|
|
|
"Инжиниринг" және технологиялардың трансферті орталығы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 20 қазандағы N 1064 қаулысы (ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. N 791 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 3 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен: ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. N 791 қаулысымен 1)-тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 1) "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) Директорлар кеңесiнiң мынадай құрамда: Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға; Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi; Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi; Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Сақыпова Нұрғайша - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқықтары жөнiндегi комитетiнiң төрайымы; Кыпшақбаев Әбдел Исаұлы; ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. N 791 қаулысымен 2)-тармақша өзгерді (бұр. ред. қара) 2) Әбдел Исаұлы Қыпшақбаевтың Қоғамның президентi болып сайлануын қамтамасыз етсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |