|
|
|
“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 және 1997 жылғы 16 қыркүйектегi № 1342 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 24, 217-құжат): 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару уәкiлеттi органы болып белгiленсiн."; 2) "Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттік орталықта әлеуметтiк жеке код берудің тәртібiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi № 1342 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 41, 338-құжат): тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртібін бекіту туралы"; мәтінде "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта", "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi ұйымның", "уәкiлеттi ұйымға" деген сөздермен, мемлекеттік тiлдегi мәтiнде 1-тармақтағы "берудiң" деген сөз "беру" деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта әлеуметтiк жеке код берудiң тәртібінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртібі"; бүкiл мәтiн бойынша "Зейнетақылық орталық", "Зейнетақы орталығынан", "Зейнетақы орталығына", "Зейнетақы орталығы", "Зейнетақы орталығының", "Зейнетақы орталығында" деген сөздер тиiсiнше "Орталық", "Орталықтан", "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталықта" деген сөздермен ауыстырылсын; екіншi, үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: "уәкілетті ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны және оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен олардың бөлiмшелерi); әлеуметтік жеке код (ӘЖК) - азаматқа, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы таралатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код;"; бесіншi абзац алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: "ӘЖК беру туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) - азаматтарға Орталық беретiн, ӘЖК-нiң берiлгендiгiн растайтын құжат."; төртіншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "мiндеттi, ерiктi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының түсiмдерiн, сондай-ақ мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі мiндеттi әлеуметтік аударымдарды есепке алу;"; жетiнші абзацтағы "зейнетақы" деген сөзден кейiн "және әлеуметтiк" деген сөздермен толықтырылсын; 3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "3. Орталық ӘЖК-нi берудi жүзеге асыратын ұйым болып табылады. 4. ӘЖК беру үшiн азаматтар Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiнде белгiленген нысандағы тiркеу кәртiшкелерiн толтырады."; 6) тармақшадағы "(ic жүзіндегі)" деген сөздер алынып тасталсын; 8), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "8) жеке басын куәландыратын құжаттың түрi (16 жасқа толмаған азаматтар үшін тууы туралы куәлiгi, жеке басының куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi) сериясы, нөмiрi, күнi, берілген жерi, кім бергенi; 9) жеке тұлғаның CTH-i;"; 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "11) кәртiшкенiң толтырылу дұрыстығын тексерген Орталық маманының қолы;"; 12) және 13) тармақшалар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын: "14) толтырылған күнi."; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "9. Орталық куәлiктi алғандығына қолын қойған азаматтарға арнаулы бланкiлердегi куәлiктердi тегiн бередi."; "алушының" деген сөзден кейiн "жазбаша" деген сөзбен толықтырылсын; 12-тармақта "және оларды төлемшiге немесе алушыларға беру үшiн халықты әлеуметтiк қорғау органының жауапты қызметкерлерiне бередi" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, жеке басын куәландыратын, ұсынып отырған құжатына сәйкес тегi, аты, әкесiнiң аты;"; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "4) куәлiктi берген құрылымдық бөлiмшенiң атауы;"; мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын: "5) тiркелген күнi; 6) куәлiктiң берiлген күні."; 16-тармақтағы "өз бетінше немесе жұмыс берушi арқылы" деген сөздер алынып тасталсын; 17-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "17. Куәлiк: тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген; мәлiметтердiң дәл еместiгi немесе қате екендiгi анықталған; пайдалануға жарамсыз болған жағдайларда жеке басын куәландыратын ұсынылған құжатқа сәйкес сол бұрынғы ӘЖК нөмiрiмен екiншi қайтара берiледi."; мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын: "17-1. Туған күнi өзгерген жағдайларда куәлiк жаңадан берiледi."; 3) тармақша "әкесiнiң аты" деген сөздерден кейiн "(олар өзгерген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын; 8) тармақшадағы "(ic жүзіндегі)" деген сөздер алынып тасталсын; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "20. Есепке алу кәртiшкесi Орталықта үш жыл бойы сақталады.". 2. Осы қаулы алғаш рет pecми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |