|
|
|
«Ақтау - Құрық және Құрық - Жетiбай автомобиль жолдарын республикалық
"Құрық портпунктiнiң" дамуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне: ұзақтығы 59 километр Ақтау - Құрық және ұзақтығы 64 километр Құрық - Жетiбай автомобиль жолдары қосылсын. 2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен және Маңғыстау облысының әкімімен бiрлесiп, жоғарыда көрсетiлген автомобиль жолдарын қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын. 3. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 1809 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 54, 596-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзілсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiнде: "A-34 Жетiбай - Жаңаөзен - Фетисово - Түркменстан Респ.шек. (Түркменбашы қаласына) 237" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "A-35 Ақтау - Құрық 59 А-36 Құрық - Жетібай 64"; "Жиыны" деген жолдағы "22995,9" деген сандар "23118,9" деген сандармен ауыстырылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |