|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 3 желтоқсан N 1850 Осы редакция ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасында білім беру сапасын басқару тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Республикалық білім берудің мемлекеттік стандарттары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Республикалық тест орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын біріктіру жолымен "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. 2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мыналар деп айқындалсын: білім ұйымдарында оқу процесінің сапасын талдау және бағалау; білім берудің мемлекеттік стандарттарын жасау және енгізу; жоғары кәсіптік және орта кәсіптік оқу орындарына түсушілер үшін кешенді тестілеу тапсырмаларын жасау және енгізу; оқу процесінің сапасын бақылайтын жаңа технологияларды, білім беру ұйымдарында оқитындардың контингентін конкурс бойынша қалыптастырудың жаңа үлгісін әзірлеу және енгізу; тестілеудің теориясы мен әдістемесіне ғылыми-әдістемелік зерттеу жүргізу, білім берудің сапасын және оның мемлекеттік білім стандарттары талаптарына сәйкестігін анықтау. 3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорын жарғысын бекітсін, сондай-ақ оның мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі" бөлімінде 9-48-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі"; 470-1-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын: "470-1. "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы"; 2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" бөлімінде: 154 және 155-реттік нөмірлі жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 157-2-реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын: "157-2. Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы". 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |