|
|
|
Кедейлiкті азайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 ақпан N 305 Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 19 мамырдағы N 459 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы N 833 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаның iске асырылуы барысын талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайтудың 2003 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын дайындауды үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.11. N 1618 қаулысымен. Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен. 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Кедейлiкті азайту мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын. Ескерту. Тақырып, 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен. 2. Қоса берiлiп отырған Кедейлiкті азайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн. Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 305 қаулысына қосымша Кедейлiкті азайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрамы Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.11. N 1618 қаулысымен. Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен. Павлов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Александр Сергеевич орынбасары - Қаржы министрі, төраға Есенбаев - Қазақстан Республикасының Мәжит Төлеубекұлы Экономика және сауда министрi, төрағаның орынбасары Мүсенова Галина Ақайқызы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Аймақтық саясат және бағдарламалар департаментiнiң директоры, хатшы Комиссия мүшелерi: Сағынтаев Бақытжан Әбдiрұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiкті қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгі төрағасының бiрiншi орынбасары Базарбаева Әсия Бақытқызы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Заң департаментiнiң директоры Ысқақова Саида Қуанқызы - "Шағын несие" YЕҰ қоғамдық қорының директоры (келiсім бойынша) Қадыров Наджат Худжатович - "Қазақстан Республикасының Жұмыс берушiлер конфедерациясы" қауымдастығының атқарушы директоры (келiсiм бойынша) Қынатов Марат Полатұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Басқару және қаржы департаментiнiң директоры Молдажанов Ризахмет - Қазақстан Республикасының Құрманғазыұлы Кәсiподақтар федерациясы одағы төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша) Нәубетова Рашида Аронқызы - Қазақстан Республикасының Министрi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы және әйелдер істерi жөнiндегi ұлттық комиссия төрайымы хатшылығының сектор меңгерушiсi Сиврюкова Валентина Андреевна - "Қазақстан Үкiметтік емес ұйымдарының конфедерациясы" қауымдастығының президентi (келiсiм бойынша) Тәжмакин Дәулет Қауазұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Стратегия және мемлекеттік реттеу департаментiнiң директоры Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Гүлшара Наушақызы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек департаментінің директоры Кесікбаев - Қазақстан Республикасының Қаржы Сұлтанғали Қабденұлы министрлігі Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментінің директоры Нұрғожаева - Қазақстан Республикасының Татьяна Александровна Білім және ғылым министрлігі Бюджет, жоспарлау және қаржы департаментінің директоры Шокаманов - Қазақстан Республикасының Статистика Юрий Камирович жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Өтеулина - Қазақстан Республикасының Еңбек Хафиза Мұхтарқызы және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Мусин - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Ерiк Мазанұлы Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi Күзембаев - Қазақстан Республикасының Көлiк Рашид Талапұлы және коммуникациялар министрлiгi аппаратының басшысы Мешiмбаева - Қазақстан Республикасының Анар Ертөлеуқызы Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгi Әлеуметтiк-экономикалық талдау департаментiнiң директоры Хамзина - Қазақстан Республикасының Нұргүл Қалиқызы Денсаулық сақтау министрлiгi Медицина ғылымы және білiм беру департаментiнiң директоры Соломин - "Қазақстан еркiн кәсiподақтарының Леонид Зиновьевич конфедерациясы" қауымдастығының президентi (келiсiм бойынша) Ақымбеков - "Аз қамтылған азаматтарды қолдау Серiк Шаяхметұлы жөнiндегi жалпы ұлттық қор" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 305 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкті азайту мәселелері жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер Кедейлiкті азайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы N 833 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаның iске асырылуы мониторингiн жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайтудың 2003 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын дайындау мақсатында құрылған. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметi кесiмдерiн, өзге нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. Ескерту. Тақырыбы, 1-тарау өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен. 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары: елде кедейлiктiң өзiндiк астарларын зерттеу (қала құрайтын кәсiпорындар маңындағы шағын қалалар проблемалары, ауылдық жердегi кедейлiк және басқалары); әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң жай-күйiн талдау; кедейлiк проблемаларын шешу тұрғысында халықаралық көмектi талдау және оны тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; аз қамтылған азаматтарды қолдау жөнiндегі бар бағдарламалардың тиiмдiлiгiн талдау; кедейлiкті азайту мiндеттерiн ескеретiн және тұрғындардың кедей бөлiгiнiң мүдделерiн ескере отырып жергiлiктi бюджет түзу жөнiндегi ұсынымдар кiретiн аймақтық деңгейде жоспарлау тетiктерiн енгiзу жөнiнде; жергiлiктi атқарушы органдардың кедейлiк проблемаларын шешумен байланысты басқару қызметiн жетiлдiру жөнiнде; кедейлiк мониторингi тетіктерiн енгiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бойынша; жергiлiктi атқарушы органдардың кедейлiк проблемаларын шешумен байланысты басқару қызметiн бағалау өлшемдерiн жетiлдiру жөнiнде, ақпараттық тәжiрибе алысу жөнiнде ұсыныстар дайындау; әлеуметтiк қызметтердi жетiлдiру және кедейлiк деңгейiн төмендету жөнiнде ұсыныстар дайындау. Ескерту. 2-тарау өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен. 3. Комиссия құқықтары Комиссияның мынадай құқықтары бар: 1) Қазақстан Республикасы Үкiметiне халықтық әлеуметтік қорғау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныс енгiзу; 2) әлеуметтiк қызметтердi жетiлдiру және кедейлiк деңгейiн төмендету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу үшiн мүдделi мемлекеттiк органдар мамандарын тарта отырып, жеке мәселелер бойынша жұмыс топтарын құру; 3) Комиссия құзыретiне кіретін мәселелердi шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жоғарғы оқу орындарының ғалымдарын және жоғары бiлiктi мамандарын тарту; 4) Комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен заңды тұлғалардан қажетті ақпарат сұратуға; 5) Комиссия құзыретiне жататын мәселелер бойынша Комиссия мүшелерi отырыстарында мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың жауапты өкілдерiн тыңдау; 6) белгiленген тәртiппен Комиссия құрамын өзгерту туралы ұсыныс енгiзу; 7) Комиссия құрамына кiрмеген мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн Комиссия құзыретiне жататын мәселелердi шешу бойынша тартуға. 4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру Комиссияны Төраға басқарады. Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындауды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттамасын рәсiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгi бойынша тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Отырыстардың күн тәртібiн, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия мүшелерiмен келiсiм бойынша Комиссия Төрағасы айқындайды және нақтылайды. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда Төраға жақтап дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. 5. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы Комиссия қызметін тоқтатудың негiздерi: 1) Комиссияның қызмет мерзiмiнiң аяқталуы; 2) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы; 3) бұрын Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың немесе өзге комиссияның құрылуы; 4) Комиссия мiндеттерi орындалмайтын не олардың орындалуы тиiмсiз өзге мән-жағдайлар. Осы тармақта көрсетiлген мән-жағдайлар туындаған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы болып табылатын министрлiк Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасының Үкiметi Регламентiмен белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмiнiң тиiстi жобасын енгiзедi. Осы тармақта көрсетiлген тәртiп Комиссия құрамына немесе функциясына өзгерiстер енгiзу қажеттiгi жағдайында да қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |