|
|
|
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысы (ҚР Үкіметінің 30.05.02 ж. N 596; 13.06.02 ж. N 639; 14.06.02 ж. N 644; 28.12.02 ж. N 1270; 29.12.02 ж. N 1443; 23.07.03 ж. N 731; 08.01.04 ж. N 14; 03.03.04 ж. N 260;17.03.04 ж. N 330; 24.06.04 ж. N 604; 30.07.04 ж. N 806 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді: 1. Таратылып отырған Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мүлкiн басқару жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi бере отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырғандар: 1) Комитет туралы ереже; 2) Комитеттiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi; 3) Комитеттiң басшы құрамындағы типтiк лауазымдар санаттарының және оларға тиiстi шектi арнайы атақтардың тiзбесi; 4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 3. "Еңбек" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық басқару құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауынан Комитеттiң қарауына берiлсiн. 4. Кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысы бойынша мемлекеттiк меншiк құқық субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган Комитет болып белгiленсiн. 5. Комитет осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 6. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң мәртебесiн белгiлейтiн заңнама кесiмi қабылданғанға дейiн "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644 қаулысының күшi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне қолданылсын. 7. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң, олармен бiрге тұратын өздерiнiң отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ осы жүйенiң зейнеткерлерiнiң Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң медициналық мекемелерiнде тегiн медициналық қызмет көрсетудi алуына құқығы бар; 2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарына қызметке қабылданатын азаматтар, сондай-ақ олардың қызметкерлерi қылмыстық-атқару жүйесi органдарының кадр аппаратының жолдамасы бойынша қызметке жарамдылығын анықтау үшiн iшкi істер органдарының әскери-дәрiгерлiк комиссияларында медициналық куәландырудан өтедi деп белгiленсiн. 8. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң тиiсті нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылданғанға дейiн iшкi iстер органдарының нысанды киiм-кешектерiн киiп жүру құқығы сақталсын. 9. Әдiлет министрлiгi мен Ішкi iстер министрлiгi Әдiлет министрлiгiнiң құрылымында қылмыстық-атқару жүйесiнiң жұмыс істеуi жағдайында Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiмен және қызметтерiмен өзара бiрлесiп, қылмыстық-атқару жүйесiнiң іс-қимыл жасау тәртiбiн белгiлейтiн бiрлескен бұйрықтар әзiрлесiн және қабылдасын. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 10-тармақтың күші жойылды 10. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 11. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 260 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң құзыретi шегiнде атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ қылмыстық жазалауды және тергеу изоляторларында күдiктілер мен айыпталушыларды уақытша оқшаулауды орындау саласындағы салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы бар мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кiредi. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамамен белгiленген тәртiппен бұйрықтар түрiндегi кесiмдер шығарады, қылмыстық-атқару жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыру мәселелерi бойынша нұсқаулар бередi. 5. Комитеттiң құрылымы және штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленедi. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 260 қаулысымен 6-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 6. Комитеттің облыстар мен Алматы қаласында мемлекеттiк мекемелердiң ұйымдастыру-құқықтық нысандағы, сондай-ақ тергеу изоляторларында күдiктілер мен айыпталушыларды уақытша оқшаулауды және қылмыстық-атқару заңнамасының орындалуын қамтамасыз ететiн аумақтық органдары, сотталғандарды күзету және тәртiбiн қадағалауды жүзеге асыратын саптық бөлiмшелерi, оқу мекемелерi мен кәсiпорындары болады. 7. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, N 3-шағын ауданы, N 32-үй. 8. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi" мемлекеттiк мекемесi. 9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 10. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен және заңнамалық кесiмдермен тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады. Комитетке кәсiпкерлiк субъектілермен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады. 2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 260 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 11. Комитеттiң негізгi мiндеттерi: 1) қылмыстық жазалауды және күдiктілер мен айыпталушыларды уақытша оқшаулауды орындау жөнiндегі мекемелер мен органдардың жұмысын ұйымдастыру және жетiлдiру; 2) жазалауды және күдiктілер мен айыпталушыларды уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелер мен органдарда құқық тәртiбi мен заңдылықты, олардың аумағындағы қызметкерлердiң, лауазымды адамдар мен азаматтардың, сондай-ақ онда ұсталатын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру; 3) заңнамада белгіленген күдiктілердi, айыпталушыларды және сотталғандарды ұстау шарттары нормаларының орындалуын қамтамасыз етудi ұйымдастыру; 4) шарттар бойынша, жеке еңбек және өзге де қызметтiң әдiсiмен қылмыстық-атқару жүйесiнiң кәсiпорындарында сотталғандардың еңбегiне жағдай жасау және оны ұйымдастыру; 5) сотталғандарға жалпы бiлiм берудi және кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру; 6) өз құзыретi шегiнде қылмыстық-атқару жүйесiнiң тiршiлiгiн қамтамасыз ету және оның шығыстарын бөлiнген қаржы мен лимиттер шегiнде қаржыландыруды қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесiнiң материалдық-техникалық базасы мен әлеуметтiк саласын дамыту және нығайту; 7) жазалауды және күдiктілер мен айыпталушыларды уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелер мен органдарда Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; 8) түзеу мекемелерiнде және тергеу изоляторларында дайындалатын және жасалатын қылмыстарды және жазалауды және күзетте ұстауды өтеудiң белгiленген тәртiбiн бұзушылықтарды анықтау, ашу, жолын кесу және алдын алу. Сотталғандар түзеу мекемесiне келгенге дейiн жасаған қылмыстарды анықтауға және ашуға жәрдемдесу; 9) қылмыстық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес анықтауды жүзеге асыру; 10) сотталғандардың, жазалауды және уақытша оқшаулауды орындайтын мекемелерде ұсталатын күдiктілер мен айыпталушылардың денсаулығын сақтауды ұйымдастыру болып табылады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 260 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 12. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелерде ұсталатын адамдарды жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелер мен органдарға орналастыруды ұйымдастырады, жазалауды және уақытша оқшалауды орындаушы мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтарының, оларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларының сақталуын қамтамасыз етедi; 2) сотталғандарға қатысты соттар үкiмдерiнiң, қаулыларының, ұйғарымдары мен шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады және ұйымдастырады, жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелер мен органдарда режимдiк талаптардың орындалуын ұйымдастырады; 3) сотталғандарды тергеу изоляторларынан, сондай-ақ жазалауды орындаушы мекемелер мен органдардан басқаларына ауыстыруды жүзеге асырады; 4) өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiн, органдары мен кәсiпорындарын, сондай-ақ тергеу изоляторларын күзетудi, сотталғандар мен қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi, iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, бас бостандығынан айыру орындарында қылмысты, соның iшiнде ұйымдасқан қылмысты бейтараптандыруға және оның жолын кесуге байланысты мәселелердi шешедi; 5) қылмыстық-атқару жүйесiндегi және тергеу изоляторларындағы жедел жағдайды тұрақты бақылауды жүзеге асырады; 6) рақымшылық және кешiрiм жасау актiлерiнiң орындалуын ұйымдастырады; 7) сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалауды орындау, жазаның осы түрiн өтеуден жалтарушы сотталғандарға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын уақытылы жүргізу жөнiндегі жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады; 8) сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң емдеу-алдын алу мекемелерiне жiбередi, медициналық сипаттағы мәжбүрлi шараларды қамтамасыз ету бөлiгiндегi соттар үкiмдерiнiң уақытылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады, ауруға байланысты жазалауды өтеуден босату үшiн сотқа материалдар ұсынады; 9) сотталғандарды босатуға даярлау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды, жазалауды орындаушы мекемелер мен органдардың басқа құқық қорғау органдарымен, атқарушы өкiмет органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен сотталғандарды түзеудiң нәтижелерiн бекiту, оларды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөнiндегi өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi; 10) бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды азық-түлiкпен, заттай және интенданттық мүлiкпен материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудi ұйымдастырады; 11) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; 12) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерi мен органдарында және тергеу изоляторларындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы арыздарды қарайды; 13) қызметiн қылмыстық-атқару жүйесiнде жүзеге асыратын мекемелердi, органдар мен ұйымдарды құру және тарату туралы