|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 367 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына: мыналар енгізiлсiн:
Лукин - Қазақстан Республикасының Индустрия Андрей Иванович және сауда вице-министрi
Шәкiров - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер Асқар Оразалыұлы министрiнiң орынбасары;
мына:
"Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Сауат Мұхаметбайұлы орынбасары, Мемлекеттік комиссияның төрағасы
Сапарбаев - Қазақстан Республикасы Кедендiк Бердiбек Машбекұлы бақылау агенттiгiнiң төрағасы"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыңбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Сауат Мұхаметбайұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi, төраға
Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Қаржы Бердiбек Машбекұлы вице-министрi - Министрлiктің Кедендiк бақылау комитетiнiң төрағасы";
көрсетiлген құрамнан Жақсыбеков Әдiлбек Рыскелдiұлы, Әбусейiтов Қайрат Хуатұлы шығарылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережедегi 15-тармақ алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |