шаралардың тiзбесiн ұсынады. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай туғанда да, сол секiлдi ВИЧ-инфекциясы бойынша алдын алудың жоспарлы шараларын iске асырғанда да республиканың барлық алдын алу-емдеу мекемелерi үшiн ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық ету мен консультациялық қызметтi жүзеге асырады.
III. СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi
үйлестiру кеңесiнiң функциялары
ВИЧ-инфекциясы (СПИД) бойынша алдын алу мен эпидемияға қарсы жоспарлы шаралар жүргiзгенде:
СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру шараларын жүргiзедi;
министрлiктер мен ведомстволардың аталған проблема жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес мәселелерiне қатысты бөлiгiне толықтырулар мен өзгертулер енгiзедi;
СПИД проблемалары жөнiндегi халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында қажеттi қаражатты iздестiредi.
ВИЧ-инфекциясы (СПИД) бойынша төтенше эпидемиологиялық жағдай туған кезде:
облыстар мен Алматы қаласы әкiмшiлiктерiнiң, министрлiктер мен ведомстволардың, меншiк нысанына қарамастан басқа да субъектiлердiң ВИЧ-инфекциясы ошақтарын тежеу мен жою және республика аумағына инфекцияның таралуынан сақтандыру жөнiндегi шараларын үйлестiредi және олардың орындалуын бақылап отырады;
шет елден келушi адамдарды қолданылып жүрген ережелерге сәйкес қатаң есепке алу мен медициналық куәландыру жөнiнде барлық шаруашылық субъектiлерiнiң, басқа заңды және жеке тұлғалардың дербес жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне, министрлiктердiң, ведомстволардың басшыларына нұсқаулар бередi;
ошақтарда эпидемияға қарсы шаралар кешенiн жүргiзу туралы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң және басқа министрлiктердiң есептерiн тыңдайды;
өз құзырына сәйкес министрлiктер мен ведомстволарға мынадай шаралардың жедел орындалуын қамтамасыз етуге тапсырма бередi;
Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Бас кеден комитетi ВИЧ-инфекциясы ошақтарына республиканың көлiк коммуникациялары арқылы өтетiн арнайы медициналық жүктердiң тиiсiнше ресiмделуiне, пломбылануына және жеткiзiлуiне, сондай-ақ аталған ошақтарға медицина қызметкерлерiнiң өткiзiлуiне бақылау жасалуын қамтамасыз етедi;
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң есептеуi мен дәлелдеуi негiзiнде төтенше эпидемиялық жағдайлар режимi бойынша белгiленген тәртiппен импорттық тест-жүйелерiн, иммуноблокқа арналған жүйелердi, қажеттi дәрi-дәрмектi сатып алу үшiн, сондай-ақ көлiк шығындарына нысаналы мақсатта Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне қаржы (соның iшiнде валюталық) қаражатын бөлiну мүмкiндiгiн қарастырады;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, республиканың басқа да министрлiктерi мен ведомстволары "СПИД-тiң алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес немесе СПИД-пен ауырған шетел азаматтарын аластауға қатысты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне жедел көмек көрсетедi;
Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, республиканың басқа да министрлiктерi мен ведомстволары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесе отырып, СПИД-тiң алдын алу және онымен күресу проблемаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырады.
Үйлестiру кеңесi мүдделi министрлiктер және ведомстволармен бiрлесiп, республикада СПИД ауруының алдын алу және онымен күресу нормативтiк актiлердi дайындайды.
СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң мәжiлiстерi жылына кем дегенде 2 рет өткiзiледi, ал эпидемиялық жағдай асқындағанда - дереу өткiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 5 тамыздағы
N 1084 қаулысымен
Бекiтiлген
СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi
үйлестiру кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ
Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
орынбасары (төрағасы)
Дерновой А.Г. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрiнiң орынбасары, Бас Мемлекеттiк
санитарлық дәрiгер (төрағаның орынбасары)
Сапарбеков М.К. - СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес
жөнiндегi Республикалық орталығы Бас
директорының орынбасары (хатшы)
Әкiмбеков Н.Қ. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң
орынбасары
Беркiмбаева Ш.К. - Қазақстан Республикасы Бiлiм министрiнiң
орынбасары
Дәненов Н.Ж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы Iстер
министрiнiң бiрiншi орынбасары
Есмұханов Ғ.Е. - Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi
жанындағы Көшi-қон департаментiнiң төрағасы
Көпiшев Ә.С. - "Қазақстанның теледидары мен радиосы"
республикалық корпорациясының президентi
Клебанов Я.А. - СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес
жөнiндегi Республикалық орталығының Бас
директоры
Қалижанов У.Қ. - Қазақстан Республикасының Баспасөз және
бұқаралық ақпарат министрiнiң орынбасары
Құсымжанов М.Қ. - Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк
қорғау министрiнiң орынбасары
Лебеденко Л.Ю. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
Аппаратының Iшкi саясат бөлiмiнiң
консультанты
Ким А.Г. - Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм
және спорт министрiнiң орынбасары
Панов Ю.В. - Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникациялар министрiнiң орынбасары
Сүлейменов Н.И. - Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары
Тоқсейiтов Р.Қ. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
орынбасары