|
|
|
Осы редакция 2005 ж. 19 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 2. "Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары және бiлiктiлiк талаптары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 желтоқсандағы № 1621 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 52, 506-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары және бiлiктiлiк талаптары туралы ережеде: 4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қалалық және қала маңындағы бағыттарда, оның iшiнде бағыттық таксимен жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар белгiлi бiр қалалық немесе қала маңындағы бағытта (бағыттарда) жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына келiсiм-шарт жасалғандығын растайтын куәлiк алуға мiндеттi".
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |