<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 77-III Қазақстан Республикасының Заңы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасының Заңы
 
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы»

 

1-бап. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

13-баптың бірінші бөлігінде:

төртінші абзацта:

"өзімен бірге 7 жасқа дейінгі" деген сөздердің алдынан "әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын;

"әуе," деген сөз алып тасталсын;

бесінші абзац "билеттің толық құнының" деген сөздердің алдынан "әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын;

алтыншы абзац "тасымалдау кезінде" деген сөздерден кейін ", әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы жетінші - тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

"- өзімен бірге 2 жасқа дейінгі бір баланы әуе көлігінде, оған жеке орын бермей тегін алып жүруге;

- халықаралық тасымалдарды қоспағанда, әуе көлігінде 2 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға;

- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға.".

2-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы  қыркүйектің 29-ы.

№ 77-III ҚРЗ