|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
\ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 Қаулысымен күші жойылды
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 54, 598-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың екінші және үшінші абзацтары алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық қызмет көрсету ережелерінде: 2-тармақтың жетінші абзацындағы "немесе жеке" деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақтағы "Электр энергиясын пайдалану ережелермен және" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |