|
|
|
Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 14 қыркүйектегі N 1207 қаулысы (ҚР Үкіметінің 02.08.02 ж. N 862 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 98 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Елдегi ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi күрестi одан әрi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама бекiтiлсiн. 2. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында (бұдан әрi - Жоспар) белгiленген Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiне жарты жылда бiр рет есептi кезеңнен кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Бағдарламаны iске асырудың барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкiметiне жылына екi рет 1 ақпанда және 1 тамызда ұсынсын. 4. Жоспарда көзделген iс-шаралардың жауапты орындаушылары болып табылатын орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар туралы ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiне жылына бiр рет 5 желтоқсанда енгiзе алады. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Жоспарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы тиiстi шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне жыл сайын 30 желтоқсанда енгізеді деп белгіленсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1207 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама Қабылданған қысқартулар ДСА - Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi АҚТҚ - Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ДСҰ - Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы ЖЖБИ - Жыныстық жолмен берiлетiн инфекциялар IIМ - Iшкi iстер министрлiгi МАКМ - Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi ҚорМ - Қорғаныс министрлiгi БҒМ - Бiлiм және ғылым министрлiгi ЕЖЕ - Еркектермен жыныстық қатынас жасайтын еркектер ЕХҚМ - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi ӘдМ - Әдiлет министрлiгi СҚ - салыстырмалы қатер ИЕТ - Инъекциялық есiрткiлердi тұтынушылар БҰҰ/ЖҚТБ - Бiрiккен Ұлттар Ұйымының ЖҚТБ/АҚТҚ Бiрiктiрiлген жөнiндегi бiрiктiрiлген бағдарламасы Бағдарламасы КЖҚҚ - коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлерi БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары ЖҚТБ - жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгiсi ЮНЭЙДС - UNAIDS - United Nations Program on AIDS - БҰҰ/ЖҚТБ бағдарламасының ағылшын әрiптiк қысқартуы ЮНИСЕФ - UNICEF - United Nations Children s Fund - БҰҰ Балалар қорының ағылшын әрiптiк қысқартуы ЮНЕСКО - UNESCO - United Nations Educational Scientific and Cultural Organization - БҰҰ-ның Бiлiм, ғылым мен мәдениет жөнiндегi ұйымы БҰҰДБ - Бiрiккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы ТМД - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама 1. Паспорт ҚР Үкіметінің 02.08.02 ж. N 862 қаулысымен 1-бөлім өзгертілді Бағдарламаның Қазақстан Республикасындағы атауы ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама Бағдарламаны "Қазақстан Республикасындағы ЖҚТБ-ның әзірлеу үшiн iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi негiздеме мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1808 қаулысы Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Денсаулық негiзгi сақтау iсi жөнiндегі агенттiгi әзiрлеушiлерi Бағдарламаның Оның жаппай таралуы кезеңiне ұласуына жол мақсаты мен бермей АҚТҚ-ның таралуын шоғырлануы мiндеттерi кезеңiнде тұрақтандыру Халықтың АҚТҚ-ны жұқтыруға қатысты осал жiктерiнiң жастар арасында жаңа адамдармен толығуын азайту АҚТҚ бар адамдардың кемiнде 80% олардың контагиоздылығы деңгейiн төмендететiн медициналық және әлеуметтiк бағдарламалармен қамту Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Денсаулық негiзгi сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi (ДСА), Бiлiм орындаушылары және ғылым министрлiгi (БҒМ), Iшкi iстер министрлiгi (IIМ), Қорғаныс министрлiгi (ҚорМ), Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (ЕХҚМ), Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi (МАКМ), Қаржы министрлiгi (ҚарМ), Әдiлет министрлiгi (ӘдМ), жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламаны 2001-2005 жылдар iске асырудың мерзiмi Бағдарламаның Азаматтардың конституциялық кепiлдiк негiзгi берiлген құқықтарын қолдау және халықтың iс-шараларының АҚТҚ-ны жұқтыруға қатысты неғұрлым осал тiзбесi жiктерiн әлеуметтiк қорғау жөніндегi шараларды өмiрге енгiзу. АҚТҚ-ны жұқтыруға қатысты қатерлi топтардың осалдығын азайту. Қоғамдық бiрлестiктердi ЖҚТБ/АҚТҚ проблемаларын шешуге тарту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жетiлдiру. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiндегi ақпаратты және бiлiм беру бағдарламаларын жетілдiру. АҚТҚ-ның бастапқы инфекциясымен байланысты медициналық және әлеуметтiк қызмет көрсетулердің сапасын арттыру. ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша алдын алу бағдарламаларының орындалуын басқаруды және үйлестiрудi жетiлдiру Қаржыландырудың Республикалық бюджеттiң қаражатынан - көздерi мен көлемi 47,264 млн. теңге, соның iшiнде 2002 жылға - 5,4 млн. теңге; 2003 жылға - 12,943 млн. теңге; 2004 жылға - 11,015 млн. теңге; 2005 жылға - 11,015 млн. теңге. Денсаулық сақтау салалары бойынша - 15,668 млн. теңге, Әдiлет Министрлiгi - 17,601 млн. теңге, Қорғаныс министрлiгi - 12,805 млн. теңге, Бiлiм және ғылым министрлiгi - 1,190 млн. теңге. Жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан - 358,483 млн. теңге сомасында қаржыландыру көзделедi, соның iшiнде 2002 жылға - 80,547 млн. теңге; 2003 жылға - 92,645 млн. теңге; 2004 жылға - 92,646 млн. теңге; 2005 жылға - 92,645 млн. теңге. Қосымша тартылатын қаражат - 222441,908 млн. теңге Бағдарламаны iске ЖҚТБ/АҚТҚ-ның тарауына қарсы iс-қимыл асырудан күтiлетiн сектор аралық деңгейге көтерiледi. Елде, ең нәтижелер алдымен адамдардың қауiптi мiнез-құлқына байланысты жұқпалы ауруларды азайту жөнiндегi әртүрлi секторлардың iс-шараларына негiзделген ЖҚТБ/АҚТҚ-ның алдын алудың икемдi әрi байыпты жүйесi жасалады. Есiрткiмен және ЖЖБИ-мен аурушылардың есебiн жүргiзу тәсiлдерi ЖҚТБ/АҚТҚ-ның етек алуына қарсы iс-қимыл жасаудың басымдықтарына құрылады. Iндеттi бақылау алдын алу жұмыстарының талаптарына бағындырылатын болады. Мұның бәрi АҚТҚ инфекциясының таралуына қарсы тиiмдi iс-қимыл жасауға және оны дамуының шоғырланған кезеңiнде ұстауға мүмкiндiк бередi Бағдарламаның Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы орындалуын және бюджет қаражатының пайдаланылуы бақылауды туралы жарты жылда бiр рет мониторинг ұйымдастыру жүйесi жүргiзу мен Yкiметке ақпарат ұсыну 2. Кіріспе Осы Бағдарламаны әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiне тапсырмасы ("Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1808 қаулысы) негiз болып табылды. Өткен жылы елде АҚТВ инфекциясына қарсы iс-қимыл жүйесiн дамытуда рөлін атқарған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 13 ақпандағы N 193 қаулысымен бекiтiлген 1996-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында СПИД-тiң алдын алу және онымен күрес жөнiндегi шаралар жоспарының қолданылу мерзімі аяқталды. Iндет ахуалының нашарлауы, iндет процесiнiң сипатын айқындайтын бiрқатар жаңа факторлардың пайда болуы, оны жаңаша түсiнудiң туындауы iндетке қарсы iс-қимылдың бағыттарын, осы қызметке қатысушылар шеңберін және алдағы бесжылдыққа арналған тиiстi ресурстық қамтамасыз етудi айқындайтын құжат жасауды талап еттi. 1999 жылы БҰҰ/ЖҚТБ Бiрiктiрiлген Бағдарламасы БҰҰ-ның мүше елдерiне басшылық ретiнде ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуына қарсы iс-әрекет жөнiндегi iс-шараларды жоспарлауға жаңа стратегиялық көзқарас әзiрледi және ұсынды. Бұл көзқараста: iндеттiң қозғаушы факторларын анықтап, ахуалға талдау жүргiзу, олардың сатылылығын айқындауды; жауап iс-шаралардың тиiмдiлiгiн, олардың ахуалға сай болуын сыни талдауды жүзеге асыру, пайдаланылмаған мүмкiндiктердi анықтауды; ресурстарды қайта бөлiп, осы уақыт бөлiгiнде АҚТҚ инфекциясының таралуы оларға тiкелей байланысты басым бағыттар бойынша араласу жоспарын жасау көзделедi. Осы стратегиялық Бағдарламаны жасау кезiнде ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуы проблемасы денсаулық сақтау секторы проблемаларының шеңберiнен әлдеқайда кең және барлық әлеуметтiк секторларға қатысты екенiн түсiну негiз болып табылды. Ұсынылып отырған АҚТҚ инфекциясына қарсы iс-әрекет бағдарламасы көптеген секторлардың күш-жiгерiн АҚТҚ-ның таралуына қарсы iс-әрекет жолына жұмсаудың бағыттарын айқындайды. Ол тек техникалық мәселелердi ғана емес, сондай-ақ қазiргi уақытта Қазақстанда ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуында шектеулi маңызы бар факторларды қамтымайды. Бағдарлама Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы, "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекiтiлген "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасының және "Қазақстан Республикасындағы ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1808 қаулысының ережелерiне негiзделдi. Бағдарламада 2001 жылғы 4 мамырдағы ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша Орталық Азия декларациясындағы және 2001 жылғы 27 маусымдағы ЖҚТБ/АҚТҚ бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы арнайы сессиясының ЖҚТБ/АҚТҚ саласындағы мiндеттемелерi жөнiндегi декларациясының ережелерi, соның iшiнде АҚТҚ бар адамдарға ден қоюдың негiзгi шарасы ретiнде алдын алу бөлiгiнде күтiмдi қамтамасыз ету, қолдау мен емдеудiң, адам құқықтарын сақтау, осалдығын азайту жөнiндегi шараларды iске асыру ескерiлген. Жасалуы кезiнде халықаралық донорлардың ресурстарын жұмылдыру қажеттiлiгi назарға алынды. 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау 3.1. ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуымен байланысты ахуалды талдау Қазақстан Республикасы - жалпы көлемi 2,7 миллион шаршы километр, экономикалық белсендi 7 миллион адамды қоса алғанда, халқының орташа жылдық мөлшерi 14,9 миллион адам Орта Азия мемлекетi. Адами даму туралы ұлттық есепке сәйкес (2001 ж.) ел әлемде Адами даму индексi бойынша 73 орын алып, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнiмi жылына 1126 АҚШ долларын құрап, ересек халқының сауаттылығы 99,5% (20-24 жасқа дейiнгi адамдардың 86,8% орта бiлiм бар) және өмiр сүру ұзақтығының көрсеткiшi 66 жыл құрайтын орташа дамыған елге жатады. Өндiрiс көлемi 1990 жылғы деңгейінің 2/3-нен аспайды. 2000 жылы жұмыссыздық деңгейi 12,8% құрады, халықтың 31,8% айына 4007 теңге болып белгiленген (28 АҚШ долларына жуық) ең төменгi күнкөрiстен аз табысы болды. Ауғанстаннан Ресей мен Шығыс Еуропа елдерiне героиндi заңсыз тасымалдаудың жолы болып табылатын Қазақстанның географиялық жағдайы және күрделi әлеуметтiк-экономикалық ахуал ел халқының есiрткi саудасы мен инъекциялық есiрткiлердi тұтыну, сондай-ақ жыныстық қызмет көрсету саласына, яғни АҚТҚ-ның таралуымен байланысты қызметке тартылуы ықтималдығының жоғары болуына алғышарт жасайды. 3.1.1. ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуы туралы деректер 1987 жылы алғашқы оқиғасы тiркелген сәттен бастап Қазақстан Республикасында 2001 жылғы 1 маусымда АҚТҚ инфекциясы анықталған адамдардың саны 1799 құрады. АҚТҚ инфекциясы анықталған адамдардың 37-де ЖҚТБ клиникасы дамыды және олардың 31 қазiргi уақытта қайтыс болды. АҚТҚ алғаш рет идентификациялануының көрсеткiшi 2000 жылы 100000 тексерiлген адамға 35 адамды құрады. 2001 жылдың алғашқы бес айында АҚТҚ инфекциясының таралуы 100000 тексерiлген адамға 99 адамды құрады, мұның өзi 2000 жылғы осындай кезеңдегi көрсеткiштен 5 есе жоғары. Бұл ретте, АҚТҚ-ның елде таралуы туралы қолда бар мәлiметтер iрiктеп алу жөнiнде де, қатысу жөнiнде де таңдамалы түрде алынған талдауға негiзделген, сондықтан, салыстырмалы сипатта. Аталған өзгерiстер тексеру үшiн таңдап алынған жеке адамдар топтарының және тексерiлгендер қатарына енбеген топтардың, тексеруге қатысқанымен, оларға қатысуға қамтылмағандардың топтарының айырмашылық белгiлерi едәуiр болуына байланысты жүруде. ЖҚТБ-ның алдын алу және онымен күрес жүргiзу жөнiндегi республикалық орталықтың бағалауына сәйкес iндет солардың арасында шоғырланған есiрткеге тәуелдi және мiнез-құлқы қауiптi басқа да топтар өкiлдерi - адамдардың (төменде қараңыз) шынайы санының 10%-нан аспайтын мөлшерiн ғана тексеруге қол жеткiзiлдi. Яғни, Қазақстанда АҚТҚ инфекциясының шынайы таралуы тiркелгенiнен әлдеқайда жоғары екенiн топшылауға болады. Қазақстанда АҚТҚ инфекциясының географиялық таралуында елеулi айырмашылық бар. АҚТҚ бар адамдардың жартысынан астамы Қарағанды облысында шоғырланған. Алайда, соңғы кезде Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында мұндай жәйт көбiрек тiркеле бастады (2001 жылдың бiрiншi тоқсанында 2000 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда АҚТҚ бары жаңадан анықталған адамдардың саны оларда тиiсiнше 0-ден 93-ке және 1-ден 38-ге дейiн өзгердi). 3.1.2. АҚТҚ-ның таралу жолдары, мiнез-құлқы қатерлi әртүрлi топтардың үлесi АҚТҚ анықталған жағдайлардың 85%-да қоздырғыш есiрткi инъекцияларымен берiлген; АҚТҚ инфекциясының жыныстық қатынаспен таралуының үлесiне тағы да 7% тиедi. 7%-да инфекцияның таралуы жолын анықтаудың сәтi түспедi. Сөйтiп, зерттелген жағдайлардың құрылымын ескерсек, күнi бүгiнге дейiн елде АҚТҚ инфекциясы таралуының 90%-нан астамы инъекциялық есiрткi тұтынудың қауiпсiздiгi мен жыныстық қатынастардың қаншалықты қауіпсiз болуына байланысты. Осы тұжырым, ең алдымен АҚТҚ таралуының мүмкiндiгiн болдырмайтын немесе тым болмаса, азайтатын мiнез-құлықтың неғұрлым қауiпсiз нысандарын қамтамасыз ететiн алдын алу басымдықтарын айқындайды. АҚТҚ таралуының құрылымын ескере отырып, нысаналы түрде алдын алу үшiн араласуда АҚТҚ жұғуы тұрғысынан алғанда, мiнез-құлықтың қауiптi нысандарын жүргiзетiн халық топтары неғұрлым қызықты болып табылады. Инъекциялық есiрткi тұтынушылар (ИЕТ) АҚТҚ жұғуының салыстырмалы түрде неғұрлым қатерлi тобы (СҚ) болып табылады. Халықтың осы тобындағы АҚТҚ таралу көрсеткішi 2000 жылдың аяғында 10 000 адамға 425-тi құрады. Кейбiр елдi мекендерде, атап айтқанда, Қарағанды облысының Темiртау қаласында сенiм пункттерiнiң клиенттерi арасында жүргiзiлген эпидемиологиялық қадағалау мәліметтерi бойынша (төменде қараңыз) ИЕТ арасында АҚТҚ таралуы 2000 жылы 26% құрады. Есiрткi тұтынбайтын халық өкiлдерiнiң жалпы жиынтығымен салыстырғанда осы қауымдастық өкiлдерi үшiн АҚТҚ жұғуының салыстырмалы қатерi 500 есеге жуық жоғары. 15-23 жастағы жасөспiрiмдер мен жастар арасында АҚТҚ-ның таралуы 10 000 адамға 1,8 құрады. 18-23 жастағы жастар арасында АҚТҚ жұғуының салыстырмалы қатерi жастардан тыс халық арасындағы жұғуы қатерiнен 2,5 есе асып түседi. Елде 2000 жылғы тамыз-қараша айлары iшiнде тексерiлген жыныстық қатынаспен коммерциялық түрде айналысатын 1476 әйелдің iшiнен бiреуiнiң ғана АҚТҚ-сы оң нәтиже бердi. Ұсынылып отырған мәлiметтер Қазақстан Республикасында iндет бастапқы кезеңiнен инфекция, негiзiнен ИЕТ арасында таралатын оның шоғырлануы кезеңiне көшуi байқалатынын айғақтайды. 3.1.3. Инъекциялық есiрткi тұтыну және ИЕТ арасында АҚТҚ таралуының себепшiлерi Республиканың есiрткi қызметi тiркеген ИЕТ саны 2000 жылдың аяғында 26 000 адамнан астамды құрады. Бiрақ, сарапшылардың бағалауына сәйкес ИЕТ-тiң жалпы саны Қазақстанда 250 000-ға жуықтап келедi. Атап айтқанда, Алматы қаласында ИЕТ саны 12 мың (1) деп анықталды, Астана және Павлодар қалаларының әрқайсысында 8 мың, Петропавл, Тараз және Өскемен қалаларының әрқайсысында - 6-6,5 мың (2), Темiртау қаласында - 8 мың (3), Шымкент қаласында - 20 мың (4). Бұл ретте есiрткi қызметi тiркеген инъекциялық нашақорлық жағдайлары жылдан жылға өсуде (1996 жылғы 100 000 ересек адам мен жасөспiрiмге 90-нан 2000 жылғы 250-ге дейiн) мұның өзi жалпы халық арасында нақты санының сөзсiз өскенiн көрсетедi. Инъекция үшiн барлық жерде пайдаланылатын басымдықты есiрткi героин болып табылады. Қолдан жасалатын апиын шикiзаты препараттарын инъекциялық енгiзу онша таралмаған. Героин мен апиын шикiзатын тұтынудың қатынасы Алматы қаласында 9:1 болса, Темiртау қаласында 6:4. ИЕТ-тке сұрау салу мәлiметтерi бойынша осы топта белгiлi бiр дәрежеде жер-жерлерде қолданылатын мынадай тәжiрибелер: Есiрткi инъекциясы үшiн ортақ иненi пайдалану, соның ішінде бiр компанияда бiр иненi қолдануды енгiзу; мұндай тәжiрибенi аракiдiк болса да, ИЕТ-тiң 60% қолданады; қайта пайдаланылатын инелердің санынан есiрткiлердiң ерiтiндiлерiн жинау; есiрткiнi дайындау процесiнде адам қанын пайдалану АҚТҚ жұғуының көзқарасы тұрғысынан алғанда, қауiптi болып табылады. Астана, Павлодар, Тараз қалаларындағы негiзгi ақпарат берушiлермен сұхбаттардың нәтижесiнде, iс жүзiнде бiр де бiр есiрткi тұтынушы оларды қайтадан қолдану кезiнде пайдаланылған инелердi тиiмдi тазалауды қамтамасыз ете алмайтыны анықталды. Есiрткi енгiзудiң қазiргi тәжiрибелерiн ескере отырып, таяудағы 2-3 жыл iшiнде Астана, Павлодар, Петропавл, Өскемен және Тараз қалаларында ИЕТ-тiң өз инфекциясы ошақтары пайда болған жағдайда инъекция арқылы 18 мыңға жуық адамға АҚТҚ жұғуы жөнiнде болжам жасалды. БРИФ агенттiгi 1998-2000 жылдары орындаған сенiм пункттерiнiң клиенттерi арасында Темiртау қаласында (1997 ж.) (5) ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөнiндегi орталықтар есiрткi қызметi ұйымдарында есепте тұратын нашақорлар арасында (2000 ж.) (6) жүргiзiлген есiрткi тұтынушыларға әлеуметтiк сауал салулардың көптеген мәлiметтерi инъекциялық есiрткiнi қолдану кезiнде АҚТҚ-ны болдырмаудың жолдары туралы ИЕТ-тiң өте аз білетiнiн айғақтады. Мысалы, есiрткi диспансерлерiнде есепте тұратын ИЕТ-тiң 7% ортақ иненi пайдалану кезiнде АҚТҚ жұғатыны туралы тұжырымға мүлде келiспедi (740 адамға сұрау салынды). ИЕТ-тiң 11% ғана инъекциялық құралдарды тиiмдi тазалау туралы дұрыс түсiнiгi бар. ИЕТ-тiң басым көпшiлiгi ретсiз жыныстық қатынасқа түседi. Мысалы, Павлодар және Тараз қалаларында сұрау салынған ИЕТ-тiң 65% соңғы үш ай iшiнде кездейсоқ танысқан бiрнеше немесе одан да көп адаммен жыныстық қатынасқа түскен. Бұл ретте ИЕТ-тің презервативтi пайдалану деңгейi 20%-дан аспаған. ИЕТ-тiң 20%-ға жуығы жыныстық жолмен берiлетiн инфекциялардың белгiлерiн өздерiнде байқаған. Соның өзiнде, сауал салулардың көрсеткенiндей, олардың жартысынан азы ғана терi-венерологиялық қызметтер ұйымдарынан медициналық көмек алуға дайын. Темiртау қаласында ЖЖБИ белгiлерi бар, ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу жөнiндегi орталығы терi-венерологиялық диспансерлерiне жолдамамен жіберген 120 ИЕТ-тің iшінен 60 ғана осы ұйымға барған (7). 2000 жылы Шымкент қаласында жүргiзiлген ИЕТ-тке сұрау салу АҚТҚ жыныстық трансмиссиясының алдын алу саласындағы хабардарлығы мейлiнше төмен екенiн айғақтады. Сұрау салынған 80 адамның бiр де бiреуi АҚТҚ инфекциясының алдын алу үшiн презервативтi пайдалану мәселесiне толық жауап бере алмады. Өзiнiң мүлiктiк жағдайы бойынша ИЕТ-тiң көпшiлiгi халықтың кедей жiктерiне жатады, мұның өзi олардың қызметтерге, соның iшiнде медициналық ақпаратқа қол жетiмділігiн шектейдi. 2000 жылы Қазақстанның 5 аймағында (Астанада, Павлодарда, Петропавлда, Таразда және Өскеменде) орындалған ахуалды бағалауға сәйкес ИЕТ-тiң 90% есiрткi қолдануды жалғастыру ниетiнде тек әрбiр оныншысы ғана тиiстi тиiмдi медициналық жәрдем берiлген жағдайда оны қолдануды тоқтауға дайын. ────────────────────────── (1) Де Джоун В., Лазоренко Б., Киунов В., және т.б. Қазақстан, Алматы қаласында инъекциялық нашақорлықтың таралуы. - Алматы, 1998. (2) Бусель А. Астана, Павлодар, Петропавл, Тараз, Өскемен қалаларында инъекциялық нашақорлық пен АҚТВ инфекциясының таралуы. - Астана-Өскемен, 2000. (3) Бусель А. Қазақстан, Темiртау қаласында инъекциялық нашақорлық пен АҚТВ инфекциясының таралуы. Темiртау, 1999. (4) Суреш К., Бусель А., Савченко И. және басқалар. Қазақстан Республикасы, Шымкентте есiрткiнi iшкi қолдану ахуалын жедел бағалаудың нәтижелерi туралы есеп. - Шымкент, 1998. (5) Қарағанды облысының Темiртау қаласында ЖЖБИ, ЖҚТБ/АҚТВ, алкоголь мен есiрткiге қатысты бiлiмдi, көзқарасты, нанымды, тәртiбiн зерттеу жөнiндегi есеп. - Темiртау, 1999. (6) Қазақстан Республикасының нашақорлық қызметiнде есепте тұратын аурулар арасында әлеуметтiк сұрау салу жүргiзудiң нәтижелерi. - Алматы, 2000. (7) "Қарағанды облысында және бүкiл республика бойынша ЖЖБИ, ЖҚТБ/АҚТВ-ның таралуына, сондай-ақ есiрткі қолдануға қарсы iс-қимыл жасау жөнiндегi сектор аралық күш-жігерге көмек көрсету" 97/018 АД Қаз 98/Д 40 жобасы бойынша қорытынды есеп. - Алматы, 2000. 3.1.4. Коммерциялық жыныстық қатынас және халықтың жыныстық мiнез-құлқы қауiптi топтарында АҚТҚ таралуының себепшілерi ИЕТ қауымдастығында АҚТҚ инфекциясы өсуiне қарай АҚТҚ-ның жыныстық жолмен таралуы неғұрлым артады. АҚТҚ-ны осылай таратуда коммерциялық жыныстық қатынас қызметкерлерi (КЖҚҚ) рөлi, сөзсiз арта түседi. Қазақстан Республикасы Терi-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтының бағалауы бойынша көше кезетiн КЖҚҚ-ның жалпы саны 2000-ға жуықты құрайды. Жедел бағалау мәлiметтерi бойынша жаз кезiнде Алматыда жұмыс iстейтiн КЖҚҚ-ның жалпы саны 2000-ға жуық адамды құрайды. Орташа есеппен жылына орташа 240 -қа (8) жуық жұмыс күнiнде көшедегi КЖҚҚ клиенттерiнің саны күнiне 1-3 адам. Өзгеше айтқанда, жыл бойы Алматы қаласында КЖҚҚ 1 миллионнан астам жыныстық қатынасқа түседi. Шымкент қаласында 1999 жылдың қысында КЖҚҚ-ның саны 2000-ға жуық адамды құрады, соның iшiнде 250 (9) көшеде жұмыс iстедi. Астана қаласында 2001 жылдың ақпанында бiр мезгілде күнiне 600 -ге (10) жуық КЖҚҚ жұмыс iстедi. Көшедегi КЖҚҚ, әдетте, клиенттерi белгiлейтiн жерлерде жыныстық қатынасқа түседi, мұның өзі, әйелдердiң жағдайды, соның iшiнде қауiпсiз жыныстық қатынас шарттарының сақталуын бақылауға алу мүмкiндiгiн төмендетедi. Қылмыстық топтардың өкілдерi, жыныстық ауытқулары бар, алкогольдiк немесе нашақорлық масаңдығы салдарынан өзiн өзi билей алмайтын адамдар көшедегi КЖҚҚ-ның клиенттерi болуы жиi кездеседi. Көшедегi КЖҚҚ клиенттерi тарапынан зорлық көрсетiлуiне жиi ұшырайды. Көшедегi КЖҚҚ өздерiнiң материалдық жағдайы бойынша халықтың ең кедей жiгiне жатады, мұның өзi ақпарат пен медициналық қызмет алу мүмкiндiгiн шектейдi. 2000 жылы Алматы қаласында 70 КЖҚҚ-ға жүргiзiлген зерттеулердің нәтижесiнде олардың 27-де (39%) сифилис анықталды, мұның өзi қауiптi жыныстық мiнез-құлық практикасын көрсетедi. Алматы қаласы көшелерiндегi сұрау салынған КЖҚҚ-ның 2% инъекциялық есiрткi тұтынатындары туралы хабарлады (барлығы 100 адамға сұрау салынды). Негiзгi ақпарат берушiлердiң мәлiметтерi бойынша КЖҚҚ-ның арасында инъекциялық есiрткi тұтыну 30%-ға жеткен. Әйел жынысты КЖҚҚ-ның көпшiлiгi есiрткi сатып алуға қаражат табу мақсатында жыныстық қызмет көрсетедi. 2000 жылы КЖҚҚ-ның алдын алу және күресу жөнiндегi республикалық орталық Қазақстанның әртүрлi қалаларында орындалған КЖҚҚ-ға сұрау салудың нәтижесiне сәйкес сұрау салынғандардың 44,5% ғана презервативтердi тұрақты пайдаланған. КЖҚҚ-ның ЖҚТБ/АҚТҚ мен ЖЖБИ туралы хабардарлығы жеткiлiксiз. Алматы (11) қаласында жүргiзiлген әйел жынысты КЖҚҚ-ға сұрау салу кезiнде олардың бiрде бiрi ЖҚТБ/АҚТҚ мен ЖЖБИ-дiң алдын алуды жеке басындағы басымдықтардың бестiгiне енгiзбеген. КЖҚҚ-ның бiрен-сараңы ғана ЖЖБИ нышандары байқалған жағдайда ғана терi-венерологиялық диспансерге барады, мұның өзiн олар медициналық қызмет көрсету шарттарының қолайсыздығымен түсіндiредi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |