|
|
|
Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 ақпан N 158 Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 21 наурыздағы N 290 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлуді реттеу және оларды ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру мәселелері және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу ережелері бекітілсін. 2. Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу мәселелері бойынша конкурс (тендер) өткізу жөнінде мына құрамда комиссия құрылсын: Шоқпытов Андар - Табиғи ресурстар және қоршаған Мәулешұлы ортаны қорғау министрі, төраға Дәукеев Серікбек - Атырау облысының әкімі Жүсіпбекұлы Ахметов Мырзабек - Қазақстан Республикасы Табиғи Смағұлұлы ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитеті төрағасының бірінші орынбасары Құлмаханов Шалбай - Алматы облысының әкімі Құлмаханұлы Қиынов Ляззат - Маңғыстау облысының әкімі Кетебайұлы Үмбетов Серік - Жамбыл облысының әкімі Әбікенұлы Метте Виталий - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Леонидович Мұхамеджанов Қамалтин - Қарағанды облысының әкімі Ескендірұлы Төлегенов Нариман - Қазақстан Республикасының Майданұлы Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Елеуішов Бекболат - Қазақстан Республикасының Табиғи Садуақасұлы ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қоршаған ортаны қорғау бас мемлекеттік инспекциясы департаментінің директоры Есмұқанов Хисмет - Қазақстан Республикасының Білім Құспанұлы және ғылым министрлігі Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.22. N 276 қаулысымен. Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.25. N 378 қаулысымен. Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.03.14. N 304 қаулысымен. 3. "Қазақстан Республикасында балық және басқа да су жануарларын аулау Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 49, 479-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау Ережесінде: 6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "Жекелеген жағдайларда конкурстар (тендерлер) өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.". 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 158 қаулысымен бекітілген Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру мәселелері және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу ережелері 1. Осы Ережелер Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру мәселелері және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу тәртібін айқындайды. 2. Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру мәселелері және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі комиссия құрады. 3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін және айналадағы ортаны қорғау мен жануарлар әлемін пайдалану саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережелерді басшылыққа алады. 4. Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөніндегі конкурсты(тендерді)(бұдан әрі - Конкурс) дайындау мен өткізілуін ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі жүзеге асырады. 5. Конкурс өткізу және шарттары туралы хабарландыру оның өткізілуінен бір ай бұрын "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская Правда" газеттерінде жарияланады. 6. Табиғат пайдаланушылар меншік нысандарына қарамастан конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды табыс етеді: қосымшаға сәйкес нысандағы өтінім; шаруашылық қызметіне берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы (бар болған жағдайда); оң аудиторлық қорытынды; табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі ұсыныстар. 7. Екіден аз өтінім түскен жағдайда Конкурс өткізілмеген болып саналады. 8. Конкурсты өткізу барысында артықшылықтар: суайдындардың экологиялық жай-күйін, гидробионттардың тіршілік ету жағдайларын және балық қорларын молықтыруды жақсартуға бағытталған балық өсіру-мелиоративтік іс-шараларын жүргізуге белсене қатысатын; заңдарда көзделген жануарлар әлемін қорғау, молықтыру және пайдалану жөніндегі талаптарды орындайтын; балық пен басқа да су жануарларын аулауға бөлінген лимиттерді іс жүзінде игеру мүмкіндігі бар (яғни, аулау құрал-саймандарының, жүзу құралдарының, кәсіпшілік тетіктерінің, өндірістік қуаттарының, балық қабылдау пункттерінің, көлігінің, тоңазытқыш қондырғыларының және т.с.с. болуы) табиғат пайдаланушыларға беріледі. 9. Комиссия шешімі отырысқа комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда көпшілік дауыспен қабылданады және хаттама түрінде ресімделеді. 10. Комиссияның ұсынымдық шешіміне сәйкес: тиісті облыс әкімі балық кәсіпшілігі учаскелерін облыстың әкімшілік шекарасы шегінде бекітіп беру туралы шешім қабылдайды. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен тиісті облыс әкімі табиғат пайдаланушылар арасында балық және басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу туралы бірлескен шешімдер қабылдайды. 11. Тиісті шешім қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғат пайдаланушылармен балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық ресурстарын пайдалану туралы шарттар жасасады. Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық ресурстарын пайдалану туралы шарттың үлгі нысаны мен оны жасасу тәртібін Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгілейді. Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және табиғат пайдаланушылар арасында балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттері мен квоталарын бөлу жөнінде конкурс (тендер) өткізу ережелеріне қосымша Жайық-Каспий алабында, Балқаш көлі мен Алакөл көлдер жүйесінде балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөніндегі конкурсқа (тендерге) қатысуға өтінім 1. Атауы, ведомстволық қарастылығы, құрылтайшысы, деректемелері, мекен-жайы____________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 2.____________________облыс әкімінің______жылғы__________________ N____шешіміне және Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен_____жылғы_____жасалған N__________шартқа сәйкес бекітіліп берілген____________________суайдыны (учаскесі) 3. Өндірістік қызметінің негізгі бағыты, қай уақыттан бастап балық аулауды және балық өнімдерін өңдеуді жүзеге асырады. _________________________________________________________________ 4. Түрлері бойынша балық аулау көлемі (лимиті)___________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 5. Қолда бар жүзу құралдары______________________________________ аулау құралдары___________________________________________ балықшылар саны___________________________________________ кәсіпшілік тетіктері______________________________________ басқа деректер_________________________________________ _____________________________________________________ 6. Техника-экономикалық көрсеткіштері: өндірістік жайлар______________________________ тоңазытқыш қондырғылары, қуаты_________________ _______________________________________________ технологиялық жабдықтар________________________ басқалары______________________________________ 7. Өткен үш жыл ішінде өз қаражаты, демеушілер көмегі есебінен жүргізілген балық қорларын молықтыру, мелиорация жөніндегі іс-шаралар және басқа да жұмыстардың түрлері мен көлемі, ақшаға шаққанда_____________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Өтінімге қосымшалар: - мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; - бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы салық инспекциясының анықтамасы; - қаржылық жай-күйі туралы банктің анықтамасы; - конкурсқа (тендерге) қатысқаны үшін төлем туралы түбіртек; - аулау құрал-саймандарының, балық кәсіпшілігі стандарының, өндірістік жайлардың санитарлық жағдайы туралы санэпидемстанцияның анықтамасы; - шарт талаптарының орындалуы туралы, өтінім берілген балық аулау лимитінің көлемін қамтамасыз етуге қажетті аулау құрал-саймандарының, балықшылардың, кәсіпшілік тетіктерінің, жүзу құралдарының және т.б. қолда бары және олардың жай-күйі туралы Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің қорытындысы; - табиғат пайдалану жобасы: бизнес-жоспар, табиғат қорғау шаралары, соның ішінде суайдындардың экологиялық жай-күйін, гидробионттардың тіршілік ету жағдайларын және балық қорларын молықтыру жөніндегі балық өсіру-мелиоративтік жұмыстары. Берілген уақыты Мөрі_____________________________ (ұйым басшысының аты-жөні, қолы)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |