|
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 461 қаулысы Осы редакция 2004 ж. 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Астананың ақпараттық, бiлiм беру, мәдени-ағарту инфрақұрылымын одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттiк мекемеci (бұдан әpi - Мекеме) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен: 1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне көзделетiн қаражаттың есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1172 қаулысына мынадай толықтыру енгізiлсiн: көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Кiтапханалар" деген бөлiм: мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "40-1. Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы". 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |