Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс
Осы редакция 2005 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 1) "Қазақ КСР-iндегi мемлекеттік экологиялық сарапшылық туралы ереженi бекіту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 25 қазандағы № 637 қаулысына (Қазақ КСР ҚЖ, 1991 ж., № 24, 177-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақ КСР-індегі мемлекеттік экологиялық сарапшылық туралы ережеде: 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "19. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзгенi үшiн ақы түрiнде түсетiн барлық қаражат бюджетке аударылады"; 2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 сәуірдегі № 547 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., № 14, 166-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ережеде: "Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру" деген Ү бөлiм мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын тауарларды сату мен қызмет көрсетулерден түсетiн түсiмдердi олар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайтын тәртiппен пайдаланады". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |