|
|
|
Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 29 мамырдағы N 592 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 12 мамырдағы N 441 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесi бекiтілсiн. 2. "Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 қыркүйектегi N 1169 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 31, 414-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы N 592 қаулысымен бекiтiлген Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу ережесi 1-бөлiм. Жалпы ережелер 1-тарау. Негiзгi ережелер 1. Осы Ереже алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлікті бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртібiн анықтайды. 2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары (бұдан әрi - Республиканың индикативтiк жоспары), жергiлiктi өкiлеттi органдар бекiткен аумақтарды дамытудың тиiстi кезеңге арналған экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын және мемлекеттiк бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн әзiрлеу үшiн негiз болып табылады. 3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу процесi өзiне үш негізгi кезеңдi қамтиды: 1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу үшiн негiзгi көрсеткiштер мен басымдықтарды анықтау; 2) жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн келiсу және бюджеттiк бағдарламалар әкімшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу; 3) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын мақұлдау. 4. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерi мынадай нысан бойынша жасалады: 1) түсiмдер: кiрiстер (салықтық және салыққа жатпайтын түсiмдер, капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кiрiстер); алынған ресми трансферттер; несиелердi қайтару; 2) шығыстар; 3) бюджет тапшылығы (профицитi); 4) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану). 2-бөлiм. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу 2-тарау. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу үшiн негiзгi көрсеткiштердi және басымдықтарды анықтау 5. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу Республиканың индикативтiк жоспарының негiзiнде және өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып жүзеге асырылады. 6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржы министрлiгi) ағымдағы жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде орталық атқарушы органдарға және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына (бұдан әрi - облыстың жергiлiктi атқарушы органы), өзге де мемлекеттiк органдарға алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк бюджет түсiмдерiнiң көлемiн болжамдау, алдағы он жылдық кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борышты бағалау және болжау үшiн қажеттi көрсеткiштердiң тiзбесiн жiбередi. 7. Орталық атқарушы органдар және облыстың жергiлiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлiгi жiберген көрсеткiштердiң тiзбесi бойынша болжамды деректердi (бұдан әрi - мемлекеттiк бюджеттi болжамдауға арналған деректер) Қаржы министрлiгiне ұсынады. 8. Орталық атқарушы органдар, өзге де мемлекеттiк органдар ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлiгi белгiлеген нысан бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес өткен жылғы республикалық бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру туралы есептi және мыналар: Республиканың индикативтiк жоспарының, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың негiзiнде әзiрленген алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi бойынша; 1-қосымшаға сәйкес нысанда алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi бойынша ұсыныстарды Қаржы министрлiгiне ұсынады. 9. Қаржы министрлiгi ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде қарыз капиталы рыноктарындағы өзгерiстердiң болжамдарын ескере отырып, Республиканың индикативтiк жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштерi, жинақталған мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген борыш көлемдерi мен құрылымы серпiнiнiң есептеулерi және мемлекеттiк бюджеттi болжамдауға арналған деректер негiзiнде: осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген нысанда жасалған алдағы үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн; алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесiн; алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн; тиiстi орталық мемлекеттiк органдардың ұсыныстары бойынша жасалған шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн әзiрлейдi және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынады. Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 20 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде осы тармақта көрсетiлген көрсеткiштердi, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесiн, алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың тізбесiн қарайды және анықтайды, сондай-ақ олардан түсетiн түсiмдердiң болжамды көлемдерiн анықтау және оны кейiннен Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзуi үшiн шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн қарайды. Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған республикалық бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын және алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына жеткiзедi. 10. Республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы кірiстердi бөлу нормативтерiн, қарыз алудың қаржылық шекаралары мен болжамдалып отырған үкiметтiк заемдардың тiзбесiн ескере отырып жасалған республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландырудың болжамды есептеулерiн ескере отырып, Қаржы министрлiгi ағымдағы жылдың 25 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде: 1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткiштерiн; республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердi; республикалық бюджеттің тапшылығын (профицитiн); тиiстi қаржы жылының соңындағы үкiметтiк борыштың лимитін; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитін; республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бөлiнісiнде ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн, оның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет шығыстарының лимитiн; 2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiнiң сомаларын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынады. Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген көрсеткiштердi және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің республикалық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемiн қарайды және анықтайды. 11. Инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерiн, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемдерiн қоспағанда, Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн республикалық бюджет шығыстарының лимиттерiн үш жұмыс күнi iшiнде Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзедi. Ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет шығыстарының лимиттерiн үш жұмыс күнi iшiнде Қаржы министрлiгі экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық атқарушы органға жеткiзедi. 12. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық атқарушы орган ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитi шегінде инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қалыптастырады және ағымдағы жылдың 10 мамырына дейiн оларды Республикалық бюджет комиссиясына енгiзедi. Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылы iске асырылатын жобаларды, оның iшiнде облыстарда, Астана және Алматы қалаларында iске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiн қарайды және анықтайды, оларды Қаржы министрлiгi ағымдағы жылдың 20 мамырына дейiн республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкімшілерiне және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына жеткiзедi. 3-тарау. Жергілiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн келiсу және республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің бюджеттiк өтiнiмдерiн әзiрлеу 13. Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары ағымдағы жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң (бұдан әрi - облыс бюджетi) мынадай болжамды көрсеткiштерiн: Бiрыңғай бюджеттiк жiктеме кiрiстерiнiң жiктемесi бойынша облыстардың бюджеттерiне түсетiн түсiмдердi; тиiстi қаржы жылының аяғында облыстың жергiлiктi атқарушы органы борышының көлемiн; облыстың жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындардың көлемiн Қаржы министрлiгіне келiсуге ұсынады. Жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн негiздеу үшiн облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары қажеттi есептеулердi ұсынады. 14. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Республиканың индикативтiк жоспарының, алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының негiзiнде Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiн ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстар лимиттерiнiң, инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерi шегінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдердi Қаржы министрлiгi белгiлеген нысанда жасайды және ағымдағы жылдың 30 мамырына дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлiгiне ұсынады. 15. Республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша паспорттардың тиiстi деректерiн және жобаларын қамтитын бюджеттiк өтiнiмдi жасайды. 16. Бюджеттiк бағдарлама паспортының жобасы 2-қосымшаға сәйкес нысанда жасалады және өзiне мынадай тармақтарды қамтиды: 1) бюджеттiк бағдарламаның құны Осы тармақта бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн қажет жылдар бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледi; 2) бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi Осы тармақта мемлекеттiк функциялар мен осы бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерiн iске асырудың қажеттiлiгiн анықтайтын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерi келтiріледi. Бұл ретте нормативтiк құқықтық кесiмнiң атауын, күнiн және нөмiрiн толық көрсету, заңнамалық кесiмге сілтеме жасалған жағдайда, баптардың нөмiрлерiн мiндеттi түрде көрсету керек; 3) бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, оның iшiнде үкiметтiк заемдар, жергiлiктi атқарушы органдардың заемдары, жоғары тұрған бюджеттен бiрлесiп қаржыландыру болуы мүмкiн; 4) бюджеттiк бағдарламаның мақсаты Бюджеттiк бағдарламаны орындау кезiнде қол жеткiзiлуi тиiс белгiлi бiр түпкi нәтиже бағдарламаның мақсаты болып табылады. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты айқын, нақтылы және қол жетiмдi болуы тиiс. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты, ең алдымен, елдiң стратегиялық даму мiндеттерiн, Республиканың индикативтiк жоспарын, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын (бұдан әрi - Облыстың индикативтiк жоспары), мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламаларды, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, сондай-ақ мемлекеттік басқару функцияларын негізге ала отырып, қалыптастырылады; 5) бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi Бағдарламаның мақсаты жеке мiндеттерге бөлiнедi, яғни басты мақсат бағдарламаны шешу жолдарын құрылымдау және бөлу жолымен неғұрлым жеке бөлiнiп тәптiштеледi. Бағдарламаның мiндеттерi бағдарламаның мақсатын көрсетедi және анық, айқын, нақты әрi тексерiлетiн болуы тиiс. Мiндеттер қойылған мақсаттарға жетудiң негізгi кезеңдерiн білдiруi тиiс; 6) бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары Іс-шаралар жоспары сандық сипаттамалары бар ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық және басқа да iс-қимылдар кешенiн бiлдiредi. Iс-шаралар жоспарында бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi нақты iс-қимылдар мен iс-шаралар осы iс-қимылдар көзделген кiшi бағдарламалар (олар болған жағдайда) бойынша көрсетiле отырып, жауапты орындаушылар (ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер немесе бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң өзi) және жылдар бойынша әрбiр iс-шараны iске асыру мерзiмдерi көрсетiледi. Iске асыру мерзiмдерi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiне жету жөнiндегi iс-шараларды орындауды жоспарлайтын уақыт аралығын анықтайды. Бюджеттiк бағдарламаны жоспарлау кезiнде бюджеттiк бағдарламаның негiзгi кезеңдерiн iске асыру мерзiмдерi ресурстарды жұмылдыруға, процестердi iске асыруға және нәтижелердiң көрiнуiне қанша уақыт қажет болатынын түсiнуге мүмкiндігінше негiзделуi тиiс. Бұл ретте, мемлекеттiк салалық бағдарламаларды, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын iске асыру мақсатында ұсынылатын мерзiмдер осы бағдарламаларда анықталған iске асыру мерзiмдерiне сәйкес келуi тиiс; 7) бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер Осы тармақ жылдар бойынша бағдарламаның мақсаттарына қол жеткiзудi сипаттайтын көрсеткiштердi қамтуы тиiс. Бағдарламаның орындалу деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер қол жетiмдi және тексерiлетiн болуы тиiс. 17. Қаржы министрлiгi мыналарды қарайды: осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген облыстар бюджеттерiнiң болжамды көрсеткiштерiн әрi келiседi; бюджеттiк өтiнiмдердi - олардың Республиканың индикативтiк жоспарына, республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына, ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшiн шығыстардың жеткiзiлген лимиттерiне, инвестициялық жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тiзбесi мен көлемдерiне, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің кредиторлық берешегiн өтеу көлемдерiне, бюджеттiк өтiнiмдердi жасауға белгiленген талаптарға сәйкестiгi, есептеулердің дұрыстығы мен негiзділігі мәнінде. Қаржы министрлігінің олар бойынша 3-қосымшаға сәйкес нысанда жасалған қорытындыларын қоса бере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерінің бюджеттiк өтiнiмдерi, сондай-ақ өткен жыл үшiн бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру нәтижелерi туралы ақпарат ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi. 18. Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi мақсаттарын Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес мақұлдаған алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын мақсатты трансферттердi енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды Республикалық бюджет комиссиясына енгiзедi. 19. Республикалық бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi енгiзген ұсыныстарды және республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің бюджеттiк өтінімдерiн, Қаржы министрлігінің қорытындыларын қарайды және ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейінгi мерзімде олар бойынша шешiм шығарады. 20. Қаржы министрлiгi осы Ереженің 19-тармағында көрсетiлген Республикалық бюджет комиссиясының шешiмдерiн ескере отырып, ағымдағы жылдың 20 шілдесiне дейiнгi мерзiмде: 1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің мынадай болжамды көрсеткiштерiн: ерекшелiктер бөлінісiнде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердің көлемдерiн; ағымдағы бюджеттiк бағдарламаларға және бюджеттiк даму бағдарламаларына бөле отырып, бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) деңгейiнде республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бойынша, оның ішінде ағымдағы қаржы жылы iске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет шығыстарының көлемдерiн; республикалық бюджет тапшылығының (профицитiнің) мөлшерiн; тиiстi қаржы жылының аяғындағы үкіметтiк борыш лимитiн; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитiн; 2) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлінісiнде шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық және жергіліктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердің көлемдерiн; акциялардың мемлекеттік пакетi бар акционерлiк қоғамдардан және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардан түсетiн түсiмдердiң толық тiзбесiн; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң республикалық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегiн жоспарланған қаржы жылында өтеу көлемiн; Қазақстан Республикасының Үкiметi резервтерінің мөлшерiн; Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша міндеттемелерін орындау сомасын; айлық жалақының, зейнетақының ең аз мөлшерлерiн, айлық есептік көрсеткіштi; республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергіліктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде республикалық және жергiліктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер сомасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi. 21. Осы Ереженің 20-тармағында көрсетiлген республикалық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн ағымдағы жылдың 25 шiлдесiне дейiн Республикалық бюджет комиссиясы қарайды және анықтайды. Республикалық бюджет комиссиясы Қаржы министрлiгi мен облыстардың жергіліктi атқарушы органдары арасындағы облыстар бюджеттерінің болжамды көрсеткiштерi бойынша келiспеушіліктердi ағымдағы жылдың 25 шiлдесiне дейiн қарайды және оларды реттеу жөнінде шешім шығарады. 4-тарау. Республикалық бюджеттiң жобасын мақұлдау 22. Қаржы министрлiгi Республикалық бюджет комиссиясы анықтаған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткiштерi негізiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкi нұсқасын жасайды және оны ағымдағы жылдың 27 шілдесiне дейiнгi мерзiмде Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкi нұсқасын Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы жылдың 1 тамызына анықтауы тиiс. 23. Қаржы министрлiгi алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкi нұсқасы негiзiнде республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын жасайды және оны ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қарауына енгiзедi. Заң жобасымен бiр мезгiлде Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетiнің болжамды көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзедi. 24. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдағаннан кейiн Қаржы министрлiгi осы Ереженің 13-тармағында көрсетiлген келiсiлген болжамды көрсеткiштердi облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарына жеткізеді. 3-бөлім. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу 1-бөлiмше. Облыстық бюджеттің жобасын және Астана мен Алматы қалалары бюджеттерiнің жобаларын әзiрлеу 5-тарау. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу үшiн негiзгi көрсеткiштер мен басымдықтарды анықтау 25. Облыстың, Астана және Алматы қаласының жергiлiктi уәкiлеттi органы (бұдан әрi - облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы) Республиканың индикативтiк жоспары және Облыстың индикативтiк жоспары, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары негiзiнде, сондай-ақ өткен жылы анықталған үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, осы Ереженің 4-тармағында көрсетiлген нысанда жасалған алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн әзiрлейдi және ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде оларды облыстың, Астана, Алматы қаласының бюджет комиссиясының (бұдан әрi - облыстың бюджет комиссиясы) қарауына енгiзедi. 26. Облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен қаржыландырылатын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi (бұдан әрi - облыстық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi) ағымдағы жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органына бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес өткен жыл үшiн бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы туралы есепті және мыналар жөнiнде: Республиканың индикативтік жоспарының, Облыстың индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және салалық (секторалдық) бағдарламаларының негiзiнде әзiрленген алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының тiзбесi жөнiнде; 1-қосымшаға сәйкес нысанда алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi. Облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы ағымдағы жылдың 10 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде осы тармақта көрсетiлген ұсыныстарды облыстың бюджет комиссиясына енгiзедi. Облыстың бюджет комиссиясы анықтаған облыстық бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын және алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тiзбесiн облыстың жергiлiктi уәкiлеттi органы облыстық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне жеткiзедi. 27. Облыс бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiнiң негiзiнде облыстың бюджет комиссиясы Қаржы министрлiгiне келiсуге ұсыну үшiн осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн қарайды және анықтайды. 28. Облыстық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын, бюджеттердiң деңгейлерi арасындағы кiрiстердi бөлу нормативтерiн, жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуының қаржылық шекаралары мен болжамдалып отырған заемдарының тiзбесiн ескере отырып жасалған облыс бюджетiнiң тапшылығын қаржыландырудың болжамды көрсеткiштерiн ескере отырып, облыстың жергілiктi уәкiлетті органы ағымдағы жылдың 15 сәуiрiне дейiн: 1) алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн; облыстық бюджетке түсетiн түсiмдердi; облыстық бюджеттiң тапшылығын (профицитiн);
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |