|
|
|
Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудiң ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 25 ақпандағы N 200 қаулысы Осы редакция 2003 ж. 2 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудің ережесi бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 200 қаулысымен бекiтiлген Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы төлеудің ережесi Осы Ереже бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi - жәрдемақы) төлеудің тәртiбiн "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiлейдi. 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық органдары; жәрдемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны; жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi орган - заңнамада белгіленген тәртіппен iрiктелген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктер немесе ұйымдар. 2. Жәрдемақы алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шет елдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың құқығы бар. 3. Жәрдемақыларды төлеу тiрi бала туған аналарға (анасы қайтыс болған жағдайда әкелерiне), баланы асырап алған немесе қамқорлығына алған адамдарға кiрiсiне қарамастан жүргiзiледi. 4. Бала өлi туған жағдайда жәрдемақы төленбейдi. 5. Екi немесе одан да көп бала туған жағдайда жәрдемақы әрбiр балаға төленедi. 6. Жәрдемақыларды төлеу "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес он бес айлық есептік көрсеткiш мөлшерінде, 2003 жылы туған балаларға жүзеге асырылады. 7. Жәрдемақыларды төлеу көзi республикалық бюджет қаражаты болып табылады. 8. Жәрдемақы алуға өтiнiш беру мерзiмi баланың туған күнiнен бастап 6 айдан аспауға тиiс. 2. Бала тууына байланысты берiлетiн бір жолғы мемлекеттiк жәрдемақы алуға өтініш беру тәртiбi 9. Жәрдемақыны алушылар тұрғылықты жерi бойынша жәрдемақы төлеу жөнiндегi аудандық (қалалық) уәкілетті органдарға мынадай құжаттар ұсынады: 1) белгiленген нысандағы өтiнiш (1-қосымша); 2) баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi; 3) алушының жеке басын куәландыратын құжат; 4) тұрғылықты жерiн растайтын құжат; 5) егер баланың әкесi алушы болып табылған жағдайда, шешесiнің қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесi. 10. Асырап алушы (қыз асырап алушы), қамқоршы осы Ереженiң 9-тармағында көзделген құжаттардан басқа тиiстi органның асырап алу (қыз асырап алу) немесе қамқорлығына алу туралы шешімінің үзіндісін ұсынады. 11. Салыстыру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, кейiннен құжаттардың түпнұсқалары өтінiш берушiге қайтарылады. 12. Жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi аудандық (қалалық) уәкiлетті ұйымдардың қызметкерлерi құжаттар көшiрмелерiн растайды, қоса берiлiп отырған құжаттармен бiрге өтiнiштi журналда тiркейдi және өтініш берушiге өтiнiштi қабылдағаны туралы белгiсi бар жыртпалы талон бередi. Өтiніштi және құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес күн iшiнде iс қалыптастырылады және жәрдемақыны тағайындау туралы шешімінің жобасы (2-қосымша) әзiрленедi. 13. Жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi аудандық (қалалық) уәкiлетті ұйымдар 3 күн мерзiмде жәрдемақы төлеу жөнiндегi облыстық, Астана және Алматы қалалары уәкiлеттi ұйымдар арқылы iстер мен жәрдемақыларды тағайындау туралы шешiмдердiң жобасын жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi тиiсті уәкілеттi органға жібереді. 14. Жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлетті орган iстi алған күннен бастап он күн iшiнде оны қарайды, басшы қол қоятын жәрдемақыны төлеу туралы шешiмдi қабылдайды және оларды аудандық (қалалық) жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарға жiбередi. 3. Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақыны төлеу тәртiбi 15. Жәрдемақылар төлеудi жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым жәрдемақы беретін уәкiлеттi ұйымдар арқылы жүзеге асырады. 16. Жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлетті органдар қабылдаған шешiмдер негiзiнде жәрдемақыларды төлеуге арналған қаражат қажеттiлiгi өтiнiмiн жасайды және оларды айдың 25 күнi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне (бұдан әрі - министрлiк) бередi. 17. Министрлiк жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның есеп айырысу шотына министрлiктiң 2003 жылға арналған мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiнде қаражат аударады. 18. Жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi республикалық уәкiлеттi ұйым облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi кесте жасайды және үш банк күнi iшiнде жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлетті ұйымға белгiленген тәртіппен алушылардың ағымдағы шотына аудару жолымен төлем тапсырыстарын аударады. 19. Төлеу жөнiндегi облыстық, аудандық және қалалық уәкiлетті ұйымдар мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлетті ұйымдар арасында төленген сомалар бойынша салыстыру актiлерi жасалады. 20. Министрлiк және жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi республикалық уәкiлеттi орган арасында бөлiнген қаражат бойынша ай сайын салыстыру актiсi жасалады. 21. Жәрдемақыларды беру жөнiндегі қызметтер көрсетуге ақы төлеу жәрдемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым мен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлетті ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасасқан шарттың негiзiнде жүргiзiледi. 4. Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындаудың уақытылығы және төленуі үшін жауапкершілік 22. Жәрдемақыларды тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органдар, сондай-ақ жәрдемақылар төлеу және беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар тиiсiнше жәрдемақыларды тағайындаудың, төлеудiң және берудiң уақытылылығы үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен жауапты болады. 1-қосымша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi аумақтық органының бастығы_____________ Өтiнiш Бала тууға байланысты маған бiр жолғы жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын ──────────────────────────────────────────────────────────────┐ │Тегi _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ │ │Аты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ │ ¦Әкесiнiң │ │аты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ │ ¦ӘЖК _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ │ │СТН _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ │ │ │ │Мекен жайы ___________________________________ │ └──────────────────────────────────────────────────────────────┘ Жеке басын куәландыратын құжат _________________________________ (құжаттың түрін көрсету) Сериясы ___________ нөмiрi _________ кiм бepді _______________ 200__ ж.________ ________________________ (өтiнiш берушiнiң қолы) Өтiнiш қабылданды 200__ ж.________ ______________________________ (құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы) ─────────────────────────────────────────────────────────────────── (кесу сызығы) Азамат _______________ ________ данада қоса берiлген құжаттарымен 200__ ж.__________ қабылданды ─────────────────────────────────────────────────────────────────── (құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы) 2-қосымша Бала тууға байланысты бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау туралы шешім N_____ 2003 жылғы_____________ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнің__________________ облысы бойынша департаментi істің N__________ Азамат_______________________________________ (тегі, аты, әкесiнің аты) Баланың туған күнi____________ Туу туралы куәліктің N__________ берiлген күнi_________ Туу туралы куәлікті берген органның атауы______________________ Есептелген сома_____________________ (жазбаша) М.О. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi департаментiнің директоры (қолы) _____________________ (тегi) Тағайындау жөніндегi маман (қолы) _____________________ (тегi) Шешім жобасын әзiрледі: М.О. ЗТМО бөлiмшесiнің бастығы (қолы) _____________________ (тегi) ЗТМО бөлiмшесiнің маманы (қолы) _____________________ (тегi)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |