|
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 135 бұйрығымен бекітілді Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 348 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізудің тәртібін анықтайды. 2. Талдау жүргізу үшін өзіне мыналарды қамтитын қаржылық ақпараттың мынадай нысандары ақпараттық дерекқор болып табылады: 1) Айналым балансы; 2) Кірістер мен шығыстар туралы есеп; 3) Ақшаның қозғалысы туралы есеп; 4) Кезең шығыстарының құрамы туралы есеп; 5) Еңбек жөніндегі есеп; 6) Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өндіру туралы есеп; 7) Бөлінбеген кіріс қозғалысы туралы есеп (жабылмаған зиян); 8) Қаржылық ақпарат нысандарына түсіндірме жазба. 3. Көрсеткіштерді есептеу Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметтері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін анықтау ережесінде (бұдан әрі - Ереже) берілген. 4. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметіне талдау мынадай тізбектілікте жүргізіледі: 1) Активтерді қалыптастыру көздерін талдау: өзіндік капитал; кірістер мен шығыстар; міндеттемелер. 2) Активтердің құрылымын талдау: айналымнан тыс активтер; ағымдағы активтер. 3) Еңбек және жалақыны талдау. 2. Активтерді қалыптастыру көздерін талдау Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |