|
|
|
«Газ қаруына қатысты мәселелердi хұқықтық реттеу жөніндегі шаралар туралы»
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Жеке қорғаныстың тиiмдi құралы болып табылатын газ қаруына деген республика халқының сұранысының артуына және оны жасау, өткізу, сатып алу, ұстау, сақтау мен қолдану мәселелерiн реттеудiң нормативтiк базасының болмауына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бiрлесiп, өздерiнiң өмiрiне, денсаулығына, абыройы мен мүлкiне қылмысты қол сұғушылықтардан жеке барын қорғау мақсатында азаматтардың газ қаруын сатып алуы, ұстауы, сақтауы мен қолдануы жөніндегі мәселелердiң хұқықтық жақтарын зерделейтiн болсын. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен және Ұлттық хауiпсiздiк комитетiмен келісіп, қолданылып жүрген заң актілеріне тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын бiр ай мерзiм iшiнде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсырсын. 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі: тегiс оқпанды аңшы қаруына бақылау жасау шаралары тәрiздi газ қаруына бақылау жасау шараларын көздей отырып, рұқсат беру жүйесi туралы Ереженiң жобасын әзiрлеп, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келісіп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қарауына ұсынсын; осы мәселе бойынша шешiм қабылданғанға дейiн кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар газ қаруын сатып алуға, сақтауға, тасымалдау мен өткізуге рұқсат сұраған барлық жағдайларда рұқсат беру жүйесiн реттейтiн ведомстволық бұйрықтар мен нұсқамаларды басшылыққа алсын; алдын-ала есепке және кейiннен газ қаруын ұстау мен сақтауға хұқық беретiн құжаттарын ресiмдеп алуы үшiн газ тапаншалары бар азаматтарды анықтау жөніндегі шараларды ұйымдастырсын; газ қаруын сақтау мен қолданудың уақытша ережелерiн әзiрлеп, бекiтсiн, сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттарының оны сатып алуына хұқық беретiн уақытша рұқсат ету тәртібін белгiлесiн. 3. Қазақ республикалық "Динамо" дене мәдениетi-спорт қоғамына шетелден әкелiнген сериялап шығарылатын газ қаруын, iшкi iстер органдарынан тиiстi рұқсаттары бар мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарының, барлық меншiк нысандарындағы кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдарына тәжiрибе ретiнде сатуына рұқсат етiлсiн. Қазақ республикалық "Динамо" дене мәдениетi-спорт қоғамы өзiнiң арнайы дене шынықтыру орталықтары арқылы газ қаруын сатып алған адамдарды оны меңгеру дағдысына, сақтау мен қолдану ережелерiне мiндеттi түрде үйретудi қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі газ қаруын сатудың аталған шарттарының сақталуына бақылау орнатсын. 4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетпен, Қаржы министрлігімен, Материалдық ресурстар министрлігімен және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Стандарттау және метрология жөніндегі Бас басқармамен бiрлесiп, республика кәсiпорындарында, оның iшiнде Шығыс Қазақстан облыстық әкiмшiлiгiнiң ұсынысын ескерiп, Үлбi металлургия зауытында, отандық өндiрiстiң газ тапаншасының конструкторлық әзiрлемесiн жасау мен өнеркәсiпте шығару мәселелерiн қарайтын болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |