|
|
|
“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 1, 15-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану ережесінде: 4-тармақтың төртінші абзацында: "су ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша" деген сөздер "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; "Су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы ережеге" деген сөздер "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесіне" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |