|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн: 1. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж., № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат): 1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін; мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын: "1) аффилиирленген тұлғалар - жер қойнауын пайдаланушының еншiлес ұйымдары және Қазақстан Республикасында мұнай операцияларын жүргізуге мердiгер болып табылатын ұйымның жарғылық капиталында акциялар пакеті немесе қатысу үлесi бар ұйымдар;"; 36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "36) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi орган - геологиялық зерттеу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;"; 2) 5-бап мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: "12) мердігердің құқықтары мен міндеттерін мұнай операцияларын жүргізуге келісім-шарт бойынша беруге рұқсат беру немесе одан бас тарту тәртiбін белгiлейдi."; 3) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: "11) мұнай-газ саласындағы нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу және бекіту енеді."; 4) мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-баптармен толықтырылсын: "6-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органның құзыретіне: 1) геологиялық және тау-кендік бөлуге дайындау және беру; 2) барлауды немесе өндiрудi жүзеге асыру жұмыстарының бағдарламасын келісу; 3) жылдық жұмыс бағдарламасына мердігер ұсынған өзгерістерді келiсу; 4) жылдық жұмыс бағдарламаларын келісу кiредi. 6-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органның құзыреті Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретіне: 1) жер қойнауын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 2) мұнай операцияларын жүргізу, мұнай-газ құбырларын салу және пайдалану кезiнде аварияларды және өзге де қауіпті жағдайларды болғызбау жөнiндегі іс-шаралар бағдарламаларын келісу; 3) жер қойнауын пайдалану объектілерiн консервациялауды және жоюды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кiреді."; 5) 26-1-баптың 5-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі уәкiлетті орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы "Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздер "Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегi уәкілетті органның" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын; "бекітуге" деген сөз "келiсуге" деген сөзбен ауыстырылсын; "қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкiлетті органда деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 30-3-баптағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. 2004 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлерге, егер олар: 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiн мемлекеттік органда бекітілген (келісілген болса); 2006 жылғы 1 шiлдеге дейін әзiрленiп, құзыреттi органда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органда келісілетiн болса, iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларды iске асыру мерзiмдерi аяқталғанға дейiн, осы баптың 1 және 2-тармақтарының күшi қолданылмайды. Бұл ретте, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келісімi бойынша не авариялық жағдай орын алған және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауiп төнген жағдайда жол берiледi."; 3-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлетті органның", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздер тиiсiнше "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Ілеспе және (немесе) табиғи газ жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсатынсыз және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның келісімiнсiз жағылған жағдайда, осы баптың 3-тармағына сәйкес мердiгер жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi органға мұндай жағу туралы он күн ішінде жазбаша хабарлауға мiндетті. Мұндай хабарлама iлеспе және (немесе) табиғи газды жағудың себептерi мен жағылған газдың көлемi туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс."; 10) 30-7-баптың 2-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 31-баптың 4-тармағындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдармен" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлетті органның мұндай скважинаны бұрғылаудың жобасы жөнiнде тиiстi қорытындысы болғанда" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органның мұндай ұңғыманы бұрғылаудың жобасы бойынша мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болғанда" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша тиiстi қорытындысы болған кезде" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның мұндай айдауды сипаттайтын жоба бойынша берген мемлекеттік экологиялық сараптамасының оң қорытындысы болған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 36-3-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісілген" деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 41-баптың 12) тармақшасындағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 53-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "53-бап. Келісім-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi, акциялардың үлестерiн (пакеттерiн) беру 1. Мердiгердiң келісім-шарт бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерінің барлығын немесе бір бөлігін басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруі, сондай-ақ мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келісім-шарт бойынша мердігер болып табылатын заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетін) иелiктен айыруы құзыреттi органның жазбаша рұқсатымен ғана жүргiзiлуi мүмкін. Құзыреттi орган мердiгерге келісім-шарт бойынша құқықтар мен мiндеттердi беруге рұқсат беруден Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртiппен бас тартуға, сондай-ақ мердiгер болып табылатын тұлғаның жарғылық капиталдағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) иелiктен айыруына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша рұқсат бермеуге құқылы. Аффилиирленген тұлғалармен мәмілелерге қатысты да осы шарттың сақталуы мiндеттi.". 2. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат): 1) 1-бапта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "2) жағалау жиегі - су объектiсi жағалауының судың барынша көтерiлуi (судың толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;"; мынадай мазмұндағы 12-1), 19-1), 19-2) тармақшалармен толықтырылсын: "12-1) тарихи шығындар - мемлекет келісім-шарттық аумақты геологиялық зерттеуге, кен орындарын iздестiруге, барлауға жұмсаған бұрынғы жиынтық шығындар;"; "19-1) келісім-шарттың шеңберiнде құқықтарды шоғырландыру - Қазақстан Республикасымен жасалған келісім-шарттағы консорциумға қатысушылардың бірiнiң осы қатысушыға келісім-шартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша дербес шешім қабылдауға мүмкiндiк беретiн үлесiнiң шамасы; 19-2) жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргiзуге құқықтарды шоғырландыру - бір елден шыққан бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану саласындағы операцияларды жүргізуге арналған келісім-шарттарда осындай үлестi иеленуі немесе Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне қауiп төндiруі мүмкiн немесе қауiп төндiретiн Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталында осындай меншiк үлесін иеленуi;"; 29), 35), 49) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "29) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға бағытталған iс-шаралар жүйесi;"; "35) iздестiру-бағалау жұмыстары - табылған объектiнің жалпы ресурстарын анықтау, олардың өнеркәсiптiк маңызын бағалау және игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негіздеу мақсатындағы геологиялық барлау жұмыстарының сатысы;"; "49) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды және кешендi пайдалану саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган;"; мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын: "49-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы және оның аумақтық органдары;"; 7) тармақша "конкурсқа шығарылуға тиіс" деген сөздерден кейін ", кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын: "14) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртібін айқындайды; 15) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму және қалдық суларды ағызу тәртібін айқындайды."; 3) тармақшадағы "контрактiлiк" деген сөз "жер қойнауын мемлекеттік зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, келісім-шарттық" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы "келісім-шарттардың орындалу талаптарын сақтаудың" деген сөздер "жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттардың талаптарын орындауының" деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "9) мүдделi мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының талаптарына енгізу үшiн жер қойнауын пайдалану және iлеспе қызметте жоғары технологиялар, жаңа және өңдеу өндiрістерi, магистральдық және өзге де құбырлар, инфрақұрылымдық және өзге де объектiлердi тұрғызу мен бірлесiп пайдалану операцияларын жүргiзу кезінде қазақстандық мазмұн, дамыту және пайдалану жөнiнде конкурс қатысушыларына ұсыныстар әзiрлеу."; мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын: "10) көмiрсутегi шикiзатын өндiру жөніндегі кен орындарын игеру жобаларын әзiрлеу және бекіту тәртібін айқындау; 11) жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актiлердi, нормативтiк-техникалық құжаттарды әзiрлеу және бекіту."; 4) 8-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: "8-1-бап. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның құзыретi Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган: 1) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кешендi пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады; 2) тау-кен жұмыстарын дамытудың жоспарларын (жобаларын) бекiтедi; 3) көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру жөніндегі кен орындарын игеру жобаларын бекiтедi; 4) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын бередi; 5) пайдалы қазбалар қорларының, пайдалануға берiлетiн жер қойнауы учаскелерi туралы геологиялық және экономикалық ақпараттың, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторинг жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi, пайдалы қазбалардың қорларын бекiтедi; 6) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансын, кен орындарының және пайдалы қазбалар көрiнiс белгілерiнiң, қауiпті геологиялық процестердiң мемлекеттік кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргізедi; 7) тарихи шығындардың көлемiн, жер қойнауы туралы геологиялық ақпарат алудың құны мен шарттарын айқындайды; 8) жер қойнауының геологиялық ақпаратының республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеді; 9) атқарушы органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 10) жер қойнауын зерттеу және пайдалану мониторингiн жүзеге асырады; 11) жер қойнауының ұтымды және кешендi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; 12) жылдық жұмыс бағдарламаларын келiседi; 13) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзiрлеудi жүзеге асырады."; 5) мынадай мазмұндағы 8-2 және 8-3-баптармен толықтырылсын: "8-2-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органның құзыретi Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган: 1) жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және қалдық суларды ағызудың Мемлекеттік кадастрын жүргiзедi; 3) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен бірлесiп жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзудың салдарынан келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындайды; 4) келісім-шарттық аумақтағы немесе оның шегiнен тыс жерлердегi барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды заттар мен қалдық суларды көмуге арналған жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға рұқсат берудi келiседi. 