|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 538-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: тақырыбында «тәртібi туралы нұсқаулықты» деген сөздер «ережесін» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақта «тәртібі туралы нұсқаулық» деген сөздер «ереже» деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулықта: тақырыбында «тәртібі туралы нұсқаулық» деген сөздер «ережесi» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақта «тәртібi туралы нұсқаулық», «Нұсқаулық» деген сөздер «ереже» деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақта «Нұсқаулық» деген сөз «Ереже» деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақта «тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң 3 есе мөлшерiнде, интерндерге айлық есептік көрсеткіштiң 5,5 есе мөлшерінде» деген сөздер «6434 теңге мөлшерiнде, интерндерге 11652 теңге мөлшерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақта «Клиникалық ординаторларға» деген сөзден кейiн «және денсаулық сақтау магистранттарына» деген сөздермен толықтырылсын; 15-тармақта «осы нұсқаулыққа» деген сөздер «осы Ережеге» деген сөздермен ауыстырылсын; 25-тармақта «осы Нұсқаулықтың» деген сөздер «осы Ереженiң» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудiң тәртібі туралы нұсқаулыққа қосымшада «нұсқаулыққа» деген сөз «ережеге» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |