|
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 758 бұйрығымен бекітілген
Қой мен ешкінің жұқпалы энтеротоксемия ауруын
Осы Ветеринариялық ереже (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде қой мен ешкінің жұқпалы энтеротоксемия ауруын алдын-алу және жою жөніндегі шараларды іске асырудың ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы шаралар
1. Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы - жіті, жұғымтал емес, микроб уы денеге тарайтын, ішектің қанталауымен, жүйкенің бұзылуымен, ағзаның жалпы улануымен және бүйректің зардап шегуімен сипатталады. 2. Аурудың қоздырғышы С және Д типтеріндегі микроорганизм - Clostridium perfringens болып табылады. Инфекция қоздырғыштарының споралары топырақта, ақпайтын суларда, мал азығында, мал қораларында, көңде сонымен қатар жануаралардың ішек-қарындарында сақталады. 3. Жұқпалы энтеротоксемияға диагноз қою үшін клиникалық, патологоанатомиялық және эпизоотологиялық деректермен қоса лабораториялық зерттеулердің қорытындысын негізге алады. Лабораторияға өлгеніне 3-4 сағаттан аспаған (диагностикалық сою) өлексені бүтіндей немесе оның зақымданған ішегін ішіндегісімен бірге ұштарын байлап, үлпершекті ағзаларын (міндетті түрде бүйрегін қоса), құрсақ, перикард және кеуде қуысындағы сұйықтарын және жілік сүйегін жібереді. Патологиялық материал тек жаңа ғана өлген малдан алынуы керек, жылдың жылы маусымында оны 30-40 % глицерин ерітіндісінде, ал ішектің ішіндегіні - 10 миллилитріне 2 тамшы хлороформ жұмсап консервілейді.
2. Қой мен ешкінің жұқпалы энтеротоксемиясын алдын-алу және күресу шаралары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|