ТТК Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитет 14-ТТК 1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған. Сілтеме: 16-«Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар» ХБЕС. МӘСЕЛЕ 1. Жылжымайтын мүлік, үйлер және жабдық объектілері құнсыздануына немесе жойы- луына байланысты кәсіпорындардың үшінші тараптардан монетарлы және монетарлы емес өтем алуына болады. Алынған монетарлы өтем, күш жетпейтін экономикалық себептер бойынша, құнсызданған активтерді қалпына келтіру үшін немесе жойылған не қалдырылған активтерді ауыстыру мақсатында жаңа активтер салу үшін пайдаланылуға тиіс. 16-ХБЕС осындай монетарлы және монетарлы емес өтемді есепке алу жөнінде айқын басшылық бермейді. 2. Мұндай оқиғалардың мысалдары мыналар болуы мүмкін: (а) жылжымайтын мүлік, үйлер және жабдық объектілері, мысалы, табиғи зілзалалар, ұрлық немесе дұрыс пайдаланбау салдарынан құнсызданғаннан немесе жойылғаннан кейін сақтандыру компанияларының өтем төлеуі; (b) экспроприацияланған жылжымайтын мүлік, үйлер және жабдық объектілері, мысалы, қоғамдық мақсаттарда пайдаланылуға тиісті жер өтемін мемлекеттің төлеуі; (с) жылжымайтын мүлік, үйлер және жабдық объектілерін лажсыз конверсиялауға, ұлттық жер саясатына сәйкес зауытты белгілі бір қалалық жерден селолық жерге көшіруге байланысты өтем; немесе (d) құнсызданған немесе жойылған активті толық немесе ішінара табиғи ауыстыру. 3. Мәселе: (а) жылжымайтын мүлік, үйлер және жабдық объектілерінің құнсыздануын немесе жойылуын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|