|
|
|
Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 21 желтоқсан N 1305 Осы редакция ҚР Үкіметінің 23.07.03 Ж. N 732 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі жөніндегі ұзақ мерзімді басымдықты жүзеге асыру, мемлекеттік органдар, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері және кәсіподақтар арасындағы әлеуметтік- экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестіктегі өзара байланыстар мен ынтымақтастықты күшейту үшін диалогтың ықтимал барлық нысанын көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып мыналар тағайындалсын: Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Премьер- Бауыржан Әлiмұлы Министрiнiң орынбасары, төраға Аймақов - Қазақстан Республикасының Экономика Бауыржан Жаңабекұлы және сауда вице-министрi Шамсутдинов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Ринат Шарафутдинович вице-министрi Қарақұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек және Гүлжан Жанпейісқызы халықты әлеуметтік қорғау министрі Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы Наталья Артемовна вице-министрі Рябченко - Қазақстан Республикасының Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм бірінші вице-министрi Нефедов - Қазақстан Республикасының Петр Петрович Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.11.25. N 1784 қаулысымен. Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.01.24.N 119 қаулысымен. Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.26 .N 1594 қаулысымен. Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.05. N 187 қаулысымен. Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.24. N 1679 қаулысымен. Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.10. N 411 қаулысымен. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдерін тағайындау туралы" 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 545-құжат). 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы" 1996 жылғы 30 қыркүйектегі N 1194 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 39, 373-құжат). 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1512 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 51, 492-құжат). 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1997 жылғы 12 тамыздағы N 1253 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 353-құжат). 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 9 қаңтардағы N 3 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 4-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |