|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 және 1999 жылғы 5 шілдедегі N 930 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 шілдедегі N 1084 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 215-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Қазынашылықтың заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33/Абай даңғылы, 52."; 2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 шілдедегі N 930 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 32-33, 295-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережеде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33/ Абай даңғылы, 52.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |