|
|
|
"Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi арасындағы Өзара қатынастар мен ынтымақтастықтың негіздерi туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 мамырдағы № 471 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: "Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi арасындағы Өзара қатынастар мен ынтымақтастықтың негiздерi туралы шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгізiлсiн.
Жоба ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi арасындағы Өзара қатынастар мен ынтымақтастықтың негiздерi туралы шартты бекіту туралы
2004 жылғы 15 сәуiрде Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Өтпелi Ислам Мемлекетi арасындағы Өзара қатынастар мен ынтымақтастықтың негіздерi туралы шарт бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының Президентi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |