|
|
|
"Қазақстан метрология институты (ҚазМетИн)" республикалық мемлекеттік Осы редакция 2004 ж. 28 cәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды ҚР Үкіметінің 09.08.00 ж. № 1227 қаулысымен тақырыбында және мәтіндегі сөздер ауыстырылды "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Шаруашылық жүргiзушi құқығында "Қазақстан метрология институты (ҚазМетИн)" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - мемлекеттік кәсiпорын) құрылсын. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi мемлекеттік басқару органымен мемлекеттік кәсiпорынға қатысты субъектiнiң функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік меншiк құқығын айқындасын. ҚР Үкіметінің 09.08.00 ж. № 1227 қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Мемлекеттік кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасында жасалатын және импортталатын өлшеу құралдарына белгiленген талаптарға сәйкес сынақ жүргiзу; лицензиялауға жататын өлшеу құралдарын жасау, тексеру және жөндеу, сату және уақытша пайдалануға беру жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметiн зерттеу және дайындау, болып айқындалсын; халықаралық талаптарға сай өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету үшiн метрология жөніндегі техникалық (эталондық) базаны және нормативтiк құжаттардың үйлесiмділігiн жетiлдiру, метрология бойынша оларды тiркеу кезiнде ұйымдарды техникалық тексеру, осы салада мамандарды даярлау және біліктiлiгiн көтеру. 3. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттік кәсiпорын жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiпте тiркесiн. 4. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттік кәсiпорынды тiркеу, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiн толықтыру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |