|
|
|
Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 18 наурыздағы N 323 қаулысы (ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. N 1041 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2003 ж. 20 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы 3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. N 1041 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Мыналардың Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып: 1) Халықаралық Валюта Қорының: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы Марченко Григорий Александрович (келiсiм бойынша), Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Келiмбетов Қайрат Нематұлы; 2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Павлов Александр Сергеевич, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Келімбетов Қайрат Нематұлы; 3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары Жангелдин Ерлен Тоқтағалиұлы (келiсiм бойынша); 4) Азия Даму Банкiнiң: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Дунаев Арман Ғалиасқарұлы; 5) Ислам Даму Банкiнiң: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі Жәмiшев Болат Бидахметұлы, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы тағайындалсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |