Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005.03.06. № 557 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келісімнiң күшiне енуiне арналған шарттарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 7-тармақтағы "Қаржы министрлігінiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитет" деген сөздер "Қаржы министрлігінiң Сырттан қарыз алу жөніндегі комитет" деген сөздермен ауыстырылсын; аталған қаулының 1-қосымшасында: "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасын iске асыруға арналған Ведомствоаралық үйлестiру кеңесiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
С.В.Кулагин - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi, төрағаның орынбасары болып Т.Э.Жақселеков - Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкi төрағасының орынбасары (келісім бойынша) А.Б.Зейнелғабдин - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Сырттан қарыз алу жөніндегі комитетiнiң төрағасы В.А.Керiмқұлов - Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экология комитетiнiң төрағасы; "А.И.Андрющенко - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң орынбасары С.К.Жаназаров - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитет төрағасының бiрiншi орынбасары" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "А.И.Андрющенко - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары С.К.Жаназаров - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Сыртқы көмектi үйлестiру департаментiнiң директоры"; С.Ш.Ахымбеков, А.Қ.Аманбаев, Н.И.Баев, В.И.Балюк, С.К.Құдайбергенов, С.Қ.Құнанбаев, Ж.Ж.Мұқашев, Б.С.Оспанов, А.Ф.Романов, О.В.Черная аталған құрамнан шығарылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |