|
|
|
“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң төтенше резервiнен қаражат бөлу туралы”
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қызылорда облысының әкіміне Сырдария өзеніндегі су тасқынының нәтижесiнде қираған Қызылорда қаласының Иiркөл ауылдық округіндегі мектептiң, тұрғын үйлердiң, бөгеттердiң, магистралдық арналардың құрылысын салу және күрделi жөндеу жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ бұрын орындалған авариялық-құтқару жұмыстары жөніндегі шығыстарды өтеуге 2005 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервiнен 350000000 (үш жүз елу миллион) теңге бөлiнсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсат пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 3. Қызылорда облысының әкімі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 2005 жылы орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есеп берсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |