«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: кіріспедегі «11-тармағының 18) тармақшасына» деген сөздер «18-тармағының 1) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне: «Мемлекеттік тіркелімнің реепубликалық бөліміне енгізу негізі» деген реттік нөмірі 1-жолдағы баған (бұдан әрі - 6-баған) және мәтін бойынша «табысы» деген сөздің алдынан «жылдық» деген сөзбен толықтырылсын; «реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген реттік нөмірі 11-жолдағы баған (бұдан әрі - 4-баған) мынадай редакцияда жазылсын: «жай хаттарды, жай почталық карточкаларды, жай бандерольдерді жөнелту»; реттік нөмірі 30-жолдың 4-бағанындағы «жылу» деген сөз «электр» деген сөзбен ауыстырылсын; реттік нөмірі 39-жолдағы: «табиғи монополиялар салалары» деген баған (бұдан әрі - 3 баған) мынадай редакцияда жазылсын: «электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі қызметтер, жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтер, кірме жолдардың қызметтері, су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтері»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|