8-3-бап. Жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де уәкiлеттi органдардың құзыретi 1. Сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган: 1) қазақстандық өндiрушiлердiң және Қазақстанда өндiрiлген, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн және мiндеттi түрде конкурстық негiзде сатып алынатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң мемлекеттік тiзілімiн қалыптастырады және жүргiзедi; 2) облыстық атқарушы органдардың облыста тiркелген, мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тауарлар өндiретiн, жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететiн ұйымдар бойынша деректер тiркелiмiн қалыптастыру жөніндегі қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады; 3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардағы тауарларға, жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу әдiстемесiн құзыреттi органмен келісім бойынша әзiрлейдi және бекiтеді; 4) жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға қатысты қазақстандық мазмұн бөлiгіндегi келісім-шарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады; 5) Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстердiң тізбесiн құзыреттi органмен келісім бойынша бекiтедi. 2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуын үйлестiрушi уәкiлеттi орган: 1) қазақстандық кадрларға қатысты қазақстандық мазмұнды есептеу әдiстемесiн құзыреттi органмен келісім бойынша әзiрлейдi және бекiтедi; 2) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды тарту бөлiгінде қазақстандық мазмұн бойынша келісім-шарттық мiндеттемелердi орындауының мониторингiн жүзеге асыруға қатысады."; 1-2-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілеттi органның" деген сөздер "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті органмен келісім бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурс жеңiмпазының немесе осы Заңда көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс өткiзбей ұсынылатын тұлғаның өтiнiш берген күнiнен бастап жиырма күн iшiнде оларға геологиялық бөлудi бередi."; 4-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: "(еншiлес ұйымнан және әмбебап құқықтық мирасқорлық шарттармен беру жағдайларынан басқа)" деген сөздер алып тасталсын; "он бес" деген сөздер "қырық бес" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "Жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлдi органмен" деген сөздер "Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-1-тармақта: екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Құзыреттi орган: 1) егер жер қойнауын пайдалану құқығын беру көзделген тұлға жер қойнауын пайдаланушыға келісім-шартпен жүктелетін мiндеттемелердi немесе міндеттемелердiң бір бөлiгiн (жер қойнауын пайдалану құқығы iшiнара берiлген жағдайда) орындауға қабiлетсiз болған; 2) жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органға көрiнеу жалған ақпарат берген; 3) егер жер қойнауын пайдалану құқығын беру елдiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмауына әкелiп соққан жағдайларда, оның ішiнде құқықтар келісім-шарт шеңберiнде шоғырландырылған және (немесе) құқықтар жер қойнауын пайдалану саласында операциялар жүргiзуге шоғырландырылған жағдайларда жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беруден Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен бас тартуға құқылы. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дау айтылуы мүмкiн."; үшiншi бөлiк алып тасталсын; 9) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын: "18-бап. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың ерекшелiктерi 1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудi осы Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар жүргiзе алады. 2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргiзу кезіндегі жұмыстар (операциялар) өңiрлiк және геологиялық-түсіру жұмыстарын, геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргiзудi, iздестiру, iздестiру-бағалау, iздестiру-барлау және барлау жұмыстарын, мемлекеттік геологиялық карталар жасауды, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердi, өздiгiнен ағып шығатын гидрогеологиялық және мұнай ұңғымаларын жоюды және консервациялауды қамтуы мүмкiн. 3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бюджет қаражаты есебiнен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылуы мүмкін."; 10) 41-2-баптың 1-тармағының бірiншi бөлiгіндегі "инвестициялық бағдарламалар конкурсы" деген сөздер "конкурс" деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған жер қойнауы учаскесiнiң атауы;"; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) өтiнiм берушiнiң конкурсқа қатысу үшін жарна төлегені туралы құжаттың көшiрмесi болуға тиіс."; 12) 41-4-баптың 1-тармағының бірiншi сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "1. Өтiнiм берушi осы Заңның 41-3-бабының талаптарын сақтаған жағдайда өтiнiм қарауға қабылданады."; 1-1) тармақша "қаржылық" деген сөзден кейін ", техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық" деген сөздермен толықтырылсын; 4-3) тармақшадағы "жұмыс iстейтiн қызметкерлердi олардың жалпы санының процентi есебiмен" деген сөздер "жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы санының процентi есебiмен қазақстандық кадрларды" деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 41-6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) өтiнiм берушiнiң конкурстық ұсынысында көрсетiлген барлау мен (немесе) өндіру үшін қажеттi техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық мүмкіндіктерге ие екендiгiнiң немесе ие болатындығының құжаттамалық айғақтарының конкурстық ұсыныста болмауы."; 2-тармақтың бірiншi бөлігіндегі "айқындайды." деген сөз "айқындайды, ал кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткiзілген кезде комиссия құрамын облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар айқындайды." деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы "Бір" деген сөз "Бір өтінім немесе" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақта: "келісім-шарттың жобасын" деген сөздер "келісім-шартты" деген сөзбен ауыстырылсын; "бір жылдан артық мерзiмде" деген сөздер "конкурс жеңiмпазы деп тану туралы шешiм шығарылған күннен бастап он екi ай iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-3-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен" деген сөздер "жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлетті органмен" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын: "2-4. Тараптар келісім-шартты жасасқан кезде жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт бойынша жұмыстарды орындауға тартылатын қазақстандық персоналға төлейтiн, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыруының ресми ставкасын негiзге ала отырып жыл сайын индекстелетiн жалақының деңгейiн келiседi.";
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |