|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1162 және 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы N 1137 қаулысы Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 тамыздағы N 824 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1162 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2003-2005 жылдарға арналған перспективалық жоспарында: "Заң жобасының атауы" деген бағандағы реттiк нөмiрi 23-жолда "Кейбiр заң актiлерiне өндiрiс және тұтыну қалдықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" деген сөздер "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өндiрiс және тұтыну қалдықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 3 ақпандағы N 117 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2003 жылға арналған жоспарында: "Заң жобасының атауы" деген бағандағы реттiк нөмiрi 38-жолда "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өндiрiс және тұтыну қалдықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" деген сөздер "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өндіріс және тұтыну қалдықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |