|
|
|
“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 289
ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 776 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 289 қаулысымен бекітілген "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кредит саясаты меморандумының 3-тармағына сәйкес құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кредит саясаты меморандумы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 289 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 12, 159-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кредит саясаты туралы меморандумда: 4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: "шикізатты өндіру мен өңдеу орнына дейін тасымалдауды қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінің шикізатынан жасалған құрылыс материалдарын өндіру (уату, ұсату, айыру, байыту және басқалары), - 13-бөлімнен, 14.13-сыныптан, 14.3, 14.4-топтардан 14.50.5, 14.50.6-кіші сыныптардан басқа, СВ кіші секциясы;". 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі С.М. Мыңбаевқа жүктелсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |