|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысы (ҚР Yкiметiнiң 02.04.01 ж. N 430; 27.09.01 ж. N 1256; 20.02.02 ж. N 231; 03.04.02. N 397; 24.06.02 ж. N 690; 10.12.02 ж. N 1300; 10.06.03 ж. N 547 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен) Осы редакция ҚР Yкiметiнiң 12.08.03 ж. N 802 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: ҚР Yкiметiнiң 02.04.01 ж. N 430; 27.09.01 ж. N 1256; 20.02.02 ж. N 231; 03.04.02. N 397 ;10.06.03 ж. N 547 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын: Жұмабеков Оңалсын - Қазақстан Республикасының Исламұлы Әдiлет министрi, төраға; Раев Мұрат - Қазақстан Республикасының Құмарұлы Әдiлет вице-министрi, төрағаның орынбасары; Әбусейiтов Қайрат - Қазақстан Республикасының Қуатұлы Сыртқы істер бiрінші вице-министрi; Божко Владимир - Қазақстан Республикасының Карпович Ұлттық қауiпсiздiк Koмитеті төрағасының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша); Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi; Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм бiрiншi вице-министрi; Сисенбаев Tағыр Мұсаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; Уақпаев Марат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Аппараты Құқықтық сараптама бөлiмiнiң меңгерушiсi (келiсiм бойынша); Ахметжанов Саян - Қазақстан Республикасының Қылышұлы Премьер-Министрi Кеңсесiнің Заң бөлiмi меңгерушiсiнің орынбасары; Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Бауыржан Әлімұлы Премьер-Министрінің орынбасары, Комиссияның төрағасы; Ким - Қазақстан Республикасының Георгий Владимирович Әділет министрі, Комиссия төрағасының орынбасары; Ушуров - Қазақстан Республикасы Игорь Арлиевич Премьер-Министрінің Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі; Дауылбаев - Қазақстан Республикасы Бас Асхат Қайзоллаұлы прокурорының орынбасары (келісім бойынша); Елубаев - Қазақстан Республикасының Бауыржан Ысқақұлы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Қабденова - Қазақстан Республикасының Мәриям Нұрымқызы Парламенті Мәжілісінің Аппараты Басшысының орынбасары (келісім бойынша); Әмрин - Қазақстан Республикасының Ғұсман Кәрімұлы Қорғаныс вице-министрі; Коржова - Қазақстан Республикасы Экономика Наталья Артемовна және бюджеттiк жоспарлау бiрiншi вице-министрi; Әмрин - Қазақстан Республикасының Табиғи Асқар Кемеңгерұлы монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары; Тәжияқов - Қазақстан Республикасының Бейсенғали Шамғалиұлы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Котлов - Қазақстан Республикасы Премьер- Андрей Николаевич Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары; Андрющенко - Қазақстан Республикасының Сауда Александр Иванович және индустрия бiріншi вице-министрi; Нұрғалиева Еңлiк Нұрғалиқызы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi; Байжанов Ұлан Сапарұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс вице-министрi, Комиссия мүшесi; Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, Комиссия мүшесi; Мұтанов - Қазақстан Республикасының Бiлiм Ғалымқайыр Мұтанұлы және ғылым бiрiншi вице-министрi Мырзадинов - Қазақстан Республикасының Iшкi Ерғали Серiкбайұлы iстер вице-министрi 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн. 3. Ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн. 4. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын. 5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi: Қазақстан Республикасының Үкiметi мен уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiнің барысын ай сайын қорытындыласын, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық заңдардың жай-күйiне шолуларды әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберiп отырсын; уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. N 1300 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Yкiметтiң Парламентке енгізген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттiк кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттiк шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерiстер мен толықтыруларды Yкiметпен келiспей енгiзудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi Регламентiнiң 69-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн. 7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің Парламенттегi Өкiлдiгi Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысын Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзетiн заң жобаларының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiне қатысы бар Қазақстан Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердің өту процесi туралы тұрақты хабардар етсiн. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысымен бекiтiлген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. ҚР Үкіметінің 24.06.02 ж. N 690 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды жасаудан тұрады. 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 2. Комиссияның мiндеттерi ҚР Үкіметінің 27.09.01 ж. N 1256; 24.06.02 ж. N 690; 10.12.02 ж. N 1300 қаулыларымен 4-тармақ толықтырылды және өзгертілді 4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiн талдау; Үкiметтiң Іс-қимыл бағдарламасын, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ елде жүргiзiлiп жатқан реформаларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ағымдағы және перспективалық заң жобалау жұмыстарының жоспарын қалыптастыру жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу; заң жобалау қызметiнiң басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу; Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Парламентiнде заң жобаларының әзiрленуi және жүруi процесiнде туындайтын келiспеушiлiктердi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу; мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау; Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу; Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобалары Үкіметке түскен күнінен бастап 15 күндiк мерзімде оларды он не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау; Үкіметтің мемлекеттік және өзге де бағдарламаларының, тұжырымдамаларының, іс-шараларының жобалары нормаларын заң жобалаумен қамтамасыз ету бөлігінде келісу; әзірлеушілер дайындаған заң жобаларын жобалар сараптамасын орындау мақсатында Үкіметке берудің ағымдағы жедел мерзімдерін айқындау; заң кесімдерімен реттеліп қойған қатынастар бойынша заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау; заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы ұсынымдар әзірлеу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; заңнаманы кодтау жөнiндегi жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзу; кодталған және топтастырылған кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу. 3. Комиссияның негiзгi құқықтары 5. Комиссияның өз мiндеттерiне сәйкес: 1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-әрекет жасауға; 2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгiзуге; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттiк және басқа да ұйымдардан сұратуға және алуға; 4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар және ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқылы. 4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру 6. Комиссияны Төраға басқарады. 7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиiстi материалдарды, ұсынымдарын әзiрлеудi оның мүшелерi сайлайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. 8. Комиссия хатшысы: 1) Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар әзiрлейдi, Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды; 2) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi. 9. Комиссияның отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсан сайын бiр рет өткiзiледi. 10. Отырыстың күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссияның Төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келiсiмi бойынша анықтайды және нақтылайды. 11. Комиссияның шешiмi оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады, хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. 12. Комиссияның мүшелерi шешiм қабылдау кезiнде тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең түскен жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады. 13. Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ұсыныстарды Комиссияның атынан Комиссия құрамының кемiнде жартысының ауызша немесе жазбаша келiсiмi бойынша Комиссияның Терағасы немесе хатшысы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзедi. 14. Комиссияның құзыретiне қатысты қажетті материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар және жоғары бiлiктi мамандар тартылуы мүмкiн. 15. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Комиссияның жұмысшы органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесi 1. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiне сәйкес осы Ереже заң жобаларын әзiрлеушi - уәкiлеттi органдарда (бұдан әрi - Уәкiлеттi органдар) заң жобалау жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi. 2. Уәкiлеттi органдар заң жобаларын, әдетте, Қазақстан Республикасының Yкiметі заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларына, сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жекелеген тапсырмаларына сәйкес әзiрлейдi. Қажеттi жағдайларда заң жобаларын әзiрлеудi Уәкiлеттi органдар өз бастамасы бойынша - олардың белгiленген құзыретiне сәйкес жүзеге асырады. 3. Заң жобасын әзiрлейтiн уәкiлеттi орган жобаны әзiрлеу жөнiнде жұмыс тобын құрады немесе оны әзiрлеудi жұмыс тобының функцияларын орындайтын өзiнiң бiр бөлiмшесiне тапсырады. Жобаны әзiрлеуге жобаны әзiрлейтiн органның заңгерлiк бөлiмшесi қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi. Жұмыс тобына қатысу үшiн Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, сондай-ақ реттеуге ұсынылатын құқықтық қатынастар саласындағы мамандар мен ғалымдар шақырылуы мүмкiн. 4. Егер заң жобалау жұмыстарының жоспарымен немесе заң жобасын әзiрлеу туралы тапсырмамен өзгеше белгiленбесе, Уәкiлеттi орган заң жобасын әзiрлеудi ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк ұйымдарға немесе шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, оның iшiнде шетелдiктерге тапсыра алады. Уәкiлеттi орган балама жобаларды әзiрлеудi бiр немесе бiрнеше тұлғаға тапсыруға құқылы. Заң жобаларының сапасы, уақытылы әзiрленуi мен ұсынылуы үшiн Уәкiлеттi органдардың бiрiншi басшылары жеке жауап бередi. 5. Уәкiлеттi органдардың заң жобалау жұмыстарының жоспарларын және заң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi жекелеген тапсырмаларды орындауын жалпы қадағалауды, олардың осы бағыттағы қызметiн әдiстемелiк басқаруды және сол үшiн қажеттi ақпараттық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. 6. Заң жобасының мәтiнi әдеби тiлдiң, заң терминдерiнiң нормаларын, заң техникасының талаптарын және заңнамамен белгiленген өзге де талаптарды сақтай отырып әзiрленуге тиiс. 7. Заң жобасын әзiрлеу тиiстi салалар мен қоғамдық өмiр салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасы, Мемлекет басшысының Қазақстанның халқына Жолдауы, Конституциялық Кеңестiң жыл сайынғы жолдауының ережелерi мен Жоғарғы Соттың сот практикасы түсiндiрмелерi ескерiле отырып, жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. N 1300 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда 8. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгiзетін заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Үкiметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысымен бекiтiлген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттiк органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бiрге мемлекеттiк және орыс тілдерiнде ұсынылады. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. N 1300 қаулысымен 9 және 10-тармақ алынып тасталды 9. Заң жобаларына ғылыми сараптаманы қаралған жобаның мазмұнына қарай ғылыми мекемелер мен тиiстi жоғары оқу орындары, ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргiзедi. Сарапшылар ретiнде жобаны дайындауға тiкелей қатыспаған адамдар тартылады. Заң жобасы ғылыми сараптау үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн, сондай-ақ басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн. Ғылыми сараптаманы жүргiзу бiр немесе бiрнеше сарапшыға (сарапшылық комиссиясына) тапсырылуы мүмкiн. 10. Заң жобасы бойынша әртүрлi мамандықтағы сарапшылар кешендi сараптама немесе әртүрлi дербес сараптамалар, қажет болған жағдайда - қайталама сараптама жүргiзуi мүмкiн. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. N 1300 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда 11. Заң жобасын мемлекеттiк органдармен келiсу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады. 12. Егер заң жобасын келiсу кезiнде келiсiм берушi мемлекеттiк орган Уәкiлеттi орган келiспейтiн ескертпелер жасаса, заң жобасы жөнiндегi келiспеушiлiктер хаттамасын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия қарайды. Қазақстан Республикасының Үкiметi түпкiлiктi шешiмдi Ведомствоаралық комиссия дайындаған ұсыным кезiнде шығарады. 13. Заң жобасын Yкiметтiң қарауына енгiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi белгiлейдi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |