Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Осы редакция 2005 ж. 24 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi (бұдан әрi - Комитет) заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң құзыретi шегiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттің облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында құрылымдық аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) болады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады. 4. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Районный тұйық көшесi, 15/1. 6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы iстерi комитетi" мемлекеттік мекемесi. 7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Комитетке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынасқа түсуге тыйым салынады. 9. Комитеттің миссиясы адамның өмiр сүруi мен тiршiлiк етуiнiң толыққанды ортасын, қала құрылысы, сәулет және құрылыс құралдарымен, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз етумен, табиғатты ұтымды пайдаланумен және экологиялық тепе-теңдiк үшiн жағдайлар жасаумен қол жеткiзiлетiн елдi-мекендер мен қонысаралық аумақтардың орнықты дамуын қалыптастыру болып табылады. 3. Комитеттiң негізгі мiндеттерi 10. Комитеттiң миссиясын орындаудағы негізгi мiндеттерi: 1) тұрғын үй саясатын iске асыруды қоса алғанда, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты жүргiзу, сондай-ақ оны iске асыруды салааралық үйлестiру және оған басшылық жасау; 2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік нормативтiк-техникалық базаны жетiлдiру және дамыту; 3) жобалау-iздестiру және құрылыс өнiмдерiне, жұмыстарға (қызметтерге) арналған бағалар және баға белгiлеу шарттарының мониторингі; 4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен қоғамның өмiр сүру және тiршілiк етуiнiң толыққанды ортасына арналған мүдделерiн қамтамасыз ету, жобалау және құрылыс өнiмiн тұтынушылардың құқықтарын қорғау; 5) құрылыстың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының орнықты жұмыс iстеуiн ұйымдастыру, тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi тұтынушылардың құқықтарын қорғау; 7) тарихи және мәдени мұра ескерткiштерiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс құралдарымен сақталуын қамтамасыз ету; 8) экологиялық тепе-теңдiктi және табиғи ресурстарды, сондай-ақ оларды қала құрылысын игеру, дамыту және құрылыс салу кезiнде аумақтарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету; 9) елдi мекендердiң әлеуметтiк, өндiрiстік, инженерлiк, көлiк және рекреациялық инфрақұрылымын тиiмдi, кешендi және шоғырландырылған дамыту үшiн жағдайларды қамтамасыз ететiн шарттарды қалыптастыру; 10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы үкiметаралық келісімдерге сәйкес ықпалдасу процестерiн тереңдету болып табылады. 11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік саясатты жүргiзу жөнiнде жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай iске асыру функцияларын жүзеге асырады: 1) тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қоса алғанда, сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру; 2) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi, нормативтiк-техникалық құжаттар мен мемлекеттік стандарттарды, сондай-ақ құрылыстағы сметалық нормативтердi әзiрлеудi, бекітудi және заңнамада белгiленген тәртiппен күшiне енгізудi ұйымдастыру, оларды жүйелендiру (қолданыстағы мемлекеттік нормативтердiң банкiн ұйымдастыру және жүргiзу); 3) сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекетаралық (халықаралық) нормативтiк-техникалық құжаттар мен стандарттарды әзiрлеудi, бекітудi және заңнамада белгiленген тәртiппен күшiне енгізудi ұйымдастыру оларды жүйелендiру (Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген мемлекетаралық нормативтер банкiн ұйымдастыру мен жүргiзу); 4) сәулет, қала құрылыс, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстардың негізгi бағыттарын айқындау, салалық зерттеу, ғылыми-қолданбалық, эксперименталдық және жобалау-iздестiру жұмыстарының нәтижелерiн орындауды, бекітудi және iске асыруды (енгізудi) ұйымдастыру; 5) жаңа техниканы игерудiң салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру және құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндiру саласында жоғары технологиялар енгізу жөнiндегі шараларды жүзеге асыру; 6) құрылыс үшiн инженерлiк iздестiру саласындағы бiрыңғай техникалық саясатты жүргiзу, кешендi инженерлiк iздестiрудiң мемлекеттік қорын қалыптастыруды және жүргізудi ұйымдастыру; 7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткендердi қоспағанда, мемлекеттік, өңiраралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектiлердiң құрылысына (аумақтарға құрылыс салуға) арналған қала құрылыс, сәулет-құрылыс және өзге де жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы қарау және бекіту; 8) толық немесе iшінара мемлекеттік инвестициялар есебiнен қаржыландырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен Комитет бекiткен объектілер мен кешендер құрылысының техникалық-экономикалық негiздемесi мен жобаларына техникалық және экономикалық сараптама жүргiзу; 9) республикалық маңызы бар қалалардың, жүз мыңнан астам халқы бар облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн өзге де қала құрылысы құжаттамасына кешендi қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу; 10) жобаларды мемлекеттік сараптаудың бiрыңғай жүйесiне басшылық ету; 11) Комитет берген лицензияларды тiркеу және есебiн жүргiзу; 12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстері жөніндегі облыстық және қалалық республикалық (астаналық) маңызы бар органдардың, облыстық, (қалалық республикалық маңызы бар, астаналық) және базалық деңгейдегi мемлекеттік қала салу кадастры қызметiнiң жұмысына ұйымдық және әдiстемелiк басшылық жасау; 13) республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын ұйымдастыру және жүргiзу; 14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ғылыми-техникалық және экономикалық байланыстар аясында шет елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық. 12. Комитет заңнамаға сәйкес мынадай бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылыстың және құрылыс өнiмiнiң сапасына және қала құрылысы регламенттерінің, мемлекеттік нормативтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекетаралық нормативтер талаптарының сақталуын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын (инспекциялауды) жүзеге асыру; 2) Комитеттiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыретiнiң шегiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында лицензиялау, лицензиаттардың белгiленген біліктiлiк талаптарына сәйкестiгiн және олардың лицензиялық ережелердi сақтауын бақылауды жүзеге асыру; 3) шетел мемлекеттерiнiң лицензияларын Қазақстан Республикасы бекiткен лицензияларды өзара тану туралы халықаралық шарттар негізiнде тану; 4) өтiнiм бiлдiрушiлердiң (лицензияларды iзденушiлердiң) және (немесе) лицензиаттардың біліктiлiк талаптарына сәйкестігіне сараптамалық бағалауды жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу; 5) мемлекеттік емес сараптама орталықтарын аккредиттеу және жобаларға мемлекеттік емес сараптаманы жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау; 6) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды жүзеге асыру және жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы Комитеттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретi шегiнде мемлекеттік сараптамалық бағалау жүргiзудi ұйымдастыру; 7) құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялардың өндiрiсiне арналған техникалық шарттарды қарау және олардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекетаралық және мемлекеттік нормативтер мен стандарттардың талаптарына сәйкестiгi туралы стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органға қорытынды дайындау. 13. Жүктелген мiндеттердi шешу және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтi мемлекеттік реттеудiң тетiктерi мен әдiстерi бойынша ұсыныстар енгізуге; 2) инженерлiк iздестiру, жобалау, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен құрылыс материалдарын өндiру саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды бекітуге және қолданысқа енгізуге; 3) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын құрылыс саласындағы халықаралық келісімдер шеңберiнде мемлекетаралық нормативтік-техникалық құжаттар мен стандарттарды бекітуге және қолданысқа енгізуге; 4) Комитет құзыретiнiң шегінде бюджеттік бағдарламалар бойынша орындалатын қолданбалы сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі шешiмдердi қарауға және қабылдауға; 5) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша халықпен және заңды тұлғалармен ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруға; 6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмыс iстеуi саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдау бойынша ұсыныстар енгізуге; 7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметпен сабақтас мәселелер бойынша басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдар әзiрлеген заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобалары жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 8) тарихи және мәдени ескерткiштердi, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау мәселелерiне қатысты нормативтiк-құқықтық кесiмдер мен мемлекеттік нормативтердi әзiрлеуге қатысуға; 9) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге және өзге де мемлекеттік және Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекетаралық (халықаралық) нормативтерге қайшы келетiн шешiмдерiнiң қолданысын тоқтата тұру және күшiн жою бойынша ұсыныстар енгізуге; 10) өз құзыретiнiң шегiнде объектiлердi жобалау мен салудың (қайта жаңартудың), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жүргiзу мен оның жұмыс iстеуiнiң жекелеген техникалық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға; 11) жобаларға сараптама жүргізудiң, лицензиялаудың және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларды жүзеге асырудың тетiктерi мен рәсiмдерiн жетiлдiру, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының республикалық және (немесе) өңiрлiк (шоғырлық) орталықтарын құру бойынша ұсыныстар енгізуге; 12) қажет болған жағдайларда өндiрiстiң басқа да салаларының ғылыми, зерттеу, жобалау-конструкторлық ұйымдарының мамандарын, сондай-ақ шетелдiк мамандарды сарапшылар ретiнде тартуға; 13) заңнама, мемлекеттік нормативтік талаптар нормаларының, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында белгiленген шарттар мен шектеулердің бұзылуына және ауытқуына байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешiм қабылдауға; 14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық сала үшiн кадрлар даярлау жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысуға; 15) белгiленген тәртiппен және белгiленген кезеңдiлiкпен күрделi құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы, сондай-ақ мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттік сатып алу және құрылыс материалдарының экспорты-импорты саласындағы статистикалық материалдарды статистика жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органнан алуға; 16) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға мемлекеттік басқару органы ретiнде шығуға және Комитеттiң құзыретiне кiретiн қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк етудi және пайдалануды жүзеге асыруға құқылы. 14. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлген өзге де мүлiк есебiнен қалыптасады. 15. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 16. Егер заңнамалық кесiммен өзге белгіленбесе, Комитет өзiне бекітілген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгiнен иелiктен шығаруға немесе өзгеше де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 7. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру 17. Комитеттi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. 18. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын, олардың санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн орынбасарлары (оның iшiнде бiр бiрiншi) болады. 19. Төраға лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып табылады. Төрағаның орынбасарлары лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары болып табылады. Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары тиiстi облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады. 20. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап бередi. 1) өз орынбасарларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн және олардың өзара ауыстыруларын белгілейдi; 2) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелер басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн белгілейдi; 3) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн, аумақтық бөлiмше қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) заңнамада белгiленген тәртiппен көтермелеу мәселелерiн шешедi, Комитеттiң қызметшiлерiне, аумақтық бөлiмшелердiң қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына тәртіптік жаза қолданады; 5) бұйрықтарға қол қояды; 6) Комитеттiң құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 7) өз өкiлеттiгінiң шегiнде мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi; 8) құрылымдық және аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және бақылайды; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 22. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрығымен ресiмделедi. 1) ғылыми-техникалық кеңес; 2) сәулет-қала құрылысы кеңесi; 3) техникалық проблемаларды шешумен байланысты мәселелердi қарауға, ғимараттар мен құрылыстарды және сейсмологиялық төзiмдi құрылысты тексеру мәселелерiн қарауға арналған сараптама комиссиясы құрылады. 8. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 24. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. |