Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Осы редакция 2005 ж. 24 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң құзыретi шегiнде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі функцияларды, арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтi салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттiң облыстар мен Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік мекемелерi - аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) болады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты. 6. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетi" мемлекеттік мекемесi. Комитеттiң қысқарған атауы - Мемстандарт. 7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 8. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражатынан жүзеге асырылады. Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда бұл қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 9. Комитеттiң миссиясы мемлекеттік саясатты iске асыру мен техникалық реттеу және метрология саласындағы бақылау-қадағалау өкiлеттiктерiн жүзеге асыру болып табылады. 3. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi 10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 1) өнiмдердiң, қызметтердiң, процестердiң адамның өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға, оның iшiнде өсiмдiк пен жануарлар әлемiне қауiпсiздiгін және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 2) өнiмдердiң, қызметтердің қауiпсiздігіне қатысты тұтынушыларды шатастыратын әрекеттердiң алдын алу; 3) саудадағы техникалық тосқауылдарды жою; 4) Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономикасының мүдделерiн өлшемдердiң шынайы емес нәтижелерінің салдарынан қорғау; 5) iргелi зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер кезiнде өлшемдердiң шынайылығын қамтамасыз ету; 6) аурулардың диагностикасы мен оларды емдеу, еңбек шартының және адамдар тұрмысының қауiпсiздiгін бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде өлшемдердiң шынайы нәтижелерiн қамтамасыз ету. 11. Комитет жүктелген міндеттерге сай заңнамаға сәйкес мыналарды жүзеге асырады: iске асырушылық функциялар: 1) техникалық реттеу мен метрология саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiне салааралық басшылық жасауды және оны үйлестiрудi жүзеге асыру; 2) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдермен үйлестірілген техникалық реттеу саласындағы стандарттарды әзiрлеудi ұйымдастыру; 3) техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік, салааралық, мемлекетаралық ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламалардың жобаларын сараптауды жүргiзу; 4) техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік жүйелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастыру; 5) материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiнiң шынайы есебiн қамтамасыз ету; 6) жеке және заңды тұлғалардың қызметiн лицензиялау; 7) Қазақстан Республикасын техникалық реттеу және метрология саласындағы халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда бiлдiру; 8) саудадағы техникалық тосқауылдар, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықтың жұмыс iстеуiн ұйымдастыру; 9) стандарттау, метрология және сапа менеджменті саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру; 10) стандарттау және метрология жөніндегі нормативтiк құжаттардың мемлекеттік және орыс тiлдерiне аудармаларын растауды ұйымдастыру; 11) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын әзiрлеу, басып шығару және жүргiзу жөніндегі жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастыру; 12) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, стандарттау және метрология, басқа елдердiң мемлекетаралық, өңiрлiк, халықаралық және ұлттық стандарттары жөніндегі нормативтiк құжаттардың мемлекеттік қорын қалыптастыру мен жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестiру; 13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын, мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ стандарттау, метрология және аккредиттеу жөнiндегі халықаралық ұйымдардың ережелерi мен ұсынымдарын басып шығаруды, қайта басып шығаруды және таратуды ұйымдастыру; 14) өнiмдер мен шығарылатын өлшем құралдарын стандарттау жөніндегі тiркелген нормативтiк құжаттар туралы, стандарттау және метрология жөніндегі нормативтiк құжаттар талаптарының өзгерiстерi туралы мәлiметтерi бар ақпараттық сiлтеуiштердi, сондай-ақ үйлестiрiлген мемлекеттік стандарттарды басып шығаруды ұйымдастыру; 15) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары бойынша стандарттау жөнiндегі техникалық комитеттердi құру; 16) заңды тұлғаларды сәйкестікті растау және сертификаттық сынақтар жөніндегі жұмыстарды жүргiзу құқығына, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiн өлшем құралдарын тексеру және калибрлеу, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн аттестаттау құқығына аккредиттеудi жүргiзу; 17) алғашқы тексерудi жүргiзу құқығына техникалық құзыреттiлiктi тану жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; 18) сәйкестіктi растау, стандарттау, аккредиттеу және метрология бойынша аудитор сарапшылар ретiнде мамандарды аттестаттауды жүргізу; 19) зертханааралық салыстырмалы сынақтар (салыстыру) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; бақылау-қадағалау функциялары: 20) сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдардың, өлшеу және сынау зертханаларының (орталықтарының) қызметiн мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 21) мыналарға: өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйi мен қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын; сауда операцияларын жасау кезiнде оқшауландырылатын тауарлардың санын; оралған тауарлардың, оларды өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегі санын мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру; 22) өлшем құралдарын өндiру және жөндеу құқығына лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың қызметiн мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. 12. Комитеттiң негiзгі мiндеттердi iске асыру және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн мыналарға: 1) техникалық реттеу мемлекеттік жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету үшiн орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың және басқа ұйымдардың қызметiне ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасауды және үйлестiрудi жүзеге асыруға; 2) Қазақстан Республикасын техникалық реттеу және метрология саласындағы халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда бiлдiруге; 3) нормативтік кесiмдер әзiрлеуге; 4) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік бақылауды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер алуға; 5) өнiмдердiң қауiпсiздігі мен сапасын, өлшем құралдарының жай-күйi мен қолданылуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ сәйкестіктi растау жөніндегі органдардың және сынау зертханаларының (орталықтарының) қызметiн мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезiнде меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарға баруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын шаруашылық субъектiлерiн тексерудi жүзеге асыруға; 6) дайын өнiмдердiң техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес еместігі анықталған жағдайда өнiмдердiң кез келген өмiршеңдiк кезеңiнде сәйкес келмеу себептерiн тексерудi ұйымдастыруға; 7) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң және/немесе стандарттау және метрология жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын бұзушылық фактiлерi анықталған кезде жеке және заңды тұлғаларға заңнамалық кесiмдерде белгiленген ықпал ету шараларын қолдану жөнiнде шешiмдер қабылдауға; 8) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгiленген талаптарды бұзушылықтарды жою немесе бұзушылық сипатын ескере отырып, белгiленген мерзiмде өнiмдердi, қызметтердi сатуға мынадай жағдайларда тыйым салу туралы нұсқамалар беруге: өнiмдер, қызметтер техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген; өнiмдерге, қызметтерге мiндеттi түрде расталуы тиiс сәйкестiк, сәйкестік сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялар (сәйкестік туралы декларациялардың көшiрмелерi) болмаған; өнiмдердi, қызметтердi сәйкестiк белгiсiмен, бұған құқықтары болмай тұра таңбалауға; 9) өнiмдер мен тауарлар сатуға және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оларды жою жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуға; 10) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесімдермен белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмдердi, қызметтердi сататын адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартуға; 11) техникалық реттеу және метрология саласында бiрлесiп жұмыс жасау үшiн басқа мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергілiктi сарапшылар мен мамандарды тартуға; 12) өлшем құралдарының түрiн бекiтетiн сертификаттарды, тауардың шығу сертификаттарын беруге; 13) заңды және жеке тұлғалармен, мемлекеттік органдардың жанындағы техникалық реттеу жөніндегі сараптамалық кеңестермен, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен өзара іс-қимыл жасасуға; 14) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi бойынша республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болып әрекет етуге және заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелік ету мен пайдалануды жүзеге асыруға; 15) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер, конференциялар, жәрмеңкелер және басқа да iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыруға құқығы бар. 13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктің есебiнен құралады. 14. Комитетке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитеттiң, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше белгіленбесе, өзiне бекітіп берілген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. 7. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 16. Комитетті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. 17. Төрағаның заңнамада белгiленген тәртiппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады. 18. Төраға лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының стандарттау және метрология жөніндегі нормативтік құқықтық кесiмдермен және/немесе нормативтiк құжаттармен белгiленген мiндеттi талаптардың сақталуын қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады. Төрағаның орынбасарлары лауазымы бойынша Стандарттау және метрология жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдермен және/немесе нормативтік құжаттармен белгiленген мiндеттi талаптардың сақталуын қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспектордың орынбасарлары болып табылады. Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары тиiстi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттау және метрология жөнiндегі нормативтiк құқықтық кесiмдермен және/немесе нормативтік құжаттармен белгiленген мiндеттi талаптардың сақталуын қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады. 19. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi. 1) орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды; 2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн, аумақтық бөлiмшелердiң және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртіппен Комитеттiң қызметкерлерiн, аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын көтермелейдi, оларға тәртiптiк жаза қолданады; 4) бұйрықтарға қол қояды; 5) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 6) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Комитеттi білдiредi; 7) құрылымдық және аумақтық бөлiмшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және бақылайды. 21. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi. 8. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 22. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. |