|
|
|
Штат санының лимиттерін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 сәуірдегі N 314 қаулысы (ҚР Үкіметінің 26.08.03 ж. N 868 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 21 қарашадағы N 1162 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (Бұрынғы ред. қара) "Қазақстан Республикасының Үкiметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) министрлiктердiң, агенттіктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерi; 2) министрліктердің, агенттiктердiң және ведомстволардың аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi бекітілсін. 2. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары жүйесі штат санының лимитін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1443 қаулысына мынадай өзгерiс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары жүйесi штат санының лимитiнде: "Орталық органның аппараты" деген жолдағы "1459" деген сандар "1458" деген сандармен ауыстырылсын. 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі N 314 қаулысымен бекiтілген ҚР Үкіметінің 26.08.03 ж. N 868 қаулысымен өзгерістер енгізілді (бұр.ред. қара) Министрліктердiң, агенттіктердің және ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттері
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 1 сәуiрдегi N 314 қаулысымен бекiтiлген ҚР Үкіметінің 26.08.03 ж. N 868 қаулысымен өзгерістер енгізілді (бұр.ред. қара) Министрлiктердiң, агенттіктердің және ведомстволардың аумақтық органдарының қызметкерлерi штат санының лимиттерi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 1 сәуірдегі N 314 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi 1. "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысы. 2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 17 маусымдағы N 662 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 195-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 18 маусымдағы N 667 қаулысы. 4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 13 шiлдедегi N 775 қаулысы. 5. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi N 962 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 322-құжат). 6. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 323-құжат). 7. "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 6 қыркүйектегi N 981 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 325-құжат). 8. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 327-құжат). 9. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 995 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 329-құжат). 10. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат). 11. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 18 қыркүйектегi N 1031 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 334-құжат). 12. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 33, 357-құжат). 13. "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 6 қарашадағы N 1173 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 39, 398-құжат). 14. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 және 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 қарашадағы N 1216 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы. 15. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 21 шiлдедегi N 985 және 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 39 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 115 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |