|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 26 тамыздағы N 866 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі" деген бөлім және реттік нөмірі 17, 19-жолдар алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген бөлімде: реттік нөмірлері 99, 100, 101, 102-жолдар алынып тасталсын; реттік нөмірі 106-жол мынадай редакцияда жазылсын: "106. "Қарағандыликвидшахт" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Қарағанды қаласы"; "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі"; 2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына: көрсетілген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын: "1. АЛА - 000079 "Академик Шөкин атындағы Қазақ энергетика ҒЗИ" ААҚ 2. АЛА - 005032 "ТрансПетролеум" ААҚ 3. АЛА - 005039 "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ 4. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ 5. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ 6. "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" ("КОРЭМ") ЖАҚ 7. ВКО - 002784 "Бұқтырма СЭС" ААҚ 8. ВКО - 001231 "Алтайэнерго" ААҚ 9. ЖМБ - 000962 "Жамбыл электр желісін таратушы компаниясы" ААҚ 10. КРГ - 002979 "Қарағанды электр желісін таратушы компаниясы" ААҚ 11. КСТ - 000011 "Оңтүстік электр желілері" ААҚ 12. ПВЛ - 000600 "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" ААҚ 13. ПВЛ - 000718 "Майкөбе разрезі" ААҚ 14. "Екібастұз энергия орталығы" ЖАҚ 15. СКО - 000013 "Көкшетау электр желісін таратушы компаниясы" ААҚ 16. ЮКО - 010230 "Шардара СЭС" ААҚ 17. "Мұнай және газ өнеркәсібі бас диспетчерлік басқармасы" ЖАҚ 18. "Астанаэнергосервис" ААҚ 19. ЗКО - 001292 "Батыстрансгаз" ААҚ 20. ЗКО - 010049 "Қазақгаз" республикалық компаниясы" ААҚ; 3) "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 3, 37-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде: 11-тармақтың 27) тармақшасында: ", сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің қызметін жүзеге асырушы орган" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |