|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн: 1. 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 8-9, 53-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар): 1) 50-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің орны толтырылмаған залалдарын өтеу;"; 2) 89-баптың 5-тармағы "Осы" деген сөзден кейiн "Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, осы" деген сөздермен толықтырылсын. 2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж. № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат): 1) бүкіл мәтiн бойынша "(мүдденiң)", "(мүдде)", "(мүдденi)" деген сөздер алып тасталсын; 2) 3-баптың екiншi бөлiгiнiң төртiншi абзацы "штат санын" деген сөздерден кейiн "еңбекақы төлеу жүйесiн" деген сөздермен толықтырылсын; а) тармақшада: бірiншi бөлігіндегi "Қазақстан Республикасында айналыстағы ақша көлемiнiң мөлшерiн реттеу жолымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiгіндегi "жауап бередi" деген сөздер "мiндеттемелер алады" деген сөздермен ауыстырылсын; д-1) тармақшасындағы "ломбардтық операциялар;", "және салып жiберу" және "және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкiндігі туралы қорытынды бередi" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы д-2) тармақшамен толықтырылсын: "д-2) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органға (бұдан әрi - уәкiлетті орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкілетті органның лицензия беру мүмкіндігі туралы қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;"; ж) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "ж) қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады."; и-1) және и-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: "и-1) қызметiнiң бірден-бір түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi; и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;"; мынадай мазмұндағы и-3, и-4) және л-4) тармақшаларымен толықтырылсын: "и-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бірден-бір түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртібін белгiлейдi; и-4) қызметiнiң бірден-бір түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге рұқсат бередi;"; "л-4) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкілеттi органдармен келісім бойынша белгiлейдi;"; р) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "р) елдің есептiк төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын бағалауды қалыптастырады, төлем балансының қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, валюталық операцияларды тiркеудi және мемлекеттік кепiлдiктерi жоқ мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;"; т) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "т) мемлекеттік органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;"; у-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "у-4) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;"; у-6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "у-6) ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;"; мынадай мазмұндағы у-8) - у-12) тармақшаларымен толықтырылсын: "у-8) Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады; у-9) лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзғаны үшін өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады; у-10) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банк қызметi, ақшаны есепке алу, оның төлемдерi мен аударымдарын, валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға өз құзыретi шегiнде банктік және валюталық заңдарда белгіленген тәртiппен ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады; у-11) жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгілейдi; у-12) Қазақстан Ұлттық Банкінің бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртібін белгiлейдi;"; 4) 9-баптың бірiншi бөлiгіндегі "өзi алған" деген сөздер "бөлiнбеген" деген сөзбен ауыстырылсын; 5) 10-баптың бірiншi бөлiгiнде: "жарғылық капиталы мөлшерiнде құрылып" деген сөздер "кемiнде жарғылық капиталы мөлшерiнде қалыптастырылып" деген сөздермен ауыстырылсын; "таза табысы" деген сөздердiң алдынан "бөлiнбеген" деген сөзбен толықтырылсын; бірiншi бөлiктегi "таза" деген сөздiң алдынан "бөлiнбеген" деген сөзбен толықтырылсын; екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Ұлттық Банкінің банк активтерi бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердiң) сомасына және алтын-валюта активтерiн қайта бағалаудың iске асырылған кiрiсi сомасына азайтылған бөлiнбеген таза кiрiсi Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды ұлғайтуға жiберiледi."; үшiншi бөлiкте: "алынған" деген сөз "бөлiнбеген" деген сөзбен ауыстырылсын; "республикалық" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын; "келесi қаржы жылында" деген сөздер "мерзiмiн бір қаржы жылына ұзарта отырып" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Егер резервтiк капиталдың мөлшерi жарғылық капитал сомасынан аз болған жағдайда, бүкiл бөлiнбеген таза кiрiс Қазақстан Ұлттық Банкінің бөлігінде қалады және резервтiк капитал жарғылық капиталдың мөлшерiне жеткенге дейiн оны толықтыруға жiберiледi. Қаржы жылының залалдарын өтеу үшiн резервтiк капиталдың қаражаты жеткiлiксiз болған кезде орны толтырылмаған залалдар Қазақстан Ұлттық Банкiне толық көлемде мемлекеттік бюджеттiң қаражаты есебiнен мерзiмi бір қаржы жылына ұзартыла отырып, өтеледi."; бірiншi бөлiкте: мынадай мазмұндағы б-1) тармақшасымен толықтырылсын: "б-1) банктерде операциялар жасауға сенiмхат беру тәртібін белгiлеу;"; в) тармақшасы "анықтау" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын шығару, олардың дизайны немесе нысаны өзгерген кезде банкноттар мен монеталарды ауыстыру туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ тозған және бүлiнген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртібін белгiлеу" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы в-1) - в-3) тармақшаларымен толықтырылсын: "в-1) коллекциялық және инвестициялық монеталардың шығарылу тақырыбын, дайындалу таралымын, қорытпасын, шығарылу мерзiмдерi мен күнiн айқындау; в-2) басқа елдердiң тапсырыстары бойынша коллекциялық монеталар соғу туралы шешiм қабылдау; в-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу тәртібін айқындау;"; г) тармақшасындағы "Қазақстан Ұлттық Банкінің банктермен жасалатын операциялар бойынша" деген сөздер алып тасталсын; е) тармақшасында "қолма-қол" деген сөз алып тасталсын; мынадай мазмұндағы е-4) тармақшамен толықтырылсын: "е-4) Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекіту;"; ж) тармақшасындағы "банктерге" деген сөзден кейiн "ең төменгi" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы ж-1) тармақшамен толықтырылсын: "ж-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассация операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметінiң бірден бір түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және оны қалыптастыру тәртібін белгілеу;"; мынадай мазмұндағы з-1) тармақшамен толықтырылсын: "з-1) монетарлыққа жататын қызметті айқындау;"; и) тармақшасы алып тасталсын; мынадай мазмұндағы и-1) тармақшамен толықтырылсын: "и-1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер көрсету экспортынан түскен шетел валютасындағы түсiмдi мiндеттi түрде сату режимiн енгізу және оның күшiн жою туралы шешiмдер қабылдау;"; к-1) тармақшада: "санын" деген сөзден кейiн ", еңбекақы төлеу жүйесiн" деген сөздермен толықтырылсын; "Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы к-2) тармақшамен толықтырылсын: "к-2) басшысының ұсынуы бойынша уәкілеттi органды қаржыландырудың жалпы сомасын бекіту;"; м) тармақшасындағы ", сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi департаментiнің директорларын, филиалдарының, өкiлдiктерінің және ұйымдарының басшыларын бекіту" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы м-1) тармақшамен толықтырылсын: "м-1) Қазақстан Ұлттық Банкi департаменттерiнiң директорларын, филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының бірiншi басшыларын қызметке тағайындауға (қызметтен босатуға) келісім беру;"; о) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "о) Қазақстан Ұлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары қызметкерлерінің еңбек, оған ақы төлеу, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлу, біліктілiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау жағдайларын айқындау және бекіту;"; ф) тармақшасындағы "ақпарат табыс ету" деген сөздер "ақпаратты жыл сайын табыс ету" деген сөздермен ауыстырылсын; ц) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "ц) осы Заңның 11-бабына сәйкес жарғылық және (немесе) резервтiк капиталдарды қалыптастыруға жіберілетін бөлiнбеген таза кiрiстiң мөлшерiн белгiлеу;"; үшiншi бөлiк алып тасталсын; 8) 22-баптың екiншi бөлiгіндегі "және валюта" деген сөздер алып тасталсын; бірiншi бөлiгіндегі "инфляцияның төменгi деңгейiн және ұлттық валютаның тұрақтылығын" деген сөздер "бағалардың тұрақтылығын" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiктiң төртiншi абзацындағы "мiндеттi резервтердің нормативтерiн (резервтiк талаптарды)" деген сөздер "резервтiк талаптардың нормативтерiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын: "32-бап. Резервтiк талаптар Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң депозиттерi мен заемдары бойынша сыйақы көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн пайдаланады. Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн банктер мiндеттемелерi сомасының процентi ретiнде есептейдi. Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын мiндеттемелерiнiң құрылымын, ең төменгі резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртібін, сондай-ақ ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi. Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бір айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi. Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады."; 11) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын: "40-бап. Банкноттар мен монеталарды шығару Банкноттар мен монеталар шығаруды, олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сату арқылы айналысқа шығаруды жүзеге асырады."; 12) 42-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Монеталар мынадай түрлерге бөлiнедi: инвестициялық монеталар - инвестициялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан жасалған монеталар; коллекциялық монеталар - коллекциялау және жинақтау объектiсi болып табылатын, қымбат металдардан, сол сияқты қымбат емес металдардан жасалған, шектеулi таралыммен дайындалған мерекелiк, естелiк және өзге де арнайы соғылған монеталар; айналыстағы монеталар - қымбат емес металдардан дайындалған және қолма-қол ақша айналысына арналған монеталар."; 13) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын: "43-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкінің банкноттар мен айналыстағы монеталарды сатуы, сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық Банкінің инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады."; 14) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын: "48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша төлемдерi мен аударымдарын және төлем жүйелерiн ұйымдастырудағы және реттеудегi өкілеттiктерi Қазақстан Ұлттық Банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi және: 1) ақша төлемдерiн және (немесе) аударымдарын жүзеге асыру ережелерiн және тәсiлдерi қолданылуының ерекшелiктерiн, төлем нұсқауларының мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды; 2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерінің жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлігі мен сенiмділiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актілердi қабылдайды. Төлем жүйелерiнің жұмыс iстеуiн қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi: төлем жүйелерiн ұйымдастыру және олардың жұмыс iстеу шарттары мен тәртібін айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға; төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiнiң мониторингiн жүзеге асыруға және оны жүргізу тәртібін белгілеуге; төлем жүйелерiн ұйымдастыруды және олардың жұмыс iстеуiн тексеруге; төлем жүйелерiнiң қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға; Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес төлем жүйелерiне қатысушылардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыруға қатысуға құқылы."; б) тармақшасындағы "шет ел валютасымен және шет ел валютасындағы бағалы қағаздармен" деген сөздер "валюталық құндылықтармен" деген сөздермен ауыстырылсын; в), г) және ж) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: "в) валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртібін белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртібін айқындайды; г) Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртібін белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;"; "ж) мемлекеттік органдармен келісім бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртібі мен нысандарын белгілейдi;"; з), м) және н) тармақшалары алып тасталсын; 17) 59 - 61-баптар мынадай редакцияда жазылсын: "59-бап. Алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгi және олардың сақталуы Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгiн және сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың сыртқы рыноктардағы сатып алу күшiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндетті. Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын және айырбасталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажеттi деңгейде ұстап тұруға тиiс. 60-бап. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалау өзгерістерінің салдары болып табылатын алтын-валюта активтерi бойынша бағамдық айырмалар олар пайда болған есептi кезеңнiң iске асырылмаған кiрiстерi немесе шығыстарының шоттарына жатқызылады. Қаржы жылы iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес есептелген, iске асырылған кiрiс/шығыс сомасы есептi кезеңінің кiрiстерi мен шығыстарының тиiстi шоттарына жiберiледi. Қаржы жылының аяқталу нәтижелерi бойынша iске асырылмаған кiрiстер мен шығыстар тиiстi қайта бағалау шоттарына жатқызылады. Қайта бағалау шоттарында алтын валюта активтерінің түрлерi бойынша қалдық қалмаған жағдайда туындайтын терiс бағамдық айырма есептi кезеңнiң шығыстарына жатқызылады. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалаудан iске асырылған кiрiстер толық көлемiнде резервтiк капиталды ұлғайтуға жiберiледi. 61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің (реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру принциптерi Қазақстан Ұлттық Банкi қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауға қатысады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады. Қазақстан Ұлттық Банкi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға өз құзыретi шегiнде санкция қолданған кезде бұл туралы уәкілеттi органға хабарлайды. Қазақстан Ұлттық Банкінің реттеушi функциялары Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған. Қазақстан Ұлттық Банкi қаржылық ұйымдардың жедел қызметiне араласпайды. Қазақстан Ұлттық Банкi өз функцияларын орындау үшiн мемлекеттік органдардан, қаржылық және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) қажеттi статистикалық есептілiктi және қажет болған жағдайда өзге де қосымша ақпаратты сұратуға әрi алуға құқылы."; 18) 62-баптың үшiншi бөлiгіндегі "Қазақстан Ұлттық Банкi" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi органмен," деген сөздермен толықтырылсын; 19) 67-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "- ақша-кредит саясаты және қаржы рыногының жай-күйi туралы баяндаманы;"; бірiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi негiзiнде Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметiн тексерудi, оның iшiнде қаржылық есептiлiк аудитiн құрылтайшыларының құрамына мемлекеттің орталық банкiне аудит жүргiзу тәжiрибесi бар аудиторлық ұйым - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) мүшесi кiретiн аудиторлық ұйым жыл сайын жүзеге асырады."; үшiншi бөлiктегi "бөлiмшелерінің" деген сөз "ұйымдарының" деген сөзбен ауыстырылсын. 3. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж, № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52, 54-құжаттар; № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 15, 151-құжат; № 19-20, 165-құжат; 2003 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 25-құжат; № 6, 34-құжат; № 10, 50, 51-құжаттар; № 11, 69-құжат; № 14, 107-құжат; № 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., № 2, 9-құжат; № 5, 27-құжат, № 10, 54-құжат; № 14, 82-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, № 91-құжат; № 17, 98-құжат; 2005 ж. № 7-8, 23-құжат; 2005 жылғы 17 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Мемлекеттік органның, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкінің Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, қызметтi жүзеге асыруға немесе лицензиялауды талап ететiн белгiлi бір iс-әрекеттердi (операцияларды) жасауға лицензия болған кезде ғана жол берiледi."; 2) 15-бапта: он үшiншi бөлiктегi "он күн" деген сөздер "он жұмыс күнi" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы он төртiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Лицензияланатын қызмет түрiнің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс лицензияланатын қызмет түрi шеңберiнде орындалатын операциялар мәнінің өзгеруiне әкеп соқпаса, лицензиат лицензияны қайта ресiмдеуге өтiнiш бередi. Лицензиардың нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген жағдайларда лицензиат лицензияны қайта ресiмдеген кезде лицензияланатын қызмет түрiмен байланысты қосымша құжаттарды беруге мiндеттi.". 4. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат):
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |