|
|
|
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң "Семей" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Қордай" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң "Бейнеу" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң "Өскемен" кеденi" мемлекеттiк мекемелерiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 24 маусымдағы N 688 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 14 сәуірдегі N 357 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi аумақтық органдарының штат саны лимитiнiң шектерiнде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Семей" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Қордай" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Бейнеу" кеденi", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Өскемен" кеденi" мемлекеттiк мекемелерi құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Семей" кеденi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Қордай" кеденi туралы ереже; 3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Бейнеу" кеденi туралы ереже; 4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Өскемен" кеденi туралы ереже бекiтiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi: 1) бір ай мерзімде кедендерді әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 маусымдағы N 688 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң "Семей" кеденi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Семей" кеденi (бұдан әрi - Кеден) кеден органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және өз құзыретiнiң шектерiнде Шығыс Қазақстан облысының аумағында кеден iсiне басшылықты жүзеге асырады. 2. Кеден Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасына (бұдан әрi - Шығыс Қазақстан облысы бойынша КБ) есеп бередi және оның бақылауында болады және өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Кедендi қаржыландыру тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiн ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен және шектерiнде жүзеге асырылады. 4. Кеденнiң құрылымын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң басшысымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимиттерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң басшысы белгiлейдi. 5. Кеден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, сондай-ақ банктерде шоттары болады. 6. Кеденнiң толық атауы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Семей" кеденi" мемлекеттiк мекемесi. 7. Кеденнiң орналасқан жерi: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Әуезов ауданы, Ұнтақтау комбинаты алаңы көшесi, 1. 8. Осы Ереже Кеденнiң құрылтай құжаты болып табылады. 2. Кеденнiң мiндеттерi, функциялары және құқықтары 9. Кеденнiң негiзгi мiндеттерi: 1) өз құзыретiнiң шектерiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және экономикалық мүдделерiн қорғау; 2) өз құзыретiнiң шектерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және Шығыс Қазақстан облысы бойынша КБ-ның аумағында орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген бiрыңғай кеден саясатының сақталуын қамтамасыз ету; 3) кеден iсiн ұйымдастыру және жетiлдiру; 4) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу болып табылады. 10. Кеденнiң негiзгi функциялары: 1) республикалық бюджетке алу кеден органдарына жүктелген кеден төлемдерi мен салықтарының уақытылы және толық енгiзілуін қамтамасыз ету; 2) Шығыс Қазақстан облысының аумағында тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтуiнiң рұқсат етілетін тәртiбiн жүзеге асыру; 3) кеден iсiнiң жай-күйі мен дамуы жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу; 4) Шығыс Қазақстан облысының аумағында тауарлар мен көлiк құралдарын кедендік бақылау мен ресiмдеудi жүзеге асыру оларды жетілдiруге шаралар қабылдау; 5) кеден ережелерiнiң бұзылуына байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру; 6) дербес және өзге де құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылда кеден заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрестi жүзеге асыру, бiрлескен операциялар жүргiзу, ынтымақтастық мәселелерi бойынша бiрлескен құжаттар дайындау; 7) мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау, қоршаған табиғи ортаны, жануарларды, өсiмдiктердi қорғау, әкелiнетiн тауарларды тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу; 8) өз құзыретiнiң шектерiнде және заңнамаға сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру; 9) дербес және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара іс-қимылда кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, кеден инфрақұрылымы объектілерiнiң күзет жүйесiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы кеден шекарасын күзету; 10) сыртқы сауданың кеден статистикасын ұйымдастыру және жүргiзу, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыру үшiн Шығыс Қазақстан облысы бойынша КБ-ға бастапқы деректердi ұсыну заңнамада белгiленген тәртiппен арнайы кеден статистикасын жүргізy; 11) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiмен келiсiм бойынша шет мемлекеттердiң кеден iсi мәселелерiмен айналысатын кеден және өзге де құзыреттi органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру; 12) Кеденде кадрларды iрiктеу, орналастыру, олардың кәсiби даярлығы жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу; 13) кеден инфрақұрылымының құрылысын жобалау мен оны қайта жаңғыртуды жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысу; 14) Кеден қызметкерлерi үшiн қажеттi еңбек жағдайларын жасау, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету; 15) Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiн жетілдiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру; 16) Кеденнiң бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғаларды кеден iсi мәселелерi бойынша хабардар ету, өз құзыретiнiң шеңберiнде азаматтардың шағымдары мен өтiнiштерiн уақытылы және байыпты қарау, мемлекеттiк органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерiне қысым жасауды туғызатын себептердi жою жөнiнде шаралар қабылдау; 17) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды орындау болып табылады. 11. Кеденнiң өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыруы кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға; 2) өз құзыретiнiң шектерiнде кеден ережелерiн бұзу туралы iстердi қарауға және жүргiзуге қабылдауға не оларды қарау үшiн ведомстволық бағыныстылығы бойынша беруге; 3) өз құзыретiнiң шектерiнде мемлекеттiк органдармен, өзге де ұйымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерiнiң лауазымды адамдарымен және азаматтарымен өзара iс-қимыл жасауға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтық өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Кеденнiң қызметiн ұйымдастыру 12. Кеден жұмысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша КБ-ның құрылымдық бөлiмшелерiмен, Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органдарымен өзара iс-қимылда ағымдағы және перспективалық жоспарлардың негiзiнде ұйымдастырады. 13. Кеден өзiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерден тұрады. 14. Кедендi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады. 15. Кеден бастығының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады. 16. Кеден бастығы Кеденнiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады. 17. Кеденнiң бастығы осы мақсаттарда: 1) Кеденнiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады; 2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Кедендi бiлдiредi; 3) өзiнiң орынбасары мен құрылымдық бөлiмшелер басшыларының өкілеттiктерi мен мiндеттерiн белгілейдi; 4) заңнамаға және лауазымдардың номенклатурасына сәйкес Кеденнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 5) өз құзыреті шектерiнде бұйрықтарға қол қояды; 6) Кеденнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi және лауазымды адамдардың функционалдық мiндеттерiн бекiтедi; 7) заңнамада белгiленген тәртiппен қызметкерлерге қатысты көтермелеу шараларын қолданады, сондай-ақ оларға тәртіптiк жаза қолданады, Кеденнiң лауазымды адамдарына арнаулы атақтар беру туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне ұсынымдар енгiзедi; 8) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне Кеденнiң құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар енгiзеді; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 4. Кеденнің мүлкі 18. Кеденнiң өзiне жедел басқару құқығымен берiлген оқшауланған мүлкi болады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Кеденнiң теңгерімінде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады. 19. Кеденге бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 20. Кеденнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Кеденге заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртiппен мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 5. Кедендi қайта ұйымдастыру және тарату 21. Кедендi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 маусымдағы N 688 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң "Қордай" кеденi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Қордай" кеденi (бұдан әрi - Кеден) кеден органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және өз құзыретiнiң шектерiнде Жамбыл облысының аумағында кеден iсiне басшылықты жүзеге асырады. 2. Кеден Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша Кеден басқармасына (бұдан әрi Жамбыл облысы бойынша КБ) есеп бередi және оның бақылауында болады және өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Кедендi қаржыландыру тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiн ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен және шектерiнде жүзеге асырылады. 4. Кеденнiң құрылымын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң басшысымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимиттерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң басшысы белгiлейдi. 5. Кеден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, сондай-ақ банктерде шоттары болады. 6. Кеденнiң толық атауы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Қордай" кеденi" мемлекеттiк мекемесi. 7. Кеденнiң орналасқан жерi: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай селосы, Жібек жолы көшесі, 1. 8. Осы Ереже Кеденнiң құрылтай құжаты болып табылады. 2. Кеденнiң мiндеттерi, функциялары және құқықтары 9. Кеденнiң негiзгi мiндеттерi: 1) өз құзыретiнiң шектерiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және экономикалық мүдделерiн қорғау; 2) өз құзыретiнiң шектерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және Жамбыл облысы бойынша КБ-ның аумағында орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген бiрыңғай кеден саясатының сақталуын қамтамасыз ету; 3) кеден iсiн ұйымдастыру және жетiлдiру; 4) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу болып табылады. 10. Кеденнiң негiзгi функциялары: 1) республикалық бюджетке алу кеден органдарына жүктелген кеден төлемдерi мен салықтарының уақытылы және толық енгiзілуін қамтамасыз ету; 2) Жамбыл облысының аумағында тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтуiнiң рұқсат етілетін тәртiбiн жүзеге асыру; 3) кеден iсiнiң жай-күйі мен дамуы жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу; 4) Жамбыл облысының аумағында тауарлар мен көлiк құралдарын кедендік бақылау мен ресiмдеудi жүзеге асыру оларды жетілдiруге шаралар қабылдау; 5) кеден ережелерiнiң бұзылуына байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру; 6) дербес және өзге де құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылда кеден заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрестi жүзеге асыру, бiрлескен операциялар жүргiзу, ынтымақтастық мәселелерi бойынша бiрлескен құжаттар дайындау; 7) мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау, қоршаған табиғи ортаны, жануарларды, өсiмдiктердi қорғау, әкелiнетiн тауарларды тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу; 8) өз құзыретiнiң шектерiнде және заңнамаға сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру; 9) дербес және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара іс-қимылда кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, кеден инфрақұрылымы объектілерiнiң күзет жүйесiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Жамбыл облысының аумағындағы кеден шекарасын күзету; 10) сыртқы сауданың кеден статистикасын ұйымдастыру және жүргiзу, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыру үшiн Жамбыл облысы бойынша КБ-ға бастапқы деректердi ұсыну заңнамада белгiленген тәртiппен арнайы кеден статистикасын жүргізy; 11) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiмен келiсiм бойынша шет мемлекеттердiң кеден iсi мәселелерiмен айналысатын кеден және өзге де құзыреттi органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру; 12) Кеденде кадрларды iрiктеу, орналастыру, олардың кәсiби даярлығы жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу; 13) кеден инфрақұрылымының құрылысын жобалау мен оны қайта жаңғыртуды жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысу; 14) Кеден қызметкерлерi үшiн қажеттi еңбек жағдайларын жасау, олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету; 15) Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай автоматтандырылған жүйесiн жетілдiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру; 16) Кеденнiң бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғаларды кеден iсi мәселелерi бойынша хабардар ету, өз құзыретiнiң шеңберiнде азаматтардың шағымдары мен өтiнiштерiн уақытылы және байыпты қарау, мемлекеттiк органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерiне қысым жасауды туғызатын себептердi жою жөнiнде шаралар қабылдау; 17) өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды орындау болып табылады. 11. Кеденнiң өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыруы кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға; 2) өз құзыретiнiң шектерiнде кеден ережелерiн бұзу туралы iстердi қарауға және жүргiзуге қабылдауға не оларды қарау үшiн ведомстволық бағыныстылығы бойынша беруге; 3) өз құзыретiнiң шектерiнде мемлекеттiк органдармен, өзге де ұйымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерiнiң лауазымды адамдарымен және азаматтарымен өзара iс-қимыл жасауға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтық өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Кеденнiң қызметiн ұйымдастыру 12. Кеден жұмысты Жамбыл облысы бойынша КБ-ның құрылымдық бөлiмшелерiмен, Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органдарымен өзара iс-қимылда ағымдағы және перспективалық жоспарлардың негiзiнде ұйымдастырады. 13. Кеден өзiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшелерден тұрады. 14. Кедендi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады. 15. Кеден бастығының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады. 16. Кеден бастығы Кеденнiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады. 17. Кеденнiң бастығы осы мақсаттарда: 1) Кеденнiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады; 2) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Кедендi бiлдiредi; 3) өзiнiң орынбасары мен құрылымдық бөлiмшелер басшыларының өкілеттiктерi мен мiндеттерiн белгілейдi; 4) заңнамаға және лауазымдардың номенклатурасына сәйкес Кеденнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 5) өз құзыреті шектерiнде бұйрықтарға қол қояды; 6) Кеденнiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi және лауазымды адамдардың функционалдық мiндеттерiн бекiтедi; 7) заңнамада белгiленген тәртiппен қызметкерлерге қатысты көтермелеу шараларын қолданады, сондай-ақ оларға тәртіптiк жаза қолданады, Кеденнiң лауазымды адамдарына арнаулы атақтар беру туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне ұсынымдар енгiзедi; 8) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетiне Кеденнiң құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар енгiзеді; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 4. Кеденнің мүлкі 18. Кеденнiң өзiне жедел басқару құқығымен берiлген оқшауланған мүлкi болады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Кеденнiң теңгерімінде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұрады. 19. Кеденге бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 20. Кеденнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Кеденге заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртiппен мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 5. Кедендi қайта ұйымдастыру және тарату 21. Кедендi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 маусымдағы N 688 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң "Бейнеу" кеденi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Бейнеу" кеденi (бұдан әрi - Кеден) кеден органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және өз құзыретiнiң шегінде Маңғыстау облысының аумағында кеден iсiне басшылықты жүзеге асырады. 2. Кеден Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша басқармасына (бұдан әрi Маңғыстау облысы бойынша КБ) есеп бередi және бақылауында болады және өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Кедендi қаржыландыру тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiн ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен және шектерiнде жүзеге асырылады. 4. Кеденнiң құрылымын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң басшысымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен штат саны лимиттерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң басшысы белгiлейдi. 5. Кеден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, сондай-ақ банктерде шоттары болады. 6. Кеденнiң толық атауы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Кеден комитетiнiң "Бейнеу" кеденi" мемлекеттiк мекемесi. 7. Кеденнiң орналасқан жерi: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу" станциясы. 8. Осы Ереже Кеденнiң құрылтай құжаты болып табылады. 2. Кеденнiң мiндеттерi, функциялары және құқықтары 9. Кеденнiң негiзгi мiндеттерi: 1) өз құзыретiнiң шектерiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және экономикалық мүдделерiн қорғау; 2) өз құзыретiнiң шектерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және Маңғыстау облысы бойынша КБ-ның аумағында орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген бiрыңғай кеден саясатының сақталуын қамтамасыз ету; 3) кеден iсiн ұйымдастыру және жетiлдiру; 4) Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу болып табылады. 10. Кеденнiң негiзгi функциялары: 1) республикалық бюджетке алу кеден органдарына жүктелген кеден төлемдерi мен салықтарының уақытылы және толық енгiзілуін қамтамасыз ету; 2) Маңғыстау облысының аумағында тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтуiнiң рұқсат етілетін тәртiбiн жүзеге асыру; 3) кеден iсiнiң жай-күйі мен дамуы жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу; 4) Маңғыстау облысының аумағында тауарлар мен көлiк құралдарын кедендік бақылау мен ресiмдеудi жүзеге асыру оларды жетілдiруге шаралар қабылдау; 5) кеден ережелерiнiң бұзылуына байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру; 6) дербес және өзге де құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылда кеден заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрестi жүзеге асыру, бiрлескен операциялар жүргiзу, ынтымақтастық мәселелерi бойынша бiрлескен құжаттар дайындау; 7) мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау, қоршаған табиғи ортаны, жануарларды, өсiмдiктердi қорғау, әкелiнетiн тауарларды тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу; 8) өз құзыретiнiң шектерiнде және заңнамаға сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |