"Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы
Осы редакция 2005 ж. 19 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 26.07.04 ж. № 791 (бұр. ред. қара); 03.08.04 ж. № 827 (бұр. ред. қара); 24.12.04 ж. № 1358 ; 2005.02.02 № 85 қаулыларымен 1-тармақ өзгерді 1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесiнiң мынадай құрамда сайлануын қамтамасыз етсiн: Геннадий Николаевич Гамарник - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бiрiншi вице-министрi; Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға; Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы Басқармасының Төрағасы Наталья Артемовна Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi; Азамат Рысқұлұлы Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|