ұсыныстар дайындайды; 14) жазалауды орындаушы аумақтық органдарға, мекемелерге, оқу орындарына, органдарға және қылмыстық-атқару жүйесiнiң кәсiпорындарына басшылық етудi жүзеге асырады; 15) төтенше жағдайлар кезiнде қызметтiк мiндеттердi орындау жөнiндегі iс-әрекеттердiң жедел жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қажеттi күштерi мен қаражатын тартуды және олардың құқық қорғау органдарымен және басқа да ведомстволармен өзара iс-әрекетiн қамтамасыз етедi; 16) Комитеттің кадрларын iрiктеу, орналастыру, оқыту және тәрбиелеу жөнiндегi жұмысты жетiлдiредi, қылмыстық-атқару жүйесiнiң және тергеу изоляторларының қызметкерлерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етедi, оларды кәсiби даярлауды ұйымдастырады; 17) жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелерде жедел-iздестiру қызметтi жүзеге асырады және ұйымдастырады, оны жетiлдiру жөнiндегi шараларды қабылдайды, қылмыстарды анықтауда, алдын алуда, олардың жолын кесуде және ашуда iшкi iстер органдарының жедел, тергеу және басқа да аумақтық бөлiмшелерiмен өзара iс-әрекет жасайды; 18) жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелер мен органдарды, қылмыстық-атқару жүйесiнiң аумақтық басқару органдарын заңнамамен белгiленген тәртiппен бөлiнген қаражат пен лимиттер шегiнде, сондай-ақ басқа да заңды көздерден қаржыландыруды жүзеге асырады, қылмыстық-атқару жүйесiнiң алдында тұрған мiндеттердi жүзеге асыруға арналған материалдық-техникалық ресурстардың ұтымды бөлiнуiн қамтамасыз етедi, олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады, қылмыстық-атқару жүйесiнiң аумақтық басқару органдарымен бiрлесiп, қылмыстық-атқару жүйесi мүлкiнiң тиiмдi пайдаланылуын және сақталуын бақылайды, өз құзыретi шегiнде қылмыстық-атқару жүйесi бөлiмшелерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң тексеру жұмысын жүзеге асырады; 19) қылмыстық-атқару жүйесiн, тергеу изоляторларын дамыту және нығайту бағдарламаларын әзiрлейдi, оларды iске асыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады және олардың орындалуын бақылайды; 20) халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады, жүзеге асырады және үйлестiредi; 21) өз құзыретi шегiнде қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз етудi ұйымдастырады; 22) Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 206 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 13. Комитет өз құзыретi шегiнде негізгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамамен белгіленген тәртiппен: 1) аумақтық органдарға және ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен кәсiпорындарға қатысты әкiмшiлiк-өкiмгерлiк және бақылау функцияларын орындауға; 2) мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; 3) нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын дайындауға; 4) төтенше оқиғалар жағдайларына қызметтік тексерулер жүргiзуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болдырмау жөнiндегi шараларды қабылдауға; 5) жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелер мен органдарда ерекше жағдай режимiн енгiзуге; 6) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мәжiлiстер, семинарлар, конференциялар өткiзуге; 7) соттарда талапкер және жауапкер болуға; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Комитеттiң мүлкi 14. Комитеттiң жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлкi болады. 15. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны дербес баланста көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады. 16. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. N 260 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 17. Комитеттi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның төрт орынбасары, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады. Комитет төрағасының бiрiншi орынбасары және орынбасарлары, сондай-ақ аумақтық органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 18. Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердi орындауы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады. ҚР Үкіметінің 14.06.02 ж. N 644; 03.03.04 ж. N 260 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 19-тармақ өзгертілді 19. Комитеттiң төрағасы осы мақсаттарда: 1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 2) заңнамаға және лауазымдардың номенклатурасына сәйкес Комитеттiң, жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелер мен органдардың қызметкерлерiн, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) әдiлет қатардағы, әдiлет кiшi сержанты, әдiлет сержанты, iшкi қызметтiң аға сержанты, әдiлет старшинасы, әдiлет прапорщигi, әдiлет аға прапорщигi, әдiлет кiшi лейтенанты, әдiлет лейтенанты, әдiлет аға лейтенанты, әдiлет капитаны, әдiлет майоры, әдiлет подполковнигі арнаулы атақтарын бередi; 4) Комитеттің, аумақтық органдардың, жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелер мен органдардың қызметкерлерiн, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындардың басшыларын заңнамада белгiленген тәртiппен көтермелейдi, оларға тәртiптiк жаза қолданады; 5) Комитеттің басшы құрамының үлгi лауазымдары санаттарының және оларға тиiстi шектi арнайы атақтарының тiзбесiнде белгiленбеген Комитеттiң қатардағы және басшы құрамының басқа лауазымдарының және оларға тиiстi шектi арнайы атақтарының тiзбесiн белгiлейдi; 6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық органдары туралы ережелердi, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен мекемелердiң Жарғыларын бекiтедi; 7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi білдіреді; 8) қолда бар қаржы ресурстарын және қылмыстық-атқару жүйесiнiң алдында тұрған мiндеттердi негiзге ала отырып, жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелер мен органдар үшiн шығыстардың сметаларын бекiтедi; 9) белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен қылмыстық-атқару жүйесiне Комитеттi, аумақтық органдарды, жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелер мен органдарды ұстауға бөлiнген, сондай-ақ басқа да заңды көздерден алынған қаражатқа билiк етедi; 10) белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен органдарға практикалық көмек көрсету және олардың қызметiн тексерудi жүргiзу, басқа да қызметтiк мәселелердi шешу үшiн iссапарларға жiбередi; 11) Комитеттiң, сондай-ақ жазалауды және уақытша оқшаулауды орындаушы мекемелер мен органдардың жеке құрамының iшiнде тәрбие жұмысын, олардың тәртiптi, заңдылықты және құпиялылық режимiн, қызметтiк және жауынгерлiк даярлығын сақтауын ұйымдастырады; 12) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтiнiштердi қарайды, олар бойынша шешiм қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу фактiлерi бойынша қызметтiк тексеру жүргiзедi; 13) оның құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды; 14) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi ҚР Үкіметінің 13.06.02 N 639; 30.05.02 N 596; 28.12.02 ж. N 1270 ; 23.07.03 ж. N 731; 08.01.04 ж. N 14; 03.03.04 ж. N 260 (бұр. ред. қара);30.07.04 ж. N 806 қаулыларымен тізбе өзгертілді 1. алынып тасталды 1-1. "Еңбек-Астана" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-2. "Еңбек-Ақтөбе" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-3. "Еңбек-Атырау" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-4. "Еңбек-Өскемен" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-5. "Еңбек-Тараз" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-6. "Еңбек-Орал" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-7. "Еңбек-Қарағанды" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-8. "Еңбек-Қызылорда" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-9. "Еңбек-Қостанай" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-10. "Еңбек-Ақтау" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-11. "Еңбек-Павлодар" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-12. "Еңбек-Қызылжар" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-13. "Еңбек-Шымкент" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-14. "Еңбек-Алмас" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-15. "Еңбек-Гранит" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-16. "Еңбек-Семей" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-17. "Еңбек-Алматы" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-18. "Еңбек-Тас" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1-19. "Еңбек-Көкшетау" түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсiпорны Мемлекеттiк кәсiпорындар 2. Павлодар заң колледжi 2-1 Қостанай заң институты 3. Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 4. Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 5. Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 6. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 8. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 9. Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 10. Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 11. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 12. Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 13. Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 14. Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 16. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 17. Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасы 18. Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң басқармасының Күзет және қадағалау бөлімі 19. ЕЦ-166/4 мекемесі 20. ЕЦ-166/5 мекемесі 21. ЕЦ-166/10 мекемесі 22. ЕЦ-166/11 мекемесі 23. ЕЦ-166/13 мекемесі 24. ЕЦ-166/18 мекемесі 25. ЕЦ-166/20 мекемесі 26. ЕЦ-166/21 мекемесі 27. ЕЦ-166/22 мекемесі 28. ЕЦ-166/24 мекемесі 29. ЕЦ-166/25 мекемесі 30. ЕЦ-166/26 мекемесі 31. КА-168/2 мекемесі 32. КА-168/3 мекемесі